Гельминтозға қарсы шаралар. Тұяқтылар фасциолезі. Күйістілер дикроцилезі



Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасы
Ветеринарлық санитарлық паразитология пәнінен
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Гельминтозға қарсы шаралар.
Тұяқтылар фасциолезі.
Күйістілер дикроцилезі.
Орындаған: ВС-53 топ ст. Қадыр А. Б
Тексерген: проф. Шалменов М. Ш
Орал, 2016

Жоспар:
Гельминтозға қарсы шаралар
Тұяқтылар фасциолезі
Күйістілер дикроцилезі

Гельминтозға қарсы шаралар.
Гельминтоздың алдын алуда малды күтудің және құнарлы азықпен қамтамасыз етудің маңызы зор. Жалпы сақтандыру шаралары: мал қоралары мен ауланың қиын уақытылы тазалау; жайылымды ауыстыру және жақсарту; төлді бөлек бағу; мал тезегін сақтау және зарарсыздандыру; жануардың өлексесін жою; карантин ұйымдастыру және т. б. Ішқұрттан арылудың және одан сақтандырудың арнаулы әдістеріне дегельминтизация мен химиопрофилактика жатады. Дегельминтизация дегеніміз - мал денесін химиялық дәрілер көмегімен үшқұрттардан арылту. Малды дегельминтизациялау үшін қолданылатын дәрілерді антгельминтиктер дейді. Мақсатына байланысты диагностикалық, емдік, профилактикалық болып 3 түрге жіктеледі. Емдік пен сақтық ара жігі шамалы.

Дегельминтизацияны мал ішқұрттарының даму сатыларына байланысты преимагиналдық, имагиналдық, постимагиналық деп 3-ке бөлінеді.
Преимагиналдық дегельминтизациянының мақсаты - мал денесіндегі жыныс мүшелері жетілмеген балаңқұрттарды жою. Бұл дегельминтизацияны нәтижесінде сыртқы ортаға мал нәжісімен ішқұрт жұмыртқалары, балаңқұрттары таралмайды, жайылым ластанбайды.
Имагиналдық дегельминтизация нәтижесінде мал денесіндегі ересек құртар жойылады немесе сыртқы ортаға шығарылады. Алдымен сырт белгісі айқын білінген малға жасалады.
Профилактикалық дегельминтизация жыл сайын малдың белгілі бір гельминтозы шығатын шаруашылықтарда, аудандарда жүргізіледі. Ол үшін гельминттердің түрін, олардың даму айналымын, мерзімін, иелерін, эпизоотологиялық ерекшеліктерін білу қажет.

Фасциолез
Фасциолез - жіті және созылмалы түрде өтетін, көптеген мал түрі зақымданатын, бауыр құрты. Көбінесе фасциолезбен қой, ешкі, ірі қара мал, түйе жиі ауырады, ал жылқы, шошқа, қоян тәрізділер сирек шалдығады, сонымен қатар бұл гельминтоз адамға да қауіпті. Трематодалар малдың бауырын, анығырақ айтқанда өт жолдарын мекендейді.
Жіктелуі:
Тек тармақ: Trematoda
Топтама: Fasciolida
Топ асты: Fasciolata
Тұқымдасы: Fasciolidae
Туысы: Fasciola
Түрі: F. hepatica,
F. gigantica

Қоздырғышы. 2 түрлі қан сорғыштар: Fasciola hepatica және F. Gigantica. Біріншісін кәдімгі фасциола, екіншісін алып фасциола деп атайды.
Кәдімгі фасциола жапырақ тәрізді, ұзындығы 2-3 см, тұмсық жағы сәл шығыңқы, денесінде көптеген тікенекшелері бар құрт. Ауыз бен құрсақ сорғыштарының арасы тым жақын. Қос жыныс ағзалары ағаштың бұтағындай көптеген тармақтардан тұрады. Денесінің тұтастай ортасына 2 ені алып жатыр, ал сыртқы ені шетін уыздық жайлаған. Қосжынысты өте өсімтал құрттар.
1-сурет. Кәдімгі және алып фасциола.

Өсіп-өнуі. Өт жолдарында орналасып, көп жұмыртқалар бөліп шығарады. Олар нәжіспен араласып, сыртқы ортаға таралады. Қоршаған ортада, яғни тұщы суда жұмыртқа ішінен алғашқы балаңқұрт сатысы - мирацидий 7-15 күн аралығында қалыптасады. Олар жұмыртқа қабыршағынан шығып, аралық иесі - тұщы су ұлуларының денесінде енеді. Кіші тоспа ұлу денесінде олар 2-3 ай көбейіп, мирацийден спороциста, редий және церкарий сатыларына дамиды. Одан әрі церкарий сатысы құйрықтанып, ұлулар денесінен шығып, біраз уақыт суда жүзіп жүреді. Сонан кейін шөптің тамырына немесе сабағына, басқа қатты заттарға жабысып, құйрығын тастап, қабықшамен қапталады, жұқпалы сатысы адолескарийларға айналады.
2-сурет. Фасциолездің өсіп-өнуі

Мал, жануарлар адолескарийлермен залалданған шөп немесе су арқылы ауруды жұқтырады. Адам да, онымен ластанған су арқылы фасциолезға шалдығуы ықтимал. Денеге енісімен адолескарийлер ішек қуысында сыртқы қабыршағынан айырылады. Қабыршағынан босаған адолескарийлер ішекті тесіп, құрсақ қуысына түселі, ондағы бауырдың сыртқы қабығын, қантамырларын жыртып, ішкі ұлпасына енеді, одан әрі жылжып, өт жолдарына барып тұрақтайды. Бұл жолдан басқа адолескарийлер бауырға қан айналымы арқылы жетуі де мүмкін. Мал бауырына жеткен фасциолалар 2-5 айда жетіліп, ересек құртқа айналады.
3-сурет. Аурудың өрбуі.

Эпизоотологиясы. Фасциолез жер шарының барлық елдерінде кең тараған. Қазақстанда қой және ірі қара фасциолезі жиі тіркеледі. Фасциолез көлшікті, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары көп кездеседі. Әсіресе шалшық сулары мол, саз-батпақты өрістерде, мал көптеп зақымданады. Себебі сулы мекендерде фасциола жұмыртқалары, адолескарийлері және аралық иелері ұзақ мерзәмде өлмейді және тез көбейеді. Мысалы кіші тоспа ұлуы тайыз шалшық су түбінде 20 см тереңдікте еніп, тіршілігін сақтайды. Оларды бөгетті тұщы көлдің, кішігірім өзендердің жағасынан және осы суларға жақын жатқан жайылымдардың ылғалды топырақтарынан кездестіруге болады. Ал адолескарий болса, қоршаған орта әсеріне өте төзімді келеді: суда 1 жылға дейін тіршілігін сақтайды, шөпте 1, 5-6 ай, сүрлемде 0, 5-1 айға дейін өмір сүреді.
Малдың фасциолезі біздің елімізде кең тараған ішқұрт ауруы. Fasciola gigantica тудыратын фасциолез Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Ал Fasciola hepatica деп аталатын түрінің таралу аймағы өте кең. Олар Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстің Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Оңтүстік Батыс, Оңтүстік облыстарда трематодтардың екі түрі де жиі кездеседі.
Бауыр құртпен барлық жастағы мал залалданады, әсіресе қозы, бұзау жиі шалдығады, өлімге ұшырайды. Кей жағдайда сақа малдың да өлім-жітімі болуы мүмкін. Қазақстанда фасциолез жаздың соңғы айларында білінеді де, мал шығыны күзде, қыста және ерте көктемде байқалады.

Аурудың өрбуі. Бауырқұрттар бауырдың ішкі ұлпаларын зақымдап, өт жолдарын, өт қалтасын қабындырады. Өсіп-жетілген гельминттер өт арнасын түгелімен бітеп тастауы мүмкін. Өттің ішекке түспеуі салдарынан, асқорыту ағзаларының артқаратын қызметі тежеледі, күрт бұзылады. Бауыр ісініп қабынады, өт жолдарының кілегей қабығы қалыңдайды, зақымдалған ұлпалардың орнын дәнекер ұлпа басып, бауыр ұлғайып, өзінің жұмысын нашар атқара бастайды. Бауыр құрылымы өзгеріп, циррозға айналады, қан құрамына ұлпааралық заттар жинақталып, аллергиялық реакция туындатады. Адолескарийлердің ішекті және бауырды тесіп жылжуы, патогенді микробтардың мал денесіне енуіне жол ашып, кейбір жұқпалы дертке душар етеді.
4, 5-сурет. Фасциолезбен зақымдалған ішкі мүшелер.

Сырт белгілері. Жіті түрі көбінесе күзде тіркеледі. Малдың дене қызуы көтеріледі, жем-шөпке зауқы шаппайды, іші кебеді, ауыз, танау, көз, кілегей қабықтары қансызданып, бозарады, жүрек соғуы жиілейді, тынысы тарылып, демігеді. Кейде іш қатып, кейде тышқақтайды, нәжісіне қан араласады. Созылмалы түрі. Ауру көбінесе қыста, кейде жазғытұрым байқалады. Клиникалық белгілері көмескі білінеді, азыққа тәбеті кемиді, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлайды, іші біресе өтіп, біресе қатады. Ауыз, танау, көздің кілегей қабықтары бозарып, артынан сарғая бастайды. Мал жүдейді, көбінесе жатып алады, қабақ маңайы, алқымы, кейде омырауы, қарын тұсы ісінеді. Жүні үрпиіп, сынғыш және жұлынғыш келеді.
6, 7-сурет. Ауруға шалдыққан мал.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе терісін сыпырып ала бастаған кезде-ақ тері астынан, кеуде, көкірек тұстарынан кілкілдеген жалқаяқтар кездесуі мүмкін. Малдың құрсақ қуысында қанды су жиналуы, оның ішінде жынысы жетілмеген трематодалардың болуы ықтимал. Бауыр ұлғайған, іші қанға толған, түсі қып-қызыл, тіліп жібергенде қан шапшып ағуы мүмкін. Паразит тескен ұлпасына қан құйылған. Ұлпаны саусақтармен мыжығанда, сығындымен бірге балаң құрттар шыға бастайды. Фасциолездің созылмалы түрінде құрсақ қанның сарқылма суына толып келеді, бауыр қатайып, үлкейіп (цирроз), түсі өзгеріп бозарады, қабығының астынан өт жолдары бұлтиып, сұрғылт ақшыл жолақ болып көрінеді.
8, 9- сурет. Ауруға шалдыққан малдың бауыры.

Диагностика. Фасциолезге диагноз қою үшін эпизоотолгоиялық мәліметтерді сараптайды, клиникалық сыртқы белгілерін анықтайды және зерттеулер жүргізеді. Өлекседен немесе лажсыз сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патологоанатомиялық өзгерістерді айқындап, өт жолдарнынан құрттарды іздестіреді. Гельминтоовоскопия тәсілдері ішінен ең бастысы шөгеру немемс нәжісті біртіндеп сумен шаю, Котельников пен Хренов әдісі, Демидовтың қалқыту-шөгеру, Вишняускастың шөгеріп-қалқыту т. б. пайдалануға болады. Сонымен қатар өлген немесе ауырған малды сойып қарағанда бауырдан және өттен көптеген ішқұрттарды көруге болады.
10, 11-сурет. Зерттеу әдістері.

Емдеу. Төртхлорлы көміртегі (тетрахлор метан, трематоцидтер) - малдың ауызына резина түтік (шланга) арқылы құяды, желатиннен жасалған капсуланы тілінің үстіне салып, тұмсығын дәріні жұтып қойғанша қолмен қысып тұрады. Қозы, тоқтыға 1мл, сақа қойға 2-3 мл. Осы мөлшерде мес қарынға шприц арқылы құюға да болады. Қойға 2 мл/10кг қолтық тері астына егуге де болады. Ірі қараға таза вазелин майымен араластырып, 50%-дық қоспа ретінде сауырына (сан, жамбас ет) 10 мл/100кг көлемде егеді. Сонымен қатар битионол, филиксан, ацемидофен, фазинекс, дертил препараттары қолданылады. Дегельминтизация жабық қорада жүргізілмеуі тиіс, себебі дәріленген мал демімен төртхлорлы көміртегі қораға жайылып малды уландырады. Уланған малды далаға шығарып, күре тамырына 20 мл 10%-дық хлорлы кальций ерітіндісі күніне 3-4 мезгіл жіберілуі тиіс. Улы заттардан ішек-қарынды тазарту үшін, жануарға глаубер тұзының ерітіндісін зорлап ішкізеді.
12, 13- сурет. Емдеу.

Сақтандыру. Аурудың алдын алу үшін профилактикалық дегельминтизацияны жылына 2 рет жүргізеді: 1) малды өріске шығарардан 10-15 күн бұрын дәрілейді; 2) жайылым маусымы аяқталған кезде. Егер қараша, желтоқсан айларында отардағы, табындағы мал нәжісінен 15-25% сорғыштардың жұмыртқалары табылса, дегельминтизацияны үшінші рет жасайды. Соңында малдың қиын бір жерге үйіп, биотремиялық әдіспен зарасыздандырады. Ауруды жұқтырып алмас үшін малды шалшықты, сазды жерлерге, көл, өзен маңайына жаюға болмайды. Сонымен қатар трематодалардың аралық иелері - буынаяқтыларды (кіші таспа ұлу, құлақша таспа ұлу) жою керек.

14, 15-сурет. Сақтандыру шаралары.

Күйістілер дикроцелиозы
Дикроцелиозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы мен кеміргіштер ауырады. Адамға да қауіпті ауру болып саналады. Ауру мал арықтап, өнімділігі төмендейді, кейде өлімге де ұшырайды. Зақымдалған мал бауыры тамаққа жарамсыз. Сорғыш құрттар бауырдың өт жолдарында және өт қалтасында тіршілік етеді.
Жіктелуі:
Тек тармақ: Trematoda
Топтама: Fasciolida
Топ асты: Fasciolata
Тұқымдасы: Dicrocelidae
Туысы: Dicrocelium
Түрі: D. lanceatum

Қоздырғышы, өсуі. Dicrococelium lanceatum ұзынша келген 0, 5-1, 5 см, жіңішке, өте ұсақ, қандауыр тәрізді құрттар аралық (Bradibenidae құрлық ұлулары) және қосымша иелері (Formica туыс құмырсқалары) көмегімен дамиды. Денесі алдыңғы жағы сүйір, артқы жағы доғалдау. Алдыңғы бөлігінде ауыз және құрсақ емізіктері орналасқан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz