Билікті және қызметтік өкілеттілікті асыра және теріс пайдалану




Презентация қосу
БИЛІКТІ ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТТІК
ӨКІЛЕТТІЛІКТІ
АСЫРА ЖӘНЕ
ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ
Орындаған : ю-42 тобының студенті
Әкімжан Әйгерім
Тексерген : Абишева Г.Т.
Жоспар:
1. Билік түсінігі. Мақсаты.
Міндеті. Түрлері
2.Өкілеттілік. Өкілеттік
субъектілері
3. Билікті нe қызметтік
өкілеттікті асыра пайдалану
4. Билiктi не қызметтiк
өкiлеттiктi асыра
                пайдалану
жауапкершілік
5. Қызметтік өкілеттілікті теріс
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі
санасында “ел басқару”, “өкім ету”
сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде
де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде
қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану
ілімінде билік экономиялық, идеологиялық,
ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер
арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің,
зорлықтың жәрдемімен адамдардың,
әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-
құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті
әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
МАҚСАТЫ
Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің
арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға,
субьективті-обьективті қарым-қатынастарға
байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда
тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны
— үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру.
Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани
және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық
дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны
болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы
ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша
басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар
дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты
тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке
тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне
жету билікке тән белгілер болып табылады
Субьектінің мақсатына орай биліктің
нысанына ықпал ету үшін
пайдаланылатын құралдардың барлығы
“билік ресурстарын” құрайды. Мысалы,
қоғамдық өндіріс пен тұтынымға
қажетті материалдық игіліктер, ақша,
құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б.
— биліктің экономиялық ресурсы, ал
әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды
туындатушы әмбебап қор саналатын
адамзат баласы демографиялық ресурс
ретінде бағаланады.
МІНДЕТІ
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың
стратегиясын айқындап, дамудың негізгі
бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану,
әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың
орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды
өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты
принципі — оның заңдылығы (легитимділігі). Билік
әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік
және саяси қарым-қатынастарын қамтитын
қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы
қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе
қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық
деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады.
Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге
асуының әр қилы пішімі зерделенеді.
Ол басқару пішіміне орай — монархиялық
(абсолюттік және конституциялық),
республикалық(президенттік және парламенттік);
мемлекет құрылысының пішіміне орай — унитарлық,
федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай
— тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық;
саяси ағымына орай консервативтік,
неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық,
социал-демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң
шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына
бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды.
Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің
болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара
үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын
қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық
қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз
қалайды.[
ҚОҒАМДЫҚ БИЛІК
Қоғамдық билік - орын-орындарға
билікті бөлу. Флойд Хантердің
«Қоғамдық биліктің кұрылысы»
(1963) және Роберт Дальдың «Кім
басқарады?» (1961) атты еңбектері
жергілікті саяси билік мәліметтерін
тексеру мақсатымен өткізілетін
зерттеудің аса қажетті мысалдарын
береді.
Өкілеттілік - бір тұлғаның (өкілдің)
басқа тұлға (өкіл мүддесінқорғайтын)
атынан келісім жасауға, осы арқылы
сол тұлғаныа құқықтары мен
міндеттерін құруға, өзгертуге немесе
жоюға құқығы. Өкілеттілік сенім
хатқа, әкімшілік актіге, заңға
негізделуі мүмкін.
ӨКІЛЕТТІК СУБЪЕКТІЛЕР

Өкілет беруші
Өкіл
Үшінші тұлға
Қылмыстық заңдар бойынша - билікті не
лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану,
яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға
уәкілетті адамның не оған теңестірілген
адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі
шегінен көрінеу асып кететін және
азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін не
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыс болып табылады
Билігін асыра пайдалану, қызмет
бабын асыра пайдалану — лауазымды
адамның (соның ішінде, өкімет
өкілінің) өзінің құқылары мен
құзыретінің шегінен шығып кететін,
азаматтардың не ұйымдардың,
қоғамның не мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзуға әкеліп соғатын іс-әрекеттерді
қасақана жасауы. Бұл мемлекеттік
қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстарға жатады.
Билігін асыра пайдалану, әдетте, жоғары
тұрған лауазымды адамның не өзге
идараның лауазымды өкілінің құзыретіне
кіретін, сондай-ақ, құқыққа сыйымды
болып саналатын белгілі бір шарттары
сақталмаған іс-әрекеттерді істеу (мысалы,
жағдайды ескермей қару қолдану және
т.б.) түрінде көрініс табады. Әр бап
тармағы бойынша әр қилы жаза
қолданылады. Билігін асыра пайдалану
адамның денсаулығы мен өміріне зиян
келтіру, мүлікті бүлдіру не жойып жіберу,
т.б. ауыр салдарларға соқтырады.
1. Билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра
пайдалану, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға
уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның
өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып
кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның
немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн
елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
     
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын
адам жасаған нақ сол әрекет, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айырып немесе онсыз төрт жылдан сегiз жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi
бөлiктерiнде көзделген әрекеттер не ауыр
зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
      а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп
қорқыту арқылы;
      б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану
арқылы;
      в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар
үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа
адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру
мақсатында жасалса, -
      мүлкі тәркіленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр
қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес
жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның
не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi
немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен
артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға
зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар
пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не
қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын
мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
      бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке
дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге,
не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
     
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын
адам жасаған нақ сол әрекет, -
      екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе
үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр
зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан
топтың немесе қылмыстық
қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның)
мүддесінде жасалған әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі
мерзімге белгілі бір лауазымдарды
атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыра отырып, төрт
жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Жемқорлықтың алдын алу - басты міндет
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі
Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
Сыбайлас жемқорлықтың белгілері
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы
Менеджер беделі
Чванство беделі
Пәндер