Тас көмірді флотациялық әдіспен байыту: әдістері, реагенттері және өндірістік нәтижелері


Slide 1

Тас көмірді флотациялық әдіспен байыту

Орындағандар: Колхозов С. С

Мадикасимова М. С

Маратова А. М

Хамитова С. Э

Қабылдаған: аға-оқытушы Қалабаева М. Қ.

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Байыту процесі

2. Кен байыту әдістері

3. Флотация әдісі

4. Флотация түрлері

5. Флотация жүргізудің географиялық орны

6. Қалдықты өңдеу технологиялары

7. Тәжірибе нәтижелері

ІІІ. Қорытынды.

Slide 3

Кіріспе

Көмір жер қойнауында органикалық заттардың өзгеруінен пайда болған. Ол табиғи аз су жұқтырғыш зат. Көмір гравитациялық және флотациялық әдістермен байытылады. Ірілігі 300 м-ге дейін ұсатылған көмір көбіне 3классқа бөлінеді. -300+10, -10+0, 5 және -0, 5+0. Ең ірі класс ауыр орталарда байытылады. Ортаңғы класс флотация әдісімен байытылады.

Slide 4

Байыту процесінің жіктелуі

4

Slide 5 Slide 6

Флотация әдісі

Флотация- ұсақ бөлшектерден тұратын қатты фазаның компоненттерін бір-бірінен бөліп немесе сұйық фазадағы қатты бөлшектерді бөліп алу әдісі. Флотация әдісі минерал түйіршік беттерінің сулануының әртүрлілігіне негізделген. Егер беті нашар суланатын минерал түйіршігі су ішінде ауа көпіршігімен соқтығысса ол оған жабысады да, су бетіне қалқып шығады, ал жақсы суланатын түйіршіктер ауа көпіршігіне жабыспайдыдағы су ішінде қалып қояды.

Slide 7

Флотациялық процестің сызбасы

Slide 8

Флотацияның классификациясы

Егер флотациялауда кеннен бірнеше минералдар бірінен соң бірі жеке бір металды концентрат түрінде алынса, онда процесс селективті флотация деп аталады.

Егер кеннен екі не одан да көп минералдар бірге флотацияланса онда концентрат көп металды болады да, процесс коллективті флотация деп аталады.

Коллективті концентрат әрдайым бір металды концентраттарға бөлінеді. Мұндай жағдайда процесс коллективті-селективті флотация деп аталады.

Slide 9

Флотация әдісі дамуында оның бірнеше түрі ашылды. Ең алдымен, майлы флотация белгілі болды. Ұнтақталған кенге әртүрлі мөлшерде минералды майлар қосылып араластырылды. Беті аз суланатын минералдар түйіршіктері май түйіршіктерінің бетіне жабысып, су бетіне қалқып шығады. Осыдан соң минерал түйіршіктері май қабатымен бірге сыпырылынып алынады да майдан бөлінеді.

Егер құрғақ, ұсақ ұнтақталған кенді өте біркелкі су бетіне сепсе, су жұқтырмайтын минерал түйіршіктері қалқиды да, ал суланғыш минералдар түйіршіктері бірден батып кетеді. Бұл процесс қабыршықты флотация деп аталады.

Пульпа ішінен суланбайтын минерал түйіршіктерінен майланған жазық бетке қабырғаға жабыстырып бөліп алуға болады. Өндірісте бұл әдіс кеннен алмаз түйіршіктерін бөліп алуға қолданады. Процесс қатты қабырғамен флотациялау деп аталады.

Slide 10

Көбікті флотация

Су ішіне ауа көпіршіктері енгізілсе беті суланбайтын минерал түйіршіктері оның бетіне жабысады, ал суланған түйіршіктер көпіршікке жабыспай су ішінде қалып қояды. Суланбаған түйіршіктер ауа көпіршігіне жабысқан түрде бірге қалқып су бетіне шығады. Демек, флотация процесінде минералдардың бөлінуі олардың су ішінде ауа көпіршіктерінің таңдамалы жабысуына негізделген. Көбікке суланбайтын минерал жиналады да, су ішінде суланатын минерал қалады. Бұл әдіс көбікті флотация деп аталады. Көбікті флотация үш түрлі фазалардың-қатты зат, су және ауа қатысуымен жүреді.

Slide 11

Флотациялық реагенттер

Минералдардың табиғи сулану қасиеттерінің арасындағы айырмашылықты арттыру үшін, демек флотациялануға тиісті минералдың сулануын төмендету үшін, ал флотацияланбайтын минералдардың сулануын жоғарылату үшін арнайы химиялық заттар қолданылады, оларды флотациялық реагент деп атайды.

Флотациялық реагенттер ретінде көптеген химиялық класс топтарына жататын заттар қолданады: органикалық және анорганикалық, тұздар, қышқылдар, сілтілер және тағы басқа. Олардың атқаратын қызметтері: минерал беттерінің сулануын арттыру және төмендету, ауа көпіршіктерінің тұрақтылығын сақтау. Сулы ортада сутек не гидроксил иондарының концентрациясын реттеу.

Slide 12

Флотациялық реагент түрлері

К ө б і к т е н д і р г і ш т е р органикалық заттар. Олар сумен ауа

көпіршіктерінің шек арасына адсорбцияланып көпіршіктердің бірігіп

іріленуіне. кедергі жасап ұсақ түрде қалуларына мүмкіншілік тудырады;

Б а с қ ы ш т а р минерал бетіне адсорбцияланып сулануын күшейту

нəтижесінде флотациялануын төмеңдетеді. Олардың негізі

анорганикалық түздар жəне кейбір қышқылдармен сілтілер;

А к т и в т е н д і р г і ш т е р минерал беттерімен химиялық əрекеттесіп

бет қасиетін өзгерту нəтижесінде ол бетке жыйнағыш. реагенттердің

адсорбциялануын күшейтеді;

О р т а н ы р е т т е гі ш т е р басқа қолданылатын реагенттердің

ионды-молекулалы құрамдарын реттеп олардың минерал беттерімен

əрекеттесуін арттыру.

Ж и н а ғ ы ш т а р минерал бетімен әрекеттесп оныңң сулануын азайтып, ауа көпіршігіне жабысуын тездетеді

Slide 13

Флотациялық машиналар

Механикалық

Пневматикалық

Пневмомеханикалық

Вакуумды

Компрессорлы

Элетрофлотациялық

Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның бейметалл кендері: фосфор мен борды флотациялық байыту, өндірісі және экологиялық әсері
Отынды химиялық өңдеу: тас көмірді кокстеу және мұнайды өңдеудің негізгі әдістері
Гравитациялық байыту әдістері мен аппаратурасы
Шикізаттан дайын өнімге дейінгі фосфор құрамдас заттарды физика-химиялық әдістермен зерттеу және Қаратау фосфориттерін азотқышқылдық әдіспен байыту
Газ, мұнай және тас көмірді өңдеу: химия пәні сабағының жоспары мен экологиялық-экономикалық аспектілері
Шикізатты дайындау және байыту: дәрілік өсімдіктер мен жануарлар шикізаты, негізгі байыту әдістері
Көмірді гидрогендеу: каталитикалық процесс, реакция шарттары және өндірістік технология
Алтын және оны алу әдістері: табиғаттағы таралуы, кенді өңдеу, байыту және афинаж
Гравитациялық байыту әдістері және отсадкалау процесінің физикалық негіздері
Қазақстандағы көмірді өндіру және өңдеудің экологиялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz