Топыраққа қойылатын ветеринарлықсанитарлық гигиеналық баға



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агарлық-техникалық университеті «Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Топыраққа қойылатын ветеринарлық-санитарлық гигиеналық баға Орындаған: ВС-33 топ ст. : Қадыр А. Тексерген: а. о Дарменова А. Г Орал, 2014

Топырақ
Топырақ дегеніміз - жер қыртысының үстіңгі бос, құнарлы беткі қабаты. Топырақтың түзілуіне әртүрлі факторлардың жинағы әсер етеді: материялық тау жыныстары, өсімдік және мал организмдері, ауа райы, түзілу мезгілі, жер бедері, адамдардың іс-әрекеттері және т. б. Топырақтың пайда болу процесі өте күрделі әрі ұзақ мерзімде өтеді. Мысалы, 2см топырақ пайда болу үшін 300-1000 жыл керек. Топырақтың негізгі құнарлы көрсеткіші қарашірік (қорда) немесе гумус болып табылады.

Топырақтың химиялық құрамы Топырақ өзінің химиялық құрамы бойынша минералды және органикалық заттар кешенінен тұрады. Минералды құрамын кремнезем, глинозем, әк және магнезия сияқты химиялық заттардың қиыршықты компоненттері құраса, органикалық бөлігін макро және микроорганизмдер, өсімдік және жануар тектес заттардың ыдырау өнімдері құрайды.

Топырақтың механикалық құрамы
Топырақ механикалық құрамы бойынша төмендегідей бөлінеді: құмды (80 % құм - 10 % саздан) құмайт (30 % құм - 50 % саздан) ұсақ балшықты (80 % саздан) сазды (80 % жоғары саздан) ізбесті (20 % ізбестен) қара топырақ (30 % гумустан) Санитарлық тәжірибеде топырақтың қасиетін бағалау елді мекендерді салуда, ашық спорт кешендерін, құдықтарды орналастыру, қатты залалсыздандыру әдісін таңдауда өте қажет

Топырақтың бактериальдаық құрамы
Топырақтың тірі организмі микробтармен беріледі: 1 грамм топырақта 2 млрд - қа дейін микробтар өмір сүреді. Олардың түрлері әртүрлі: саңырауқұлақтар, бактериялар, қарапайымдылар (насекомдар, шыбындар олардың қуыршақтары мен личинкалары арқылы беріледі), вирустар және т. б. Топырақтағы микроорганизмдердің жағдайы күн сәулесімен, аэрация топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, температурамен тығыз байланысты. Бұл микроорганизмдер топырақтың өзіндік тазалану процесінде алатын орны ерекше

Топырақты санитарлық тазалау
Елді мекендерді санитарлық тазалау дегеніміз - тұрғындардың денсаулығын қорғауға және оңтайлы өмір сүру жағдайын тудыруға бағытталған жоспарлы - санитарлық, санитарлық - техникалық және шаруашылық шараларының кешені. Елді мекендерді тазартуға қоқыстарды жинау, шығару, залалсыздандыру және өтелдеу жатады. Қоқыстардың түрлері: қатты және сұйық, газ тәріздес болады. Сұйық қоқыстарды тазартудың екі жүйесі бар: шығару (ассенизациялық) және ағызу (канализациялық) .

Топырақты санитарлық бағалау
Топырақтың санитарлық жағдайына химиялық көрсеткіші есебінде - санитарлық сан қолданылады. Топыраққа, белокты заттардың құрамына кіретін, белгілі бір мөлшердегі азоттың болуы шарт. Топыраққа лас заттар түскенде, онда органикалық азоттың мөлшері көбейді де, оның яғни органикалық азоттың топырақтағы белокты азоттары мен қатынасы өзгереді. Неғұрлым топырақтың белокты азоты органикалық азоттан көп болса, соғұрлым топырақ таза болады. Сонымен топырақтың санитарлық саны (баға) дегеніміз - 100 грамм абсолютті құрғақ топырақтағы миллиграммен алғандағы белокты азоттың (гумусты) мөлшерін органикалық азоттың шамасында бөлгендегі қатынас сан немесе бөлік.

Топырақтың бактериологиялық ластануының көрсеткіші ретінде ішек таяқшасының (E. Coli) немесе анаэробтық бактериялардың (B7 Perfingens) біреуінің титрін аламыз. Бұл бактериялар топыраққа қимен бірге түседі. Анаэробтық бактерия топыраққа қимен бірге түседі. Осы топырақта ішек таяқшасы болмай тек анаэробтың болуы оның ескі қимен ластанғанын білдіреді.

Топырақтың санитарлық-гельминтологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде 1 кг топырақтағы гельминт жұмыртқасының санын алса, санитарлық-энтимологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде топырақтың 0, 25 шаршы ауданында шыбынның қуыршағы мен балаң құрттардың болуымен анықтайды.

Топырақтан үлгі алу әдістемесі. Физикалық - химиялық зерттеулер үшін: үлгіні «конверт» әдісі арқылы жинайды. Үлгі алу ауданы 25 м2 болатын жерден 3-5 нүкте белгілеп, тереңдігі 0, 25 метрде жүргізіледі (қажет болса 0, 75-1 м дейінгі тереңдікте) .
Қажетті құралдар: күрек, банка, жолдама.
1. Үлгі «конверт» әдісі арқылы 3 - 5 нүкте белгілеу.
2. Күректің көмегімен ауданы 25 м 2 жерден тереңдігі 0, 25 (0, 75 - 1 м) дейін үлгі алу.
3. Әр нүктеден жиналған үлгіні араластырып, 1 кг жинақталады. 1 кг топырақ үлгісін банкаға салып, жолдама толтыру, лабораторияға тексеруге жөнелту.
Бактериологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу. Қажетті құралдар: стерильді күрек және банкалар (алу тәртібі жоғарыда айтылғандай) .
Гельминтологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу. Қажетті құралдар: металды гипател немесе күрек, банкалар.
1. Үлгіні алу көлемі 50 м 2, ( жалпы салмағы 1 кг құрайтын) 10 үлгі алынады. алу тереңдігі 2 - 3 см болады.
2. Үлгіге жолдама толтырып лабораторияға жөнелту.
3. Лабораторияға жөнелтуге немесе сынама өткізуге мүмкіндік болмаса топырақ үлгілерін 3 % формалин ерітіндісімен немесе 3 % тұз қышқылы құйып консервілейді, ашық банкалы 18 - 24 0С - та сақтайды.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz