Вирустардың жіктелуі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Эпизоотология, паразитология және

всс» кафедрасы

«Вирусология» пәнінен

Презентация

Тақырыбы: Вирустардың жіктелуі

Орындаған: ВС-33 топ ст. :

Қадыр А.

Тексерген: а. о Усенов Ж. Т

Орал, 2014

Slide 2

Вирустар қоздыратын өсімдіктер, жануарлар және адамдар ауруының көбеюіне байланысты вирусология ғылымынын маңызы өте зор. Кейбір жұқпалы ауруларды емдеу сақтану жағдайлары шешілгенмен, ішінде вирус тарататын ішек аурулары, респираторлы аурулары әлі көп. Бұл аурулар әсіресе жас мал арасвшда жиі кездеседі. Ол аурулардың қоздырушысын табуда қиын. Себебі клиникасы бірдей ауруды бірнеше вирустар қоздыруы да мүмкін. Тіпті кейбір жағдайларда, малдын жұқпалы ауруы онша білінбей өтеді немесе бір ғана вирус әрбір ауырған малды әр түрлі күйге душар етеді.

Slide 3

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға "вирус - клетка кешені" деген синоним қолданылады.

2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады.

Slide 4

Вирустардың негізгі ерекшеліктері:

1. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы) . Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді.

2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.

3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. . Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы - ядрода, цитоплазмада, белоктары - цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.

4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі - рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.

5. Вирустар - генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді.

Slide 5

Вирустардың пайда болуы жөнінде бірнеше болжам бар.

1. Қайта (кері) айналу теориясы, демек эволюцияның кері өзгеруі, өте жетілген түрден жай, қарапайым түрге көшу.

2. Басқа бір болжау - вирустардың клеткалы дүние пайда болғанға дейінгі тіршілік түрлері, содан кейін бірте-бірте торшалық, бертін келе - күрделі организмдер пайда болған.

3. Келесі болжам - вирустар клетка ішіндегі денелерден шыққан. Бұл болжамды кейде "құтырынған гендер" деп атайды.

Slide 6

Вирустардың жіктелуі

Вирустар Vira патшалығына жатады. Бұлар ақуыз синтездейтін, нуклеин қышқылының бір түрінен ғана (ДНҚ немесе РНҚ) тұратын жасушасыз микроорганизм. Вирустардың жіктелуі мен құрылымын мөлшері өте кішкентай болғандықтан электрондық микроскоп арқылы анықтайды. Вириондардың пішіндері түрліше болады: таяқша тәрізді, оқ тәрізді және т. б.

Вирустарды геномына байланысты ДНҚ-лы вирустар және РНҚ-лы вирустар деп бөледі. Вирустардың геномы нуклеин қышқылдарының түрл пішіндерін ажыратады: бір жіпшелі, екі жіпшелі, сақина тәрізді, түзу тәрізді және т. б. Вирустарды жіктеу барысында келесі категориялар ескеріледі: нуклеин қышқылы түрі, құрылымы, вириондар мөлшері, клеткада көбею орны, антигендік қасиеті.

Slide 7

Паповавирустар - құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Сыртында липопротеид қабығы жоқ, пішіні шар тәріздес. Папилломавирустар екі туыстан: папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Диаметрі 45- 55 нм икосаэдрлі капсидтің құрамында м. с. 3 000 000 - 5 000 000 болатын қос тізбекті, сақиналы ДНҚ бар. Омыртқалы жануарлардың торша ядросында көбейеді, құрамында бестен жетіге дейін құрылымдық белок болады. Папилломавирустар кейбір түрлері ісік туғызады. Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты.

Slide 8

Аденовирустар (грек. adēn - без және лат. vіrus - у) - құрамында дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) бар вирустар тұқымдастығы. Оны алғаш 1953 жылы А. У. Роу тамағы ісініп науқастанған баланың аденоиды мен бадамша безінен тапқан. Табиғи жағдайда аденовирустар сүтқоректілер мен құстар денесінде болады. Вириондар (вирустық бөлшектер) 252 белоктық қабықша (капсид) мен ДНҚ-дан тұрады.

Slide 9

Коронавирустар - құрамында РНҚ-лы бар вирустар тұқымдастығы. 4 антигендік топтан тұрады. Адам, құстар мен үй малдарында ауру туғызады. Тыныс және асқазан жолдары торшаларының цитоплазмасында өсіп-өнеді. Вириондарының көлденеңі 80-120 нм, бір тізбекті, инфекциялы РНҚ-лы, шиыршықты нуклеокапсид липопротеид қабықпен оралған. Тауықтың жұқпалы бронхиты, шошқа гастроэнтериті, тышқанның гепатит вирустары көбірек зерттелген.

Slide 10

Парамиксовирустар - құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Диаметрі 100- 300 нм. РНҚ-ы сыңар тізбекті„ сызықты, м. с. 7 000 000, өз бетімен ауру туғыза алмайды, нуклеокапсид құрамына кіреді. Вириондар цитоплазма мембранасында бүршіктеніп жетіледі. Сыртында екі антигені (Ғ-белок, НІМ) бар липопротеид қабатымен жабылған. Парамиксовирустар тұқымдастығына 3 туыстық: парамиксовирустар, морбиливнрустар, пневмовирустар кіреді.

Slide 11

Аренавирустар құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. 13 мүшесі бар. Аренавирустар белгілі бір ерекшелігі - ішінде электронды-тығыз ұсақ түйіршіктері бар. Шар тәріздес вириондар диаметрі 60-300 нм, липопротеид қабығына оралған. Үзінді түрінде кездесетін РНҚ м. с. 3 500 000. Вирион құрамында 5 белок бар. Цитоплазмада өсіп-өнеді, тасымалдаушылардың көмегінсіз таралады. Аренавирустар адам және кеміргіштерді зақымдайды. Әлім саны өте жоғары болатын, ауыр гемморагиялық қызба ауруларын туғызатын Ласса, Хунин және Мачупо вирустары, сондай-ақ лимфоцитарлық хориоменингит вирустары тереңірек зерттелген.

Slide 12

Ортомиксовирустар - кұрамында РНҚ бар вирустар- тұқымдастығы. Оған А және В және С грипінің туыстықтары енеді. Ортомиксовирустар әртүрлі серотиптерге, түраралық айқас серологиялық реакция бермейтін рибонуклеопротеид антигені бойынша жіктеледі. Вирион құрамында 7 құрылымдық белок, 8 сегменттен тұратын, өз бетімен ауру туғыза алмайтын РНҚ (м. с. 5 000 000) бар.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Трояндық вирус
жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың нуклеин қышқылы
Вирустардың көбейюі
Вирустардың нәсілдік құрылымы.Мутация.Гендік инженерия
Энтеровирустардың этиологиясы
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың ерекшіліктері
Вирустық инфекция
Вирустың жіктелуі. Классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz