БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘНІ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
 
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ 
ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
МЕН  МӘНІ 
(КУРСТЫҚ ЖҰМЫС)
 
Зерттеудің өзектiлiгi: 
Қазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау оқу
бағдарламасының негізі бөлігі болып қалыптасып келеді.
Бұл бір жағынан оқушыларды биология пәніне қызықтырып
ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті
бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп
оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әртүрлі оқушылардың
шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі
жұмыстар.
Ал, олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға
қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың
арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы
негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде
биологиялық эрудициялы тұлға қалыптасады.
Зертетеудің  мақсаты:  Мектеп
бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология
пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау.
Зерттеудің міндеттері:
•Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде
биология пәні бойынша терең білім беру;
•Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз
бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
•Биология бойынша курсты тереңдету;
Жалпы ережелер
1.Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектепішілік
олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері(бұдан әрі –
Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін
пәндер бойынша мектепішілік кезеңін, оны ұйымдастыру және
өткiзу тәртiбiн анықтайды.
2.Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық
білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету мектептегі білім беруді ң
беделiн көтеру.
3.Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша
Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша
республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын,
орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік
конкурстарын ұйымдастыру
4.Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты ғылыми-әдістемелік
орталық:
5.Олимпиаданың мектепішілік кезеңінің пәндер бойынша
қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді.
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер
бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстану-
математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар
оқушылары қатысады.
Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім
беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік
бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік
орталық бекітеді.
Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының
бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере
алады.
Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды
шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы
керек.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім
беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының
республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы
бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең – мектептік;
2) екінші кезең – аудандық (қалалық);
3) үшінші кезең – облыстық (Астана және Алматы
қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі
облыстық олимпиадаға теңеледі);
4) төртінші кезең–республикалық.
Республикалық олимпиада жүлдегерлері қазылар
алқасының шешімі бойынша I, II, III дәрежелі грамоталармен
және тағыда басқа сыйлықтармен марапатталады.
Олимпиадада орын алған оқушылардың ұстаздары,
ғылыми-жетекшілері, сонымен қатар, республикалық
олимпиаданы өткізуде белсенділік көрсеткен жалпы білім беру
мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы беріледі.
Олимпиаданың  негізгі  міндеттері:
-оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен
ғылыми-зерттеушілік әрекеттерге қызығушылығын
айқындау мен дамыту;
-оқушылардың негізгі ғылым саласына деген
шығармашылық қызығушылықтарын дамыту;
-ұлттық білім дәрежесін көтеру;
-жастар арасында ғылыми білімді насихаттау.
Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып,
биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау
мақсатында құрастырылатын арнайы курс бағдарламасының
негізгі міндеттері:
1.  Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология
пәні бойынша терең білім беру;
2. Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен
жұмыс істеуге жағдай жасау;
3. Биология курсы бойынша білімдерін тереңдету болып
табылады.
  Күтілетін нәтиже, ізденімпаз, білімге құштар, терең
және тиянақты білім алған оқушы дайындау.
Биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың
күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлаймыз:
І.Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс,
оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін
алғашқы сауалнаманы алу.
ІІ. Теориялық дайындық: 
Тапсырмамен танысу. Рәсімдеу ережесі. Әдебиет көздеріне шолу.
Клетканың химиялық құрамы.
Тірі организмдердің алуантүрлілігі. Систематика. Патшалықтар
белгілері.
Өсімдіктер, Саңырауқұлақтар, Бактериалар патшалықтарының
жалпы ерекшеліктері.
Жануарлар патшалығының жалпы ерекшеліктері.
Адам мүшелері жүйесінің ерекшеліктері.
Жалпы биологияның теориялық негіздері
Былтырғы жылғы олимпиадалық тапсырмаларға шолу жасау.
Кеңес беру.
Қосымша әдебиеттермен жұмыс. Жазбаша конспектілер
құрастыру.
Интернет желісі арқылы оқушылардың ғылыми-ізденушілік
жұмыстарын ұйымдастыру.
ІІІ. Практикалық дайындық– іскерліктерін қалыптастыру
1.Арнайы құралдармен жұмыс жасау, жануарлар мен
өсімдіктердің түрлерін анықтау мен тану, микропрепараттар
дайындау, билогиялық коллекциялар дайындау және т.б.
біліктіліктерін қалыптастыру бойынша практикалық
сабақтары.
2. Цитология бойынша тапсырмаларды орындау.
3. Генетикалық есептерді орындау.
4.Бұрынғы жылғы олимпиадалардың практикалық
тапсырмаларын талдау.
5. Түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау
жолдарын талдау.
IV. Өзіндік дайындық
1.Бұрынғы жылғы түрлі күрделілік деңгейдегі
олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
2.Бұрынғы жылғы олимпиалардың түрлі күрделілік
деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындау
3.Логикалық тапсырмаларды орындау
4.Біршама қиынырақ тапсырмалар бойынша кеңес алу.
ҚОРЫТЫНДЫ 

Зерттеушілер өздерінің еңбектерінде оқушыларды пәнге
қатысты дайындықтарын арттырудың біршама маңызды
құралдарының бірі ретінде пәндік олимпиадаларды атап көрсетті.
Оқушылардың пәндік олимпиадалары қазіргі мектеп жағдайында
олардың оқу мотивациясын қалыптастыруға, оқушылардың
танымдық белсенділіктерін көтеретін, шығармашылықтарын
дамытуға, пән бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етуші құрал.
Ең бірінші олимпиадалар біршама қиынырақ тапсырмаларды шешу
қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы
шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, біра қ ол
сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс.
Биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін
оқушы қолданбалы түрде көрсетуге, оның себеп–салдарын
түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау
дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек

Ұқсас жұмыстар
Олимпиаданы өткізу
Сұрақтар түрі
Эксперименттік биология сабақтарының әдістемесі
Дағдыларды дамыту
Конкурстық есептер
Спорттық жарыстар жүйесі
Шығармашылық Пән мұғалімі
Шығармашылық жұмыс
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН
Құрастыру Қорытынды аттестаттау тапсырмаларына қойылатын талаптар
Пәндер