Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар



Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар

Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына, Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Конституция мен аталған Конституциялық заңда Қазақстандағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды. Елімізде мамандандырылған соттарды құру мәселесі қарқынын жылдамдатуда. Олардың қатарына әскери соттарды және мамандандырылған экономикалық соттарды жатқызуға болады.

1. Көрінеу кінәсәз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-б. ) .
2. Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-б. ) .
3. Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-б. ) .
4. Жауап беруге мәжбүр ету (347-б. ) .
5. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-б. ) .
6. Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі келтіру (339-б. )

Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту.
Қылмыстың тікелей объектісі - қылмыстық жауаптылыққа тарту құқығы берілген құқық қорғау органдарының қалыпты қызметі. Екінші міндетті объект болып - жеке адамның мүдделері табылады.
Қылмыс қос объектілі болып табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы - кінәсіз адамды көрінеу оған жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауаптылыққа тартудан тұрады.
Қылмыс кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулыға айып таққан сәттен бастапаяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс субъектісі - алдын ала анықтау, алдын ала тергеу жүргізуші адамдар немесе прокурор.
Осы қылмыс құрамының дәрежелеуші түрі болып кінәсіз адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан қасақана қылмыстық жауаптылыққа тарту табылады

Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату
Бұл қылмыстың объектісі - әділ сот мүдделері, алдын ала тергеу және прокуратура органдарының қалыпты қызметі.
Қылмыстың объективтік жағы заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілерін қамтитын әрекет жасаған адам жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауаптылықтан босатылғандығымен қорытындылады.
Қылмыс құрамы - формальды.
Қылмыс қасақана әдейі, тікелей ниетпен жасалады.
Қаралатын қылмыстың субъектісі - арнайы заңда көрсетілгендей прокурор, тергеуші немесе алдын ала анықтау жүргізген адам болып табылады

Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
Тікелей объект - прокуратура, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу органдарының қалыпты қызметі, сондай-ақ азаматтардың құқығы.
Объективтік жағынан қылмыс:
а) заңсыз ұстау;
б) заңсыз қамауға алу,
в) заңсыз қамауда ұстау бейнесінде жасалады.
Қаралатын қылмыс созылмалы болып табылады және қылмыстың формальды құрамына жатқызылады. Ол заңмен көзделген мерзім айып тағылмастан немесе мерзімін ұзартпастан адамды заңсыз ұстаған қамауға алған және қамауда ұстаған сәттен аяқталған деп есептеледі.

Жауап беруге мәжбүр ету
Қаралатын қылмыс құрамының бір ерекшеліктері болып - оның қос объектілікке жататындығы табылады. Негізі тікелей объектісі болып әділ сотты жүзеге асыру жөніндегі анықтау және алдын ала тергеу органдарының заңды қызметі табылады. Күдіктінің, айыпкердің, куәнің, жәбірленушінің және сарапшының мүдделері - қосымша объекті болып табылады.
Объективтік жағынан - қылмыс тергеуші немесе анықтауды жүргізуші адам тарапынан заңсыз, яғни заң жол бермейтін әрекеттерді жасау жолымен қорытындыланады. Бұл жағдайда заңда мәжбүр ету тәсілдері атап көрсетілген: қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттерді қолдану.
Қылмыс жауап алушының өзіне қажеттті жауапты алған-алмағандығынан тәуелсіз осы аталған тәсілдердің бірін қолданып мәжбүр еткен сәттен бастап аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақана жасалғандығымен сипатталады. Кінәлі өзінің қорқыту жолымен немесе бопсалау жолымен алушыны жауап беруге, ал сарапшыны қорытынды беруге мәжбүр ететінін жете түсінеді, және осыны қалайды.
Қылмыс субъектісі - арнайы, тергеуші немесе анықтауды жүргізетін адам

Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару
Қылмыс әділетсіз акт шығарған сәттен, яғни оған судья (судьялар қол қойған сәттен) оның күшіне енген-енбегендігінен тәуелсіз хабарлау сәтінен бастап аяқталады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей ниетпен жасалады. Кінәлі адам әділетсіз сот актісін шығарғанын жете түсінеді, және осыны жасауды қалайды. Қылмыс себебі (мотиві) әр түрлі: қызғаныш, мансапқорлық, бас пайда табу және т. б.
Субъект - қасақана әділетсіз сот актісін шығарушы судья ғана

Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге кедергі келтіру.
Қылмыстың объектісі болып - сот төрелігін жүзеге асыру жөнінде сот төрелігін, прокуратура, тергеу және алдын ала анықтау органдарын қалыпты қызметі табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағын жоғарыда аталған құқық қорғау органдарының қызметіне араласу (қол сұғу) құрайды. Араласу әр түрлі болуы мүмкін: өтініш түрінде, талап ету, бопсалау, өзара келісу, қандайда бір көмек көрсетуге уәде беру және т. б. Қылмыс - формальды құрамды қамтиды, қылмыс осы аталған адамдардың қызметіне араласу сәтінен аяқталады.
Қылмыстың субъектісі болып - есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам табылады.
Субъективтік жағынан - қаралатын қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен жасалады. келтіру.

Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату
Талданатын бап формальды құрамды қамтиды. қылмыс ақша, құнды қағаздар, өзгедей мүлікті берген
сәттен немесе мүліктік көмек көрсетуге тырысу әрекеті жасалған сәттен бастап, олар берілетін адамның
алған алмағандығынан немесе қызмет көрсетуді ол адамның қабылдаған-қабылдамағандығынан тәуелсіз
аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақана жасалғандығымен сипатталады. Кінәлі адам айыптау
дәлелдерін қолдан жасауға әрекет ететіндігін жете түсінеді, және осылай жасауды қалайды.

Адвокаттар мен өзге адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау
Бұл қылмыстың объектісі - азаматтардың қорғалуын жүзеге асырушы, сондай-ақ, азаматтарға немесе ұйымдарға, мекемелерге және кәсіпорындарға құқықтық көмек көрсетуші органдардың, мекемелердің қалыпты қызметі.
Объективтік жағынан қылмыс мына әрекеттермен жасалады:
1) Адвокат пен өзге адамдардың қылмыстық процесте азаматтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ, азаматтар немесе ұйымдарға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі құқықтық қызметіне кедергі жасау;
2) Осындай қызметтің дербестігі мен тәуелсіздігін өзгедей бұзу.
Қылмыс азаматтық ұйымның, қоғамдық немесе мемлекеттердің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген сәттен аяқталады. Адамды қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, заңсыз айыптау, азаматтық іс бойынша немесе әкімшілік материалдарды қарауға әділетсіз сот шешімін шығару елеулі зиян келтіруге жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адвокаттардың немесе қылмыстық процесте азаматтарды қорғау жөніндегі өзге адамдардың заңды қызметіне кедергі жасайтынын, осындай қызметтің дербестігі мен тәуелсіздігін бұзатынын жете түсінеді және осылай істеуді қалайды.
Қылмыс субъектісі - есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам

Сот тергеуін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері
Қылмыс объектісі - алдын ала тергеу, сот және прокуратура органдарының қалыпты қызметі: қылмыс қос объектілі болып табылғандықтан қосымша объект болып - алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдар 40 прокурордың, судьяның немесе қылмыстық не азаматтық іс бойынша процеске қатысушылардың енсаулығы, сондай-ақ мүлкі табылады.
Қылмыстың объективтік жағы, алдын ала тергеу өндірісімен сотта істі немесе материалдарды қарауға байланысты жәбірленушінің денсаулығына залал келтіру, оның мүлкін жоюға немесе зақым келтіру мен өлтіремін деп қорқытумен білдіреді.
Қылмыс қаупі білдірілген сәттен бастап, оның мақсатына жеткен-жетпегендігінен тәуелсіз аяқталады.
Субъективтік жағынан - қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен жасалады. Кінәлі адам өзінің қызмет міндетін жүзеге асыруға байланысты жоғарыда аталған жәбірленушіге өлтіремін деп қорқытатынын, денсаулығына зиян келтіретінін, мүмкін жойып жіберетінін жете түсінеді және оларға қасақаналық ықпал жасауды қалайды.
Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс жеке адам.

Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, сот атқарушысына қатысты жала жабу
Қаралатын құрамның тікелей объектісі - әділ сот органы ретінде соттың беделі, сондай-ақ, судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтау жүргізуші адамның, сот приставының, сот орындаушысының ар-ожданы, қадір-қасиеті.
Объективтік белгілері бойынша жала жабу аталған адамдардың ар-ожданын, қадір-қасиетін атталатын немесе олардың беделін түсіретін қасақана жалған мәліметтер таратудан тұрады. Қаралынып отырған қылмыс түрі - формальды және кемінде бөгде бір адамға жалған мәліметтер хабарлау сәттен аяқталады.
ҚК 343-бабының 1-бөлімі бойынша жәбірленуші- судья, ал 2-бөлімі бойынша - прокурор, тергеуші, анықтауды жүргізген адам, сот приставы, сот орындаушысы болады.
Судьяға және қылмыстық процеске қатысушы-ларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер жариялау.
Қылмыстың объектісі - әділ сотты жүргізудегі сот органдарының қалыпты жұмысы, сондай-ақ, қылмыстық процеске қатысушылардың және олардың жақындарының қауіпсіздігі. Осылайша қылмыс қос объектілі болады.
Объективтік жағы -судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жариялаумен қорытындалады.
Субъективтік жағынан - бұл қылмыс қасақаналық ниетпен жасалады. ҚК-тің талданатын бабының 2- бөлімінде дәрежеленуші белгі ретінде ауыр зардаптардың келтірілуі көрсетіледі. Оған кісі өлтіру, қорғалатын адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруді жатқызуға болады.

Айғақтарды бұрмалау
Тікелей объекті - соттың қалыпты қызметі, екіншісі - жеке адам. Бұл қылмыс істің қаралуы немесе тергелуі немен аяқталғанынан тәуелсіз айғақтарды бұрмаланған сәттен аяқталады.
Қаралатын баптың 1-бөлімі - азаматтық істер жөніндегі айғақтарды бұрмаланғаны үшін жауаптылықты, ал 2-бөлім - қылмыстық істе айғақтарды бұрмалағандық үшін жауаптылықты көздейді, 3- бөлім бойынша - қылмыстық іс бойынша да, азаматтық іс бойынша да (егер ауыр зардаптар пайда болса) айғақтарды бұрмалағандық үшін жауаптылық туады.
ҚК 348-бабының 2-бөлімі бойынша - анықтау жүргізген адамдар, тергеуші, прокурор, іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы маманның немесе қорғаушы, соның ішінде, қоғамдық қорғаушы да қылмыстың субъектісі болады.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақана ниетпен жасалады. Адам дәлелдерді қасақана бұрмаламайтындығын саналы түсінеді және осылай жасауды қалайды. Бұл қылмыстың себебі (мотиві) : бас пайдасын көздейді, кек алушылық және т. б. Олар дәрежелеуге әсер етпейді, бірақ жаза тағайындауда ескеріледі.
1-бөлім бойынша - қылмыстың субъектісі болып азаматтық іске қатысушы адам не оның өкілі табылады

Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге, не қате аударуға сатыпалу, не мәжбүр ету
Қылмыстың тікелей объектісі-құқық қорғау органдарының қалыпты қызметі, екіншіобъект адамның басы жеке (мәжбүр еткен жағдайда) .
Объективтік жағынан - бұл қылмыс:
1) куәні немесе жәбірленушіні жалған жауап беру мақсатында сатып алумен;
2) қате аударуды жүзеге асырғаны үшін аудармашыны сатып алумен;
3) куәні немесе жәбірленушіні жалған жауап беруге мәжбүр етумен;
4) жалған қорытынды беру мақсатында сарапшыны мәжбүр етумен;
5) аудармашыны қате аударуды жүзеге асыруға мәжбүр етумен;
6) аталған адамдарды жауап беруден бұлтаруға мәжбүр етумен білдіреді.
Субъективтік жағынан қаралатын қылмыс - тікелей қасақаналық ниетпен жасалады болады. Кінәлі адам әділ сот органдарына көмек көрсететін адамдарды жалған жауап беруге (жалған қорытынды, қате аударма немесе жауап беруден жалтаруға көндіруге әрекет ететінін жете түсінеді, және осындай әрекетке баруды қалайды.
Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер
Қылмыстың тікелей объектісі-құқық қорғау органдарының үкімді орындау және мүлікті тәркілеу жөніндегі қалыпты жұмысы.
ҚК-тің осы талданатын бабының 1-бөлімінің объективтік жағы - хатталған, тыйым салынған немесе иелік етуге шектеу қойылған мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерінің тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларының жүзеге асыруы сипатталады.
ҚК-тің осы бабының 2-бөлімі соттың үкімі бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасырып қалу немесе иемденіп кету, сол сияқты мүлікке тәркілеу туралы соттың заңды күшіне енген үкімін орындаудан өзге де жалтарумен сипатталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz