Үндістан



Үндістан
Орындаған:
Қабылдаған:

Жоспары:
1. Үндістан
2. Үндістан тарихы, мәдениеті, орналасу жері.
3. Феодалдық қатынастың орнауы.
4. Үндістан еліне корші елдердің шабуылы
5. Пайдаланылған әдебиеттер.

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналысқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол - терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі! Ол - “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістанның орналасу аймағы

Үндістан, Үндістан Республикасы - Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3, 3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде) . Астанасы - Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы - моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т. б. құрайды.

Тарихы
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б. з. б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б. з. б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б. з. б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті) . Б. з. б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы - ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды.

Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:
1. Брахмандар
2. Шудралар
1. Вайшьялар
2. Кшатриялар

Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер түскен өнімнің 1/6 - 1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б. з. б. 6 - 4 ғасырларда қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б. з. б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. . Б. з. б. 327 - 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді.

Б. з. б. 2 - 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б. з. б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 - 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 - 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 - 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұрлым ірілері - Палдар мен Гурджара- еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі - Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы - 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі - Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели сұлтандығы) . Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет - Виджаянагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т. б. ) .

Колониалдық дәуiр
15 ғасырдың соңында Үндістанда алғашқы еуропа отаршылар - португалдар пайда болды. 16 ғасырдың 1-жартысында олар теңіз жағалауларындағы бірқатар пункттерге (Гоа, Даман және Диу, т. б. ) бекініп, Үндістанның теңіз саудасына бақылау орнатты және басып алынған аумақтағы халықты отаршылдық езгіге түсірді. Ал солтүстік Үндістанды Ұлы Моғолдар империясы біріктірді (қ. Моғолдар әулеті, Бабыр) .

Мәдениеті
3 мың жылдан астам уақыт бойы өз дәстүрлері қалыптасқан үнді әдебиеті санскрит тілінде жазылған, лирика, эпос пен драманың негізі қаланған діни мадақ жырлар - ведалардан басталады. Шамамен б. з. б. 6 - 5 ғасырларда ауыз әдебиетінде аса көлемді эпик. поэма - “Махабхарата” мен “Рамаянаның” негізі пайда болып, б. з. алғашқы ғасырларында санскрит тілінде түпкілікті қалыптасты. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында пали мен кракритах тілінде діни дидактика мен ауыз әдебиеті сюжеттері үйлескен буддалық әдебиет туды. Б. з. б. 4 - 3 ғасырларда елдің дравидтік оңт-нде ежелгі туындыларының (“Он жыр”) дүниеауи сипаты басым болған өзіндік драма-тамиль әдебиетінің негізі қаланды

Қолөнері және саудасы
Үндістанда қолөнер мен сауда жақсы дамыған қалалар көп болған. Олар - Варангал, Танджур, Пайтхан, Дели, Сурат т. б. Қолөнердің көптеген салалары болды. Малабар жаға- лауында кокос пальмасынан май өндіріп, арқан есті. Майсур жерінде қолөнершілер піл сүйегінен қымбат бұйымдар жасады. Бұдан басқа зергерлік, әшекей бұйымдар жасау кең өріс алды. Сондай-ақ қару-жарақ, ыдыс-аяқ та көптеп жасалды. Қалаларда тас қалаушылар әсем құрылыстар салды, тері илеушілер ат әбзелдерін жасады. Үндістанда керуен саудасы дамыды. Солтүстік Үнді жері арқылы Кабулға, одан әрі Әмудария өзенін бойлап Орта Азияға жәнө Қазақстан арқылы Еуропаға баратын керуен жолдары болды. Екінші жол Болан асуы арқылы Кандагар, Иранға шықты. Үндістан саудагерлері әр түрлі зергерлік заттар, піл сүйегінен, ағаш пен темірден жасалған тауарларын сатуға шығарды. VII-XVI ғасырлар арасында араб саудагерлерімен бірге теңізшілер, Еуропа саудагерлері теңіз, мұхит арқылы Үндістанмен сауда жасап, көп пайда тапты.

Феодалдық қатынастың орнауы.
Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі - әлеуметтік каста жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман, кшатрий, вайший, шудра деп аталады. Сонымен қатар касталарға кірмеген қоғамның ең бір қорғансыз бөлігі кесапаттылар деп аталған. Дүниеге келген әрбір үнділік абыздар, ақсүйек жауынгерлер, егіншілер, қызметшілер топтарының біріне жататын болды. Абыздар мен ақсүйектер елдің саяси биліғі тізгінін ұстады, қызметшілер ең кедей топқа жатты. Қызметші касталарымен сөйлесу, жақындап бірге жүру немесе бір үйде отыру абыздар мен ақсүйектер касталарында жиіркеніш туғызатын.

VII-XII ғасырларда Үнді жерінде феодалдық қатынас тереңдей түсті. Мүлік теңсіздігі күшейіп, феодалдық тап қалыптасты. Ірі феодалдық жер иеліктері үлғая түсті. Жер патша иелігіндегі мемлекеттік меншік болып саналды. Патша бүкіл жерді 4 иелікке бөлді:
1) мемлекеттік мүддеге пайдаланылатын жер;
2) патша қызметкерлеріне арналған;
3) аскан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылатын жер;
4) дін қызметкерлеріне берілетін жер.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz