Қазақтың ұлы билері


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлы билері

Slide 2

Төле би

Төле бидің өмірбаяны

Төле бидің зиратының суреті

Төле би туралы ел аңызы

Slide 3

Төле бидің өмірбаяны Төле Әлібекұлы- қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деген атпен танымал. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген.

Slide 4 Slide 5

Төле би туралы ел аңызы

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол: - Ақты ақ деп бағалар! О, игі жақсы ағалар! Өзегі талса ел біткен, Өзен бойын жағалар, -

деп сөз бастай бергенде: - "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

- О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды: - О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз? Сонда әлгі би: - Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

- Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

Slide 6

Қазыбек би

Қазыбек бидің өмірбаяны

Қазыбек би туралы ел аңызы

Slide 7

Қазыбек бидің өмірбаяны

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII- ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек -есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Slide 8

Қазыбек би туралы ел аңызы

Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.

Төсекте жатқан Бұқар жырау:

- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы:

- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз -төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған кісі жаман.

Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз-толғанғаныңыз.

Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз, -деген екен.

Slide 9

Әйтеке би

Әйтеке бидің өмірбаяны

Әйтеке би туралы ел аңызы

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың атақты биі
Бірінші әзіз Төле еді Таудай сөзге тарыдай
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
Қазақ хандығының жыраулар кезеңі
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі туралы
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындары
(1841 – 1889) Ыбырай Алтынсарин ағартушылық қызметі, өлеңдері
Сабақ мақсаттары Шығарманың өзге туындылармен салыстыра отырып құндылығына баға беру
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz