ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ЗАҢИ НЕГІЗІ - ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ


Slide 1

ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ЗАҢИ НЕГІЗІ - ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

Қылмыс құрамының түсінігі жəне маңызы

Қылмыстың объектісі бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыстың объективтік жағы бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыс құрамының субъектісі бойынша қылмыстарды ажырату

Slide 2

Қылмыс құрамының түсінігі жəне маңызы

Қылмыс кұрамы дегеніміз қоғамға қауіпті əрекет немесе əрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік жəне субъективтік жақтарынан кұралатын белгілердің жиынтығы.

Көптеген қылмыстардың ішінде нақты бір қылмысты анықтау үшін «қылмыс құрамы» ұғымы қолданылады. А. Н. Ағыбаев: «Қылмыстың құрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-арекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік жəне субъективтік жақтарынан құралған элементтердің жəне белгілердің жиынтығы» деп көрсетеді.

Slide 3

Қылмыс құрамының негізгі белгілері:

а) қылмыстың обьектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық

заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастар;

б) қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын белгілер: обьектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-əрекет; қоғамға қауіпті нəтиже; себепті байланыс;

б) қылмыстың субьективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінə- қасақаналық, абайсыздық;

в) қылмыстың субьектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы.

Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады жəне олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді.

Қылмыстың объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтан зиян шегетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар.

Slide 4

Қылмыс кұрамы дегеніміз - бұл қылмыстың объектісіне, объективтік жағына, субъектісіне жəне субъективтік жағына жататын заңмен белгіленген белгілердің бірлігі болып табылады. Қылмыс құрамы белгілерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін анықтау, барлық белгілері толық болмаған жағдайда қылмыс құрамы туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Егер қылмыс құрамы болмаса, онда қылмыстық жауапкершілік үшін негіз де болмайды.

Қылмыс кұрамына заңшығарушы мемлекет үшін жəне сондықтан да жазаланатын қоғамдық қауіпті немесе əрекетсіздікті сипаттау үшін қажетті деп есептейтін белгілер жиынтығы кіргізген.

Slide 5

Қылмыстың объектісі бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыс құрамының элементі ретінде, объект, тікелей қабылдауға мүмкін болмағандықтан, өзіне ерекше назар аударуды талап етеді. Қылмыс құрамының басқа элементтеріне қарағанда, объектіні сол мезетте анықтау өте қиын, əдетте қылмысқа қатысушылар мен куəлер қылмыстың қай объектісінің бұзылғаны туралы сұраққа жауап бере алмайды. Объектіні анықтау арнайы білімді талап етеді де, істің барлық мəн-жайларын егжей-тегжейлі талдау арқылы анықталады.

Қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде анықталады.

Slide 6

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабы - Қылмыстық кодекстің міндеттерін анықтай отырып, ең маңызды деген объектілердің тізбегін көрсеткен: адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары, меншік, қоғамдық тəртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.

Қолданыстағы қылмыстық заңнамада адам жəне азаматты қорғау бірінші кезектегі маңызды мəселе ретінде қарастырылады. Кеңестік дəуір барысында, мемлекеттік жəне қоғамдық мүдделердің маңызы жеке адамдардың мүдделеріне қарағанда маңызды деп есептелінген болатын. Жеке адамдардың мүдделерін бірінші кезекке қою, отандық заңнаманы демократиялық елдердің қылмыстық кодекстеріне сəйкестендіріп, қылмыстық құқықтың жалпыадамзаттық құндылықтар идеалына қайта оралуының куəсі іспеттес.

Slide 7

Қылмыстың объектісінің негізгі қасиеттері мынада:

1. Қол сұғушылықтың объектісі - материалдық жəне материалдық емес құндылықтар, яғни саяси, моральдық, мəдени жəне басқалары бола алады. Кез келген қол сұғушылықтың объектісі дегеніміз - сол қол сұғушылық зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген, қоғамдық қатынастар болып табылады.

2. Объект қылмыс құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да объектісіз қылмыстың өзі мүмкін емес. қылмыстық заңмен қылмыс ретінде қарастырылатын кез келген қоғамдық қауіпті əрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғушылық кезінде объектіге зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады.

3. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық əрекеттің əлеуметтік жəне құкықтық табиғатын анықтауға, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік түрлері мен шектерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектіні айқындау қылмыстардың ұқсас құрамдарын бір-бірінен ажыратуға, қылмыстық əрекетті қылмыстық емес əрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.

4. Қылмыс объектісінің белгілері бойынша заңшығарушы қылмыстық-кұқықтық нормаларды жүйелеу жəне кодификациялау сияқты күрделі жұмысты жүргізеді. Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырату керек. Қылмыстық құқық құқықтың басқа да салалары сияқты ең алдымен құқықтық реттеу объекті бойынша жеке сала ретінде бөлінген.

5. Объектілерді ғылыми жіктеу оның мəнін тереңірек түсінуге жəне оның элементтік-құқықтық байланыстылығын ұғуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар объектінің қылмыстық зандылықтың дамуына əсерін анықтауға жəне практикада қылмыстылықпен қарсы күресте қылмыстық-кұқықтық нормаларды қолдануға мүмкіндік береді.

Slide 8

Қылмыстың объективтік жағы бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамның əрекеті немесе əрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамға қауіпті əрекет немесе əрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында əртүрлі жəне жан-жақты. Кейбір қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстың зардабын көрсетеді. Бірқатар қылмыстардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тəсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дəрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор.

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғышарты. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы қылмыс ретінде адамның идеялары мен ойларын емес, қылмыстық - құқықтық ормаларды бұзатын қоғамға қауіпті іс - қимылды таниды.

Slide 9

Қылмыстың объективтік жағын талдау, кейбір жағдайларда, қосымша объектіні анықтауға мүмкіндік береді. ҚР ҚК 179 бабына сəйкес, қарақшылық дегеніміз - бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті түрде күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы шабуыл жасау. Заңшығарушы қарақшылықты меншікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызған. Алайда, заңда сипатталынған бұл қылмыстың белгілері екінші, қосымша объектіні бөліп көрсетуге мүмкіндік береді де, қарақшылық екіобъектілі қылмыстардың қатарына жатқызылады.

Қылмыстың объективтік жағының жекелеген элементтері заңшығарушы арқылы ауырлататын белгілер ретінде пайдаланылады. Мысалы, бұзақылық (ҚК 257 б. 1 б. ) заңшығарушы арқылы онша ауыр емес қылмыстарға жатқызылған, қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану барысында (ҚК 257 б. 3 б. ) ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылады.

Қылмыстың объективтік жағының белгілері сот арқылы жазаның түрі мен көлемін анықтау кезінде ескерілетін, саралауға əсерін тигізбейтін, жауаптылықты жəне жазаны жеңілдететін жəне ауырлататын мəн - жайлар ретінде қарстырылады. Яғни, қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элементтердің қатарына жатады.

Slide 10

Қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыстың субъективтік жағын анықтау дегеніміз субъектінің əрекетінде немесе əрекетсіздігінде қасақаналық пен абайсыздықты анықтау, заңда көрсетілген оның түрін, мазмұнын, қасақаналықтың бағытын, қылмыстың мақсаты мен ниетін, сол сияқты субъективтік жақтың басқа белгілерін жəне қылмыскердің кінəсінің мөлшерін анықтау.

Қылмыстың субъективтік жағын дұрыс дəлелдеу тергеуші мен соттың психологиялық заңдылықтарды дұрыс жинап тексеріп, жекелеуіне, бұл белгілерді дұрыс бағалауына, осы белгілердің өзара байланыстарын анықтауына байланысты болады.

Slide 11

Қылмыстың субъективтік жағы істің барлық жағдайларына дұрыс талдау беру арқылы анықталады. Бұл жағдайларға қылмыстың субъективтік жағын анықтауға көмектесетін, төмендегі белгілер жатады:


Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралау процесі
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Қасақана қылмыс сатылары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ
Қылмыс объектілері
Сыбайлас қатысудың белгілері
Абайсызда жасалатын қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz