ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,ДАМУ ТАРИХЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ,ДАМУ ТАРИХЫ
 
Әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік-жанрлық
тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың барлығына, не көпшілігіне ортақ түсінікті әр алуан
қоғамдық қызмет атқаратын жалпыхалықтық тілдің өңделген, сұрыпталған түрі
Әдебиет тілі – көркем әдебиет шығармаларының тілі. 

Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі - әдеби тілдің адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы
қызметін атқаруы.
Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетикалық қызметі - әдеби тіл арқылы берілген оқиғаға адамдардың
көзқарасының, сезімінің т.б. қоса көрінуі.
Әдеби тілдің нормалары – тілдік құрылымның әрбір деңгейіне сай қолданылған тілдік
заңдылықтардың жиынтығы. Мысалы:орфографиялық норма, фонетикалық норма, орфоэпиялық
норма т.т. 
Көне түркілік жазба мұралар – V-VIII ғасырлардағы жазба ескерткіштер. Оларға Орхон, Енисей,
Талас жазбалары жатады.
Орта түркілік жазба мұралар – Х-Х V ғасырлардағы жазба материалдар.Оларға Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк», Хорезмидің «Мұхаббат-наме»
т.б. шығармалары енді.
Жаңа түркілік кезең - Х V- Х ІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі кезең. Бұл кезең халықтық кезеңдегі
әдеби мұраларды қамтиды.
Ұлттық кезеңдегі әдеби тіл - Х ІХ ғасырдың ІІ жартысынан күні бүгінге дейінгі қолданыстағы әдеби
тіл.
ОРХОН ЖАЗБАЛАРЫ
азақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда
әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық,
көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. "Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы
әдебиет" ұжымдық монографиясында қазақ әдебиетінің көне заманнан ХІ ғасырға дейінгі
аралықты қамтыған кезеңі көне дәуір, ал ХІІ ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған
XV ғасырға дейінгі кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі түркі жазба әдеби
ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және қытай халықтарына
ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол
бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна
жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы",
құмандардың "Кодекс Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар
тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт әкелетін
білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы")
кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-поэтикалық үзінділер енеді. Бұл
шығармалардың барлығын дерлік түркі халықтарының ортақ рухани байлығы деп
бағалаған жөн. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі халықтарының жазба әдебиетінің туып,
қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең қазақ халқының қалыптасуы
алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру керек.

Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдері
АУДАРМА СӨЗДІК
Қазіргі қазақ әдеби тілі
Шығарманың тілі
Әдеби тіл жайында түсінік
ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ НОРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Пәндер