Қазақстанның Ақ жол демократиялық партиясының ұйымдық дамуы, идеологиясы және парламенттік белсенділігі


Slide 1 Slide 2

«Ақ жол» ҚДП

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП) - Қазақстандағы саяси партия, өзін «сындарлы оппозиция» және ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары деген ұстанымын айқындаған.

Slide 3

Партияның негiзгi мақсаты мен мiндетi

Партияның негiзгi мақсаты - тәуелсiз, гүлденген, демократиялық және азат Қазақстан, әрбiр азаматтың лайықты өмiр сүруi.

Партияның негiзгi мiндетi - орын алып отырған әлеуметтiк, саяси және экономикалық мәселелерді, қарапайым қазақстандықтардың өмірін қарышты қадамдармен жақсартуды сындарлы жолмен шешуге нақты iс-қимыл арқылы ықпал ету.

Slide 4

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы

2011 жылы 2 маусымда партияның Астанада өткен съезінде «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы бірауыздан сайланды

Slide 5

. Перуашев Азат Тұрлыбекұлының келуімен партия өз қызметінің ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық, зияткерлік негізіне түбегейлі өзгерістерді іске асырды және өзінің дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты. «Ақ жол» партиясына бизнес өкілдері белсенді кіре бастады.

Slide 6

Әділет органдарында 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды.

Партия 2004 жылғы Мәжіліске сайлауда ресми деректер бойынша 12, 04 % дауыс жинады және 2 депутаттық мандат алды.

2005 жылдың басында «Ақ жол» ҚДП-да Демократиялық күштерді үйлестіру кеңесінде (ДКҮК) партияның қатысуына әртүрлі қөзқарастарға байланысты тең төрағалардың - бір жағынан Әлихан Бәйменов пен Людмила Жуланова - екінші жағынан Болат Әбілов, Ораз Жандосов және Алтынбек Сәрсенбаевтың арасында дау пайда болды. Жармахан Тұяқбай басқаратын ДКҮК-ті «Ақ жолдың» тек үш тең төрағасы - Сәрсенбаев, Әбілов және Жандосов қолдады.

Slide 7

2005 жылы 15 наурызда партияның жікке бөлінгені туралы ресми жарияланды. Съезд «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын жоюға қаулы етті, ал партияның бірыңғай төрағасы болып Әлихан Бәйменов сайланған болатын. Жікке бөліну жаңа нағыз «Ақ жол» партиясын құруға әкелді - оған ең оппозицияшыл көшбасшылар: Болат Әбілов, Ораз Жандосов, Алтынбек Сәрсенбаев, Төлеген Жөкеев кетті.

Slide 8

Партия 2007 жылғы Мәжіліске сайлауда 3, 09 % дауыс жинады және парламентке өтпей қалды.

2011 жылы 27 қарашадағы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс съезі 2012 жылғы мәжіліс сайлауына партияның 79 адамнан тұратын партиялық тізімін бекітті.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлаушылардың 7, 47 % дауысын жинады және 8 депутаттық мандатқа ие болды.

Slide 9

2012 жылдың 18 қаңтарында партия мәжілістің V шақырылымының депутаттарын анықтады, олар Перуашев Азат, Жазылбеков Нурлан, Никитинская Екатерина, Әбілдаев Азамат, Меруерт Қазбекова, Тұртаев Алмас, Рысқали Аманжан, Сарсенов Сагиятулла болды.

Slide 10

Партия шексiз мерзiм бойы жұмыс жасау үшiн құрылған.

Партия өз қызметiн мына қағидалар негiзiнде жүзеге асырады:

- ерiктiлiк;

- оның мүшелерiнiң тең құқықтылығы;

- есеп беру;

- жариялылық пен заңдылық;

- өзiн-өзi басқару;

- бiрлiк;

- қабылданатын шешімдердің алқалылық келісімділігі;

партиялық тәртіп және Партияның жоғары басқару органдарының шешiмдерiн

орындау мiндеттiлiгi;

Партия органдарының сайланбалылығы, олардың Партия мүшелерi мен Партияның

жоғары органдары алдында есеп берiп отыруы;

- бiртұтас идеологиялық, ұйымдастырушылық және қаржылық саясат.

Slide 11

Әскери қызметтегілерді, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және соттарды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы партия мүшесi бола алады.

Партияға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.

Партияға мүше болу ерiктiлiк, жекелiк және тіркелген негiзде жүргiзiледi.

Slide 12

"Ак жол" ҚДП фракциясы ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымында тіркелді - Парламент Мәжілісі Бюросында осыған тиісті шешім қабылданды. "Ақ жол" ҚДП фракциясының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының келесі депутаттары енді:

Әбсәтіров Кеңес Гарапұлы

(Әлеуметтік-мәдени

даму комитеті)

Барлыбаев Ерлан Хайланүлы

(Аграрлық мәселелер комитеті)

Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы

(Заңнама және сот-құқықтық

реформа комитеті)

Slide 13

Еспаева Дания Мадиқызы

(Қаржы және бюджет комитеті)

Қазбекова Меруерт Айтқажықызы (Экономикалық реформа

және өңiрлiк даму комитетi)

Никитинская Екатерина Сергеевна

(Қаржы және бюджет комитеті)

Slide 14

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - Фракция жетекшісі

(Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетi)

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ақ жол демократиялық партиясының тарихы, құрылымы және сайлау нәтижелері
Алаш партиясының құрылуы мен ұйымдасуы (1917): бағдарламалық және ұйымдық аспектілері
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері, басқару формалары және Қазақстанның демократиялық негіздері
Нұрбанк АҚ: ұйымдық құрылым, басшылық және 2014-2016 жылдарға арналған стратегия
XX ғасыр басындағы азаттық қозғалысының идеологиясы және ұлттық зиялылардың қызметі
Алаш Орда (1917-1920): Алаш партиясының құрылуы, бағдарламасы және жетекші қайраткерлері
Нұрлы Жол: 2015 жылғы Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты мен инфрақұрылымды дамыту
Еуропалық ортағасырлық мәдениет: құрылымы, идеологиясы және көркемдік формалары
Мемлекеттің пайда болу теориялары мен мемлекеттік басқару формалары: парламенттік басқарудың ерекшеліктері
Орыс демократиялық мәдениеті және Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz