Қазақ тілінде дидактикалық ойындарды пайдалану


Slide 1

Тақырыбы: Қазақ тілінде дидактикалық ойындарды пайдалану

Орындаған: Мұрат Ж.

Тобы: ППМ-211

Slide 2

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып окытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабакқа деген ынтасын оятып. танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады. Дидактикалык ойындарға материалды тандап алу кезінде біз мына жайттарды есепке алдық:

- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;

- білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;

- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

Ал дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.

1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек.

2. Талсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, акыл-ой іс-өрекетінің тесілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.

3. Ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі төсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.

4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды бол

Slide 3 Slide 4

5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер карапайым болып, олардың жасалуы мен дайыңдалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

6. Дидактикалык ойындардың нәтижелері объективті түрғыдан бағалануы тиіс. Дидактикалық ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық максаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялык аспектіге сүйендік. Атап айтканда, олар төмендегілер:

- оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік жоне дагдының көлемі, оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-куйі;

- оқып-уйренілетін материалдың сипаты мен мазмуны, сол сабақтың мақсаты;

- нақты ойын жагдайындагы ерекшеліктері.

Осы өлшемдерге сәйкес біз 1-сыныпта тіл дамыту және сауат ашу (ана тілі), математика және дуниетану сабақтарында дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдаландық. Ал сауат ашу бойынша дидактикалык ойындарды төмендегідей топтарға жіктедік.

Slide 5

Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану.

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң озгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезідіп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімдідігін арттыру бағытында бардық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдадануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі-ойын.

Бастауыш сыңып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті- оііын десек, оқу-торбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзегс асырылады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Slide 6 Slide 7

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсендідігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойындар - балалар үшін озіне тән жүру барысы. мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:

- танымдық, яғии балада тану, іздену әрекетін дамыту;

- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымеи қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Slide 8

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру жәнс біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқутәрбие мәселесіне көшу.

2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.

4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен үйымдастырылады.

2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: "Лошо", "Домшю" және т. б.

3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойынның маңызы мынада:

1) Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.

2) Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырад ы.

3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Slide 9 Slide 10

Дидактикалық ойының маңызы.

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.

«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей. ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ. одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз.

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегенміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық. тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай. сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Slide 11

Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалар мен тіл табысып, езінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.

Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау

Slide 12 Slide 13

Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана- сезімде төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту процессіне енгізу керек. Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелейтін қажетті деректерді тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы мүғалімінің міндеті болуы керек, сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тогызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді:" Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

Slide 14

Дидактикалық ойын-бүкіл тәрбие, білім беру жүйесінің бәріне де қатысты басты құралдардың бірі. Дидактикалық ойындардың қай-қайсы болсын балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай ды, олардың сезім қабілетін, ойланымпаздығын, тапқырлығын, сенсорлық қасиеттерін дамытуға тәрбиелейді.

Жалпы дидактикалық ойындарды мазмұнына қарай үш түрге бөлуге болады. Заттармен ойнау (ойыншықтар, табиғи материалдар, т. б), Үстелдік және сөздік ойындар. Бала сәби күнінен бастап қарапайым заттармен, ойыншықтармен(сылдырмақ, дыбыс шығаратын резина ойыншықтар) ойнайды. Бала өскен сайын таныс заттармен ойнауға қызығушылықтары арта түседі.

Дидактикаға жататындар׃дидактикалық, ойыншық, күнделікті тұрмыста пйдаланатын заттар, арнайы ережесі бар ойындар мен жаттығу түрлері.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады

Slide 15 Slide 16

Музыка сабақтарындағы дидактикалық ойындар

Мектептің, мұғалімдердің, ата-аналардың арасында тәрбиеленетін бала тек саналы қоғам мүшесі, денсаулығы мықты азамат қана болып қоймай, инициативті, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін, өмірдің жақсы жақтарына бетбұрыс жасай отырып, өз үлесін қосатын азамат болуы тиіс. Осы тұрғыда ойын - баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, қиялдау мен өз бетінше жұмыс жасауда жақсы әдіс-тәсіл болып табылады.

Ойынның білімділік пен тәрбиелік маңызының зор екендігі атақты педагог-психологтардың (Д. Эльконин, К. Ушинский, П. Плонский, Л. Рубинштейн) еңбектерінде қарастырылған.

Slide 17

Музыкалық-дидактикальіқ ойындардың ең негізгі міндеті - балаға эстетикалық тәрбие беру және музыкалық қабілеттерің қалыптастыру. Музыкалық-дидактикалық ойындар балаларды жаңа қойылымдармен (ойын-сауықпен) қамтамасыз етеді, олардың ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс жасауды, дұрыс қабылдауды, музыкалық есту қабілетінің негізгі айырмашылығын ажыратуды үйретеді; Педагогикалық құндылығы - іс жүзінде алған білімді пайдалану. Музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізу барысында балаларда арнайы музыкалық біліммен бірге достық сезім, жауапкершілік, ұжымшылдық қалыптасады.

Ойындар мазмұнды, қызықты да әдемі көркемделген болуы керек, себебі Д. Б. Кабалевскийдің пікірі бойынша: "Музыкалық-дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты (жай ғана қызықтыра ойнату емес) - бір маңызды, керекті нәрсеге еліктіру, тарату, яғни музыкаға" . Ойын балаларға білім беру мен тәрбиелеудегі маңызды құрал болып қана қоймай, сонымен қатар ол баланың қызығушылығын арттыру, мен көңіл аударуындағы негізгі езгермейтін тәсілдердің бірі болып табылады. Бірте-бірте музыка баланың өміріне енеді, соның нәтижесінде ол бірнеше баланың болашақ мамандығына айналады.

Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Бітеу буын қазақ сөздерінде
Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы
Жеңілсөйлемдер сөйлемдер
Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Қазақ халық ойындарының жіктемесі балалардың жас
Ағылшын тілін ойын арқылы оқыту
Балалар ойынының жіктелуі
Билингвальды оқытудың маңызы
Балалардың сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz