Органикалық тыңайтқыштар


Slide 1

Органикалық

тыңайтқыштар

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Notes: Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Органикалық тыңайтқыштар түрлері

2) Органикалық тыңайтқыштарды өндіру

3) Қолдану жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Тыңайтқыш дегеніміз - өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты - топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау.

Slide 4

Notes: Тыңайтқыштар

Slide 5

Органикалық тыңайтқыштар

Жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар, басқаша атпен комплексті және күрделі тыңайтқыштар қатарына жатады. Құрамында біршама мөлшерде негізгі қоректік заттар азот, фосфор, калий, мен микроэлементтер бор, мыс, йод, марганец, молибден, кобальт, темір, т. б. болады.

Slide 6

Топырақ құнарлылығына біршама жақсы әсер етеді.

Топырақтың, су, ауа, микробиологиялық режимдері жақсарады.

Қоректік заттар көбейеді.

Топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады.

Қышқыл топырақтың қышқылдығын азайтады.

Көмірқышқыл газын көбейтеді.

Егілген дақылдың өнімін көбейтеді

Slide 7

Түрлері

Органикалық тыңайтқыштардың елімізде ең көп тараған түрлері көң, көң садырасы, құс саңғырығы, шымтезек, қалдық заттар, көк жасыл шөптер, т. б.

Slide 8

Көң

Көң - маңызды органикалық тыңайтқыш, ол жануарлар қиының қатты және сұйық қалдықтарынан тұрады. Оның құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтердің барлығы бар. Көңді топыраққа сіңіргеннен кейін, ол микроағзалардың әсерінен минералданады. Көңнің құрамындағы көміртегінің үлкен бөлігі топырақта ыдырауының нәтижесінде көмір қышқыл газы күйіне дейін қышқылданады. Ал егер оның сіңіруге дейін ыдырау дәрежесі төмен болса, көмірқышқыл газы топырақта көп болады. Қоректік заттардың негізгі үш элементтерінің (NРК) ішінде көңде калий көп болады. Мұнда оның мөлшері 0, 6 пайызға дейін жетеді.

Slide 9

Көң садырасы

Құрамында 0, 2% азот, 0, 6% калий бар. Бұл көң дайындаудан бөлінетін сұйық қалдық болып табылады. Неғұрлым көң бос сақталса, соғұрлым көң садырасы көп бөлінеді және керісінше. Көң садырасындағы азот пен калий өсімдіктерге өте сіңімді болады.

Slide 10

Құс саңғырығы

Құс саңғырығы қоректік әлементтер құрамы жағынан көңнен асып түседі және тез әсер ететін, концентрациясы жоғары тыңайтқыш болып табылады. Құс саңғырығындағы барлық қоректік заттар өсімдіктер үшін тез сіңетін түрінде болады. Ондағы қоректік заттардың сапасы мал азығының сапасы мен мөлшеріне, құстың түріне, олардың тұратын жеріне төсейтін материалға байланысты. Көптеген құс фабрикаларында төсейтін материал ретінде ағаш ұнтағын пайдаланады. Құс саңғырығы үлкен үйінділерде тез қызады да, аммиак күшті бөлініп, үшып кетеді.

Құс саңғырығыңан азоттың көп бөлігі оны суыққа қатырғанда және жібіткенде (еріткенде) жоғалады. Сондықтан азотты және басқа да қоректік элементтерді жоғалтуды бәсеңдету үшін оған ағаш ұнтағын, сабан немесе қорда қосады.

Slide 11

Шымтезек

Суы мол, батпақты жерлерде өскен өсімдіктердің өліп, олардың қалдықтарының әбден шірімеуінен пайда болады. Көбінесе мал астына төсеніш ретінде пайдалануға қолданылады. Оны тікелей тыңайтқыш ретінде пайдалану тиімсіз.

Slide 12

Шымтезек (торф)

Төмен Орта Жоғары

Таулы аймақтардың мүк, қына өсетін жерлерінде түзіледі.

Суы жақын жатқан рельефтің ойпат жерлерінде қамыс, қайың, қарағай сияқты ағаштар өсетін жерлерде түзіледі.

Жоғарғы және төменгі торф ортасында орналасқан.

Notes: Жоғарғы және төменгі торф ортасында орналасқан.

Slide 13

Ас қалдығы

Құрамында әр түрлі заттар болғандықтан оның ыдырауы да түрліше өтеді. Мысалы: қағаз, жаңқа, жаман шүберектер бар қалдық өте баяу ыдырайды. Қала қалдығының құрамында қоректік заттар аз болатындықтан оларды көбінесе минералды тыңайтқыштармен қосып пайдаланады.

Slide 14

Қорытынды

Органикалық тыңайтқыштар минералды тыңайтқыштарды үнемді және тиімді падалануға көмектеседі, өйткені олардың құрамында біршама мөлшерде негізгі қоректік заттар азот, фосфор, калий мен қатар микроэлементтер бор, мыс, йод, марганец, молибден, кобальт, темір, т. б. болады. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі.

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер.

Справочник по удобрениям 1864 г.

Құспанов А. К. “Топырақ. Өсімдік. Тыңайтқыш. ”


Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыш тар
Органикалық тыңайтқыштар туралы
Органикалық ауыл шаруашылығ ының әдістері
Органикалық тыңайтқыш
Тыңайтқыштардың жіктелуі
Агроэкожуйеде тыңайтқыштарды қолдану
АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ
Тыңайтқыштардың химиялық құрамы
Тыңайтқыштар - құрамында қоректік элементтер болатын заттар
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz