Сотталған әскери қызметкерлерге қолданатын жазалардың атқарылу тәртібі мен шарттары


Slide 1

сотталған әскери қызметкерлерге қолданатын жазалардың атқарылу тәртібі мен шарттары

Slide 2

3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдарының сотталған әскери қызметшiлерге қатысты қолданылуы

1. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау осы Кодекске, өзге де заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi бекiткен сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаларды өтеу ережелерiне сәйкес атқарылады. 2. Сотталған әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазасын өтейдi және әскери қызметтен өтедi. Оларға осы баптың 1-тармағында аталған нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шектеулер қолданылады.

Slide 3

8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу Әскери қызметші: 1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партияларда, кәсіптік одақтарда, діни бірлестіктерде тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге; 2) әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет болмаса, басқа ақылы қызметпен айналысуға; 3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға; 4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдардың істері бойынша өкіл болуға; 5) әскери мүлік пен оның қызметтік істерін қамтамасыз ететін басқа да құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға; 6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және оған қатысуға; 7) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға; 8) өзінің жақын туысқандары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазым атқаруға құқылы емес.

Slide 4

Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны өтеу

18. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерi: 1) әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны атқару туралы үкiм келiп түскен сот үш күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметшi қандай негiзде және үкiмде көрсетiлген қандай мерзiм iшiнде лауазымды өсiруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қандай мерзiм есептелмейтiнi көрсетiледi. Сонымен бiрге әскери сот үкiмiне сәйкес сотталған әскери қызметшiнiң лауазымдық үлесiнен әскери қызмет бойынша шектеудi өтеу кезеңiнде мемлекеттiк кiрiске қай күннен бастап және қандай мөлшерде ұсталып қалатыны бұйрықта көрсетiледi. Егер сотпен сотталғанға жазалардың қосымша түрлерi тағайындалса соттың осы шешiмi бұйрықта көрсетiледi; 2) бұйрық әскери бөлiм бойынша жарияланады, сотталған әскери қызметшiге қол қойғызу арқылы жеткiзiледi, мамандық және қаржылық органдарының бастықтарына жолданады және атқаруға қабылданады; 3) Үкiмнiң келiп түскенi туралы, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа үш күннiң iшiнде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.

Slide 5

Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен соттың үкiмiмен белгiленген ұстап қалу лауазымдық айлық ақысынан, әскери атағы бойынша үстеме ақыларынан, ай сайынғы және өзге үстеме ақылары мен басқа да қосымша ақша төлемдерiнен есептеледi.

.

Сотталушының әскери қызметiн өзгерту: 1) әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметшiнiң жазасын өтеу тәртiбiнде соттың үкiмiмен белгiленген мерзiм iшiнде лауазымы мен әскери атағын жоғарылатуға болмайды; 2) егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып, сотталған әскери қызметшiнi бағынысындағылардың басшыларына байланысты қызметте қалдыруға мүмкiндiк болмаса, ол әскери бөлiмнiң тиiстi командирiнiң шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң iшiнде де, басқа бөлiмге немесе ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады; 3) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген қабылданған шешiм туралы әскери бөлiм командирi үкiмдi шығарған сотқа тез арада хабарлайды; 4) сотталушыны ауыстыру кезiнде оның жеке iсi тиiстi тәртiппен жаңа қызмет орнына жолданады, әскери бөлiм командирi осы Ережелердiң 18-24 тармақтарының барлық талаптарының орындалуын жалғастыруға мiндеттi.

Slide 6

Сотталған әскери қызметшiлермен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы:

1) сотталған әскери қызметшiлермен әскери бөлiмнiң командирi жасалған қылмыстық қоғамдық қауiпiнiң, сотталушының жеке басының, сондай-аң оның тәртiбi мен әскери қызметке көзқарасының сипаты мен дәрежесiн ескере отырып тәрбие жұмысын жүргiзедi, көбiне оның мiндеттерiн, олардың орындамаушылығының нәтижелерiн және қоғамдық тәртiптi, әскери тәртiптi бұзудағы немесе жаңа қылмыс жасауындағы жауапкершiлiгiн түсiндiредi, ол туралы қолхат алынады; 2) әскери бөлiмнiң командирi әрбiр сотталушыға жеке iс арнайды, оған: әскери сот үкiмiнiң көшiрмесi, үкiмнiң заңды түрде күшiне енуi мен оның атқарылуы туралы үкiмi, бөлiм командирiнiң жазаны өтеу туралы бұйрығының көшiрмесi, сотталушының тәртiбi мен оның қызметке дейiн көзқарасын сипаттайтын материалдар, сотталушымен жүргiзiлген тәрбие жұмысын анықтайтын құжаттар қосылады; 3) әскери бөлiмнiң командирi әскери қызметшiнiң санатына сай жиналыстарды мезгiл-мезгiл ұйымдастыруға және жүргiзуге мiндеттi, онда егер олар сотталушыға сотпен жүктелген болса, өзiнiң тәртiбi, қызметтi өткеру, мiндеттерi және басқалары туралы сотталушылардың есептерi тыңдалады және талқыланады.

Slide 7

Сотталған әскери қызметшiлерге қатысты қамауға алуды орындау


Ұқсас жұмыстар
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Әкімшілік жауапкершілік
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Қасақана қылмыс сатылары
Салық салу объектілері
ЖАЗА ҰҒЫМЫ
Жаза тағайындау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА
ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz