«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті

«Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасы

Мал шаруашылығы өнімдерін ВСС пәні бойынша
Презентация
Тақырыбы: «Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық
санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015
Кіріспе
Инвазиялық аурулардан мал өлім – жітімге
ұшырайды немесе ауру созылмалы түрде өтіп
малдан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасының
төмендеуіне байланысты шаруашылыққа үлкен
экономикалық зиян келтіреді.
Инвазиялық аурулардың көбінесе созылмалы
өтуіне байланысты ауырған малдардың бірте –
бірте қоңы төмендейді, арықтайды, салмағы
азаяды, малдардың етінің, жүнінің сапасы
төмендейді, сүт беруі азаяды немесе сүттің бөлінуі
мүлде тоқтайды. Жануарлардың жұқпалы және
паразитті ауруларына төзімділігі нашарлайды, кей
жағдайда малдар қысыр қалады.
Гиподерматоз (сәйгел, оқыра) –
жануардың ет ұлпасын және жамбас,
арқа тері астын зақымдаумен
сипатталатын ауру. Ауру жануардың
сүт өнімділігі азаяды, тері және ет
сапасы төмендейді, мал арықтайды.
Ірі қара малының оқырасын
Hypoderma bovis – кәдімгі тері асты
бөгелегінің балаңқұрттары және
Hypoderma lineatum – оңтүстік тері
асты бөгелегі (өңештік) қоздырады. .
Олардың ұрғашылары ұрықтанған
соң ірі қараның шабына, аяқтарына
көптеген жұмыртқа салады. H.bovіs
ызыңдап ұшып жүріп, малдың түгіне
жұмыртқаларын желімдеп кетеді, ал
H.lіneatum ешбір дыбыссыз, жатқан
малға жасырын келіп,
жұмыртқаларын жабыстырып кетеді.
Гиподерматоздың алғашқы клиникалық белгілері тері
асты бөгелектерінің балаңқұрттарының жұмыртқадан
шығып, жануардың денесіне енген кезде басталады.
Белгілері анық байқалмайды және оларды көру қиынға
соғады. Жануарларда қышыну, тері асты клетчаткасыны ң
ісінуі, балапанқұрттармен зақымданған жерлердің
ауырсынуы байқалады. Өңеш бөгелегімен қарқынды
зақымданған кезде жануарлардың азықты қабылдауы
қиынға түседі. Ал, бөгелектер көп мөлшерде сүйек майын
зақымдағанда артқы аяқтың салдануы болуы м үмкін.
Оқыраға қарсы күресті оның балаңқұрттарының І
сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер
ететін фосфорорганикалық инсекти цидтер: гиподермин –
хлорофос, амидофос, сульфидофофс, гиподермацид және
тағы басқалары қолданылады. Соңғы кездері шетелдік
дәрілер – ивомек, ивермек, цидектин, фасковерм және
аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз
айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді.
Негізгі бөлім
Гиподерматоз кезінде сойыс
өнімдерін сезімдік зерттеу.
Ірі қара етін сезімдік зерттеу
әдісімен тексергенде оның сыртқы
түрін, түсін, тығыздығын, иісін,
майдың, сіңірдің күйін және сорпаның
хош иісін, мөлдірлігін анықтайды.
Етті тексеруді табиғи жарықта
жүргізіледі. Еттің жабысқақтығын
саусақпен, ал дымқылдылығын
анықтау үшін жаңа кесілген жерге сүзгі
қағаз қою арқылы анықталады.
Еттің тығыздығын анықтау. Ол үшін
еттің үстін саусақпен басып, пайда
болған шұңқырдың орнына келу
жылдамдығын бақылайды.
Жас етті кескен кезде тығыз,
шымыр, саусақпен басқан кезде пайда
болған ойық тез қалпына келіп отырды.
Еттің исін анықтау. Алдымен еттің иісін беткі
қабатынан, кейін жаңадан кесілген жерінен
анықталады.
. Балауса еттің сойылған мал түріне орай өзіндік хош
иісі болады. Ал балаусалығы күдікті етті кездестірген
кезде оның иісі қышқылдау немесе аздап борсыған,
қышқыл немесе сасыған болып отырады.
Майдың сапасын анықтау. Майды тексеруде оның
түрін, түсін, иісін және консистенциясы анықталады.
Сиырдың балауса етіндегі майдың түсі ақ, сарғаш
немесе сары, тығыз, екі саусақпен қысқанда үгітілді.
Бактериоскопиялық тексеру үшін еттің, ағзалардың ішкі
қабатынан жұғынды дайындадық. Ол үшін ағзаның беткі
қабатын ыстық қалақшамен күйдіріп, ішкі жағынан бір
бөлігін кесіп алдықта, төсеніш шыныға 2-10 жұғынды
дайындалады. Жұғындыны ауада кептіріп, спирт шамының
жалынында бекітіп, Грамм әдісімен бояйды. Микроскоптауды
иммерсиялық жүйемен жүргізіледі.
Сау малдан алынған етте негізінен микробтар байқалмайды,
ал ауру малдан алынған етте шар тәріздес немесе әр түрлі
таяқша микробтар кездеседі.
рН анықтау. Еттегі сутек иондарының
концентрациясы малды сою кезіндегі көмірсулардың
шамасына және ет ферменттерінің белседілігіне
байланысты. Сау мал сойылғаннан кейін, еттегі
ферментациялық құбылыстардың нәтижесінде сутек
иондарының көлемі қышқыл жағына ауысады. Бір
тәуліктен соң рН 5,6-5,8ге дейін түседі. Ауру немесе
жанталасып жатқан малдан алынған етте рН
төмендеуі жай жүреді. Шаршаған, ауру малдан
алынған етте рН-тың мөлшері 6,3-6,5, ал сау малдан
алынған етте 5,7-6,2. рН патонциометрлік әдіспен
анықталады.
Патонциометрлік тәсіл. Патонциометрлер сутек
иондарының шоғырлануын (концентрациясын) (рН)
электрометриялық әдіспен анықтауға арналған
құралдар рН метр -340, ионометр ЭВ-74 т.б. рН анықтау
әр құралға берілетін нұсқаулар бойынша 1:10 есебіне
дайындалған еттің судағы сығындысымен жүргізіледі.
1:10 есебіндегі сығындыны дайындау үшін 10гр таза етті
ұсақтап турап, фарфор келішесінде езу керек. Жалпы
көлемі 100 мл болатын тазартылған судан келішеге аздап
құйып жақсылап араластырылады. Ет мылжасын
колбаға салып, фарфор келішесі, келсапты қалған сумен
жақсылап жуып, колбаға құйылады. Колбаны тығындап,
етті су 3 мин шайқап 2 минут тұндыру керек. Сонан соң
тағыда 2 минут шайқап үш қабат дәкеден, артынша
сүзгі қағаздан өткізіледі.
Жұмысты жүргізу тәртібі. Пробиркаға 2 мл сығынды құйып
(1:4) оған 5 тамшы 0,2%-ті бензидиннің спирттегі ерітіндісін,
пробирканы шайқап 2 тамшы 1%-ті сутегі асқын тотығының
ерітіндісін қосу. Сау малдан алынған еттің сығындысы
көкшіл-жасыл түске боялады, бірнеше минуттан соң қоңыр
түске енеді (оң реакция). Ауру немесе жанталасып жатқан
малды союдан алынған ет сығындысы көкшіл-жасыл түске
енбей, бірден қоңыр түске боялады (теріс реакция).
Формольды реакция. Қатты ауырған малдың тірі
кезінде ақ етте ақзаттың ыдырауынан пайда болатын –
полипептидтер, пептидтер, амин қышқылдары т.б.
көптеп жиналады. Жұмысты жүргізу тәртібі.
Пробиркаға 2 мл сығынды құйып оған 1 мл
бейтараптандырылған формалин қосады. Жанталасып
жатқан, қатты ауру малдан немесе өлексені сойғаннан
алынған ет сығындысы бұл реакция кезінде тығыз
қойыртпақ түзейді. Ауру малдан алынған ет
сығындысында үлпек түзіледі. Сау малдан алынған
етінің сығындысы сұйық және мөлдір, кейде аздап
бұлыңғырланады. Сау малдан алынған ет ұшасының
сыртқы түр-түсі тартымды, уытты микробтар жоқ, рН
5,7-6,2, пероксидаза реакциясы оң, ал формольды
реакциясы теріс нәтиже береді.
Қорыта келгенде, гиподерматоздың алдын алу және
жою мақсатында ауру қоздырушысының
биологиясын, эпизоотиялық ерекшеліктерін, жергілікті
табиғат жағдайын және мал өсіру технологиясын
ескере отырып, ветеринарлық – санитариялық және
емдеу шаралары кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар, жаздың ыстық күндері жануарларды
кешкілік көлеңкелі жерде жаю да бөгелектердің
жануар денесіне енуінің алдын алады. Және де ерте
химиотерапияны жүргізудің де маңызы зор, яғни,
бөгелектерге қарсы инсектицидтерді жануарлардың
денесіне бүрку немесе азыққа қосып беру.

Ұқсас жұмыстар
Ет және ет өнімдерін соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау
Улану кезінде және химиялық препараттармен өңдеу кезінде ұша мен ағзаларды ветеринариялық - санитариялық сараптау
Жаңа сойылған және ауру малдың етін тексеру
Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
Ветеринария мамандығы
Саз құндыздың жұқпайтын ауруларындағы ветеринариялық­ санитариялық сараптау
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Трихинеллез ауруында ветеринарлық санитарлық сараптау
Тауық жұмыртқасының құрылысы
Адам және жануарлар ауыратын жқпайтын аурулар кезінде жануарларды, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану
Пәндер