Несеп жүйесін зерттеу
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті
«Жұқпалы емес аурулар және морфология»
кафедрасы
«Клиникалық және қолданбалы балау» пәнінен
Презентация
Тақырыбы: Несеп жүйесін зерттеу
Орындаған: ВС-33 2-жарты топ
Тексерген: а.о Ищанова А.С
Орал, 2014
Несеп жолдары (мочевые
пути); (viae urinariae, лат.via —
жол, urina — зәр, несеп) —
бүйректе түзілген зәрді уақытша
жинап сыртқа шығаратын
мүшелер жүйесі. Несеп
жолдарына бүйректегі бүйрек
тостағаншалары, бүйрек
сабақшалары, бүйрек түбегі,
несепағар, қуық, несепшығар
өзегі, несепжыныс өзегі (еркек
дарақтарда), несепжыныс
кіреберісі (ұрғашы дарақтарда)
жатады. Несеп жолдары
құрылысы жағынан түтікше
мүшелер. Олардың қабырғасы:
ішкі — кілегейлі, ортаңғы —
етті, сыртқы — сірлі немесе
адвентиция қабықтарынан
құралған. Кілегейлі қабықты
ішкі жағынан көпқабатты
ауыспалы эпителий астарлайды.
Несеп шығаруды зерттеу. Зерттеу кезінде малдың несеп шығарғандағы
кейпіне, бөлінуіне, уақытына көңіл бөлу керек. Сау өгіз, қошқар,
текелерде несеп жіңішке түтіктен аққан тәрізді болып бөлінеді. Айғырлар
артқы аяқтарын талтайтып отырыңқырайды. Олардың несеп а ғыны к үшті,
соңында құрсақ еттерінің жиырылуына байланысты бөлініп ағады.
Торайлар несепті бөліп-бөліп шығарады. Ірі қара мал т әулігіне 10-12 рет,
қой-ешкі, иттер 3-4, шошқа 5-6, жылқы 5-8 рет несеп б өледі.
Поллакизурия (поллакурия) – несептің шектен тыс көп бөлінуі, төменгі
несеп жолдарының қабыну ауруларында, асқынған циститте байқалады.
Олигакизурия – бөліну аралығының ұзаққа созылып, несеп бөлудің
сиреуі. Көп терлегенде, іші өткенде, жұтыну бұзылғанда, су жетпегенде
байқалады. Ишурия – несептің қуықта бөлінбей шықпай қалуы,
сфинктердің қысылуынан, қуықтың салдануынан, уретраның бітелуінен
пайда болады. Энурезис – несептің тоқтамауы, жұлынның сакральды
бөлігі зақымдалуы салдарынан пайда болады. Странгурия – несепті ң
ауырсынып шығуы, тамшылап бөлінумен сипатталады. Бұл қуық
ауруларында (цистит, ісіктер), несеп шығару каналдары қабынғанда
кездеседі. Несеп шығарарда ауырсынудың өзгеруі – тенезм тынжытас
(мочекаменный) қуықта тас жиналу кезінде байқалады.
Бүйректі зерттеу
Бүйректі зерттеу қарау, сипалау, перкуссия
жасау тәсілдерімен жүргізіледі. Бүйректің
зақымдануын мал қимылының
бәсеңдігінен, амалсыз тұрыстан, мең-
зеңдік, дірілдеуден байқайды. Ауыр нефроз,
гломерулонефритте, амилойдозада тері
астында жақ аралық кеңістікте, қолтықта,
іштің төменгі жағында, желінде, жыныс
мүшелерінде сулы ісіктер білінеді.
Сипағанда бүйректің орналасуын, пішінін,
көлемін, консистенсиясын анықтауға
болады. Саусақтардың топтасқан ұшымен
құрсақ қабырғасының оң аш бүйірінде 1,
2, 3 омыртқаның көлденең өсінді астын
қатты басу арқылы сипап сезеді. Іштен
сипалау әдісімен зерттерде қолға
вазелинмен майланған полиэтилен қолғап
киіп, тік ішекке енгізіп қарайды. 3-5
беломыртқа астынан бүйректі табады.
Тік ішек арқылы тексеру
Жылқы бүйрегін тік ішек арқылы тексеру алдыңғы аяғын көтеріп не
құлағына, ерніне бұғау салу арқылы жүргізіледі. Жылқының сол жақ
бүйрегі соңғы қабырға сен 3-4 беломыртқаның көлдене өсінді аралы ғында
орналасқан. Шошқа бүйрегі 1-4 беломыртқаның көлденең өсігі астында
орналасқан. Қой-ешкі бүйрегін малды түрегелтіп, екі қолмен сипалайды.
Дені сау малдың бүйрегі беті жылтыр, тығыз, ауырмайды, аз қозғалады.
Бүйректің жоғарғы қабатының өзгеруі ісіктерге, қабынуға байланысты.
Қозғалысының шектелуі ұлпалардың бірігуіне байланысты. Сипау кезінде
ауырсыну пиелонефритте, паранефоитте, қуықта тас байлану ауруларында
кездеседі. Үлкейген бүйрек орнында сыбдырлы дыбысты байқау ға
болады.теңселту тәсілінде сол қолдың алақанын бүйрек оналасқан бел
тұсына қояды, оң қолдың жұдырығымен алақан үстінен жайлап ұрады. Сау
малда ауырсыну байқалмайды. Паранефритте, бүйрек қабынғанда, тас
байлау ауруларында ауырсынулар байқалады.
Диагностикалық мақсатпен биопсия жасау сирек қолданады. Бүйректің
түйіршіктей тканін арнайы жасалған құрал көмегңмен (ине және соратын
шприц) немесе троакармен алады. Құрсақ қабырғасын тесу үшін малды
байлап, бүйрек орналасқан жерден теседі. Алынған бүйрек түйіршігінде
морфологиялық өзгерістер бар-жоғын анықтау үшән гистологиялық тексеру
жүргізеді, микрофлораларды анықтау үшін бактериологиялық анализ де
жасалады.
Мал бүйрегін функциональді тексеру көбіне б өлінген несеп м өлшерін
анықтайтын тәсілдерге негізделеді. Зимницкий бай қау сына ғы бойынша малды
тәулік бойына күнделікті азық мөлшерін беріп, суды шектемейді. Таби ғи
бқлінген несепті арнайы қабылда ғышқа жинап м өлшерін, ты ғызды ғын, хлорид
құрмһамын анықтайды. Алған көрсеткіштердің шекарасы үлкейген сайын
бүйректің жұмыс істеу қабілеті де жақсы екендігін білдіреді, һ. Сау ірі қара
малда ішкен суына қаарғанды жалпы диурез 23,1%, хлорид құрамы 0,475%
болады. Бүйректің салыстырмалы жетіспеушілігінде несепті ң салыстырмалы
тығызыдығы төмендегені байқалады, гипостенурия, полиуриямен с әйкстенеді.
Концентрациялық юайқау сынағы бойынша малды 24 са ғат бойы сусыз
ұстайды. Табиғи несеп шығарғын кезде неспті жинап, салыстырмалы
тығыздығын анықтайды. Сау ірі қара малда бай қау бастал ған к үні несеп
шығару 1-4 есе азайғандығы байқалады, диурез 1-4 литрге дейін азаяды, 8-19
мм бөлігінде салыстырмалы тығыздығы жоғарылайды. Каналдарды ң ж ұмысы
бұзылғанда көрсеткіштер ауытқиды.
Несеп түтіктерін зерттеу
Жылқы мен ірі қара малдың несеп түтігі тік ішек ар қылы сипалау кезінде
байқалмайды. Тек түтік қабырғасы бірден шуылдағанда байқалады. Несеп
түтіктері бұл кезде жуан, қатты жіп тәрізді болып келеді, бүйректен
басталып, қуық аузында бітеді. Несеп түтіктерінің жуандау себебі, ас қын ған
қабыну құрылыстары болып келеді, пиелонфрит, цистит, несеп мүшелерінің
туберкулезі кезінде несеп шығаратын жолдарға тараған.
Қуықты зерттеу
Қуықты жалпы әдістер – қарау, перкуссиялау және арнайы әдістермен
катетеризация, цистоскопия, рентгеноскопиямен зерттейді. Қуы қты сипалау
тәсілін оның орнын, көлемін, консистенсиясын, жиырылу қабілетін, ісік,
тастардың бар-жоғын анықтау үшін қолданады. Сиыр мен жылұының
қуығын тік ішек арқылы сипайды. Зерттеуші алақанын төмен қаратып, тік
ішектен жамбас сүйекке дейін енгізіп, бірге топталған сауса қ ұшымен
қуықты сипалайды. Кішк мал қуығын зерттеу үшін бимануальді сипалау
қолданылады. Сол қолдың алақанымен құрсақ қабырғасы асты арқылы
қуықты жамбас қуысына қарай ығыстырады, ал оң қол саусағымен тік ішек
арқылы тексеру жүргізіледі.
Қуыққа катетер енгізу
Катетерді қуыққа уретра арқылы енгізудің себебі, оның толу мөлшерін
анықтау немесе тексеруге несеп алу және емдеу үшін қажет. Мал ға
катетризация жүргізу үшін темірден, резеңкеден, малға арналған желімнен
жасалған катетерлер қолданылады. Катетеризация жасауда асептика ж әне
антисептика ережелерін сақтау керек. Сиыр қуығына катетеризация
жүргізгенде катетерді уретра тесігіне енгізеді, ол қынаптың дивертикула
қыртысында, вентральді қабырға бетінде қынаптың бас жағынан 10-12 см
аралықта орналасқан. Сиыр қуығына катетеризация жасаудың бірінші
әдісінде алдымен уретраны сипалау арқылы табады. Сол қолды 10-12 см
тереңдікке дейін қынапқа енгізеді, дивертикуляны тауып, оны сұқ
саусақиен жауып тұрады. Оң қолмен катетерді енгізеді, дивертикуляның
қыртысына жетіп, несеп каналына енгізу керек. Екінші әдісінде уретраны
табу үшін қынапқа арнайы жасалған қынап айнасын немесе вагиноскоп
енгізеді. Дивертикула табылған соң, оның қыртысын катетердің ұшымен
көтеріп, жайлап ашылған уретра тесігіне енгізеді.
Қуыққа цистоскопия жасау
Цистоскопия – арнайы құрал цистоскоп к өмегімен қуы қты к өру.
Цистоскопты стерилизация жасау үшін оны т әулік бойы 40%
формальдегид ерітіндісіне малынған мақта тампоны салын ған
стерилизаттардың ішінде ұстау керек. Ұр ғашы мал ға цистоскопияя жасау
кезінде тұрған күйі немесе жат қызып байлайды. Цистоскопты енгізер
алдында қынапқа айнаны бекітіп қояды. Уретра адыны ң айналасында ғы
кілегейлі қабықты ауырсыну сезімін жо ғалту үшін 5% анестезия
ерітіндісіне малынған тампонмен ыл ғалдайды. 3-5 минут өткен со ң
қуыққа цистоскопты енгізеді, бұл езде темірден жасал ған катетерді
енгізген кездегідей сақты қ керек, кілегейлі қабы қ за қымдалуы м үмкін.
Несеп лайлы болса, көріністі жа қсарту үшін қуы қты 3% бор қыш қылы
ерітіндісімен жуу керек. Цистокопия к өмегімен қуы қта ғы тастарды,
ісіктерді, жараларды табуға, несеп т үтігінен а ққан ірі ңді аны қтау ға
болады. Рентгенография, рентгеноскопия т әсілдері қой, ешкі, шош қа,
мысық сияқты ұсақ малдарға қолданады.
Несептің физикалық қасиеттерін
зерттеу
Клиникалық анализ жасау үшін та ңертең
малға азық бермес бұрын аш қарыннан үлкен
таза ыдысқа 200 мл бір-ақ рет алады. Алын ған
несепті 1,5 сағат ішінде тексерген дұрыс. 1-2
күн сақтау үшін +4С температурада
тоңазытқышта сақтау керек. Ұзақ сақтау үшін
оған консервілеуші заттар тимол
қолданылады. Бөлінген несеп мөлшерін
мензуркамен, өлшеуіш цилиндрмен өлшейді.
Несеп түсін табиғи жарықта, ақ зат тұсында
цилиндрге құйып анықтайды. Несептің
тұнықтығын тұнық ыдыста, табиғи жарықта
анықтайды. Тұрып қалған несеп лай болады.
Нсһесеп консистенциясын бір ыдыстан екінші
ыдысқы құйып анықтайды. Сау малдың
несеп консистенциясы сулы сұйық болады.
Жаңа алынған несесптің алдымен иісін
анықтайды. Неғұрлым құнарлы болса,
соғұрлым күшті иісі болады.
Несепті химиялық зерттеу
Мал несебінің рН-ын индикаторлы қағазбен, рН-метр көмегімен аны қтайды.
Несепте белоктың болуын сапалы және мөлшерлі байқау әдістері ар қылы
анықтайды. Сульфосалицильді қышқылмен сапалы байқау үшін пробирка ға
2-3 мл қышқыл реакциялы несеп құяды, оған 5-6 тамшы 20%
сульфосалицильді қышқыл ерітіндісін қосады. Егер несепте белок болса, онда
пробирканы қыздырған кезде жоғалмайтын лай пайда болады. Несептегі
альбумозды анықтауда Биуретов реакциясы қолданылады. 3 мл
қышқылданылған несепке 1 мл қаныққан хлорлы натрий ерітіндісін қосады.
Қосынды ерітіндіні қайнатады, кейін ыстық күйінде сүзеді. Сүзіндіге ½
көлемінде натрий гидроокисі концентрленген ерітіндісін қосады, бірнеше
тамшы мыс сульфатын қосады. Егер несепте альбумоз болса, онда қыз ғылт
күлгін түс пайда болады.қант мөлшерін зерттеу үшін ортотолуинді әдісті
қолданып анықтайды. Несеп құрамында глюкоза аз болады, сапалы реакция
кезінде білінбейді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz