Арал өңірін зерттеген ғалымдар


Slide 1

Арал өңірін зерттеген ғалымдар

Дайындаған: Өмірзақов С. Е.

Тексерген: Гиззатжанова А. Г.

Slide 2

Әбу-Л-Қасым Ұбайдаллаһ Ибн Хордадбех, Әбу-л-Қасым Ұбайдаллаһ ибн Абдаллаһ ибн Хордадбех (шамамен 820 - 912/13) - араб географы, тарихшы. Иранда дүниеге келіп, Бағдадта білім алған. Жибал аймағында почта және мемлекеттік хабар жүйесінің бастығы болған. 846/47 ж. “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен аймақтар туралы кітап”) аталатын еңбегін жазып, кейін оны қайта өңдеген (885/86) . Бізге еңбектің тек қысқартылған түрі ғана жетті. Шығармада Қазақстан мен Орта Азиядағы қыпшақтар, қырғыздар, түркештер, қимақтар, оғыздар т. б. тайпалардың орналасуы жөнінде мағлұматтар берілген. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны - Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды.

Әбу Әли Ахмед ибн Русте Әбу Әли Ахмед ибн Омар ибн Русте (т. -ө. ж. б. ) - 9 ғ-дың 2-жартысы мен 10 ғ-дың басында өмір сүрген араб географы. Тегі - парсы. Оның “Китаб әл-алак ән-нафиса” (“Асыл алқалар кітабы”) аталатын еңбегінің бізге тек 7-томы ғана жеткен. Шығармада Таяу және Орта Шығыс, Шығыс Еуропа халықтарының тарихы жөнінде құнды деректер келтірілген. Ибн-Рустенің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым) . Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух - үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.

Slide 3

Исхақ Әл-Истахри, Әбу Исхақ ибн Мұхаммед әл-Фариси әл-Истахри ( шамамен 850, Иран-934) -географ. 930-933 ж. Әбу Зеид әл-Балхидің 920 ж. жазылған географиялық шығармасын қайта өңдеген. Иран, Арабия, Сирия, Мысыр т. б. шығыс елдеріне жасаған саяхаттары негізінде көптеген шығармалар жазған. Еңбектерінің белгілісі - “Сууар әл-ақалим” (“Аймақтардың шет жақтары”) атты түсініктеме жазулары бар карталар мен атластар жинағы. Кітапта Орта Азия мен Қазақстан қ-ларының аттары аталып, олардың орналасқан жері, топографиясы, жол қатынасы туралы нақты деректер келтіріледі. Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды».

Slide 4

Иван Муравин 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын алғаш зерттеген ғалымдардың бірі, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16, 1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай.

Slide 5

Л. С. Берг (1876-1950) еңбектері де табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте алып қарауымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі зерттеу қызметін әуелде Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін (Теке, Қызылқак, Сілетітеңіз) бақылаудан бастаған. Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Аралға таяу Қызылқүмды, Арал маңы Қарақұмын, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын аралап көрді. Оның «Арал теңізі» (1908 ж. ) атты еңбегінде теңіз бен оның айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялык тарихы, гидрологиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері жанжақты сипатталды. Осы және басқа зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, Л. С. Берг Қазақстан аумағын ландшафтылық аймақтарға және морфологиялык облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Қазақтың қатпарлы өлкесі (Сарыарқа), Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі сияқты географиялық облыстар Берг еңбектерінде дәлелденіп берілген.

Slide 6

Алексей Иванович Бутаков (19 ақпан 1816 жылы, Ресей, Кронштадт - 10 шілде 1869 жылы, Германия, Швальбах) - орыс теңізшісі, контр-адмирал. Арал теңізін тұңғыш зерттеп, картаға түсірген саяхатшы-географ. 1840 - 42 жылдары “Або” кемесімен дүние жүзін айналып шығу саяхатына қатысты. 1848 - 49 жылдары Арал теңізін зерттеу және картаға түсіру үшін ұйымдастырылған теңіз экспедициясын басқарды. Теңіздің барлық жерінің тереңдіктері өлшенді, көптеген пункттердің координаттары анықталды, жаға сызығы түгелдей картаға түсірілді. Арал теңізінің орталық бөлігінен жергілікті тұрғындарға бұрын белгісіз болып келген аралдарды ашты. Бутаковтың зерттеулерінің нәтижесінде Ресей Теңіз министрлігінің Гидрография департаменті 1850 ж. Арал теңізінің тұңғыш картасын басып шығарды. Бутаков пен А. И. Макшеев теңіздің толық гидрогр. сипаттамасын жариялады. 1853 - 55 және 1862 - 63 жылдары Сырдарияның төм. және орта ағысын зерттеп, картаға түсірді. 1858 - 59 жылдары Әмударияның атырауын зерттеді. Арал теңізінде және Сырдария мен Әмударияда жүргізген зерттеулері үшін Бутаков Орыс география қоғамының мүшесі және Берлин география қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Бутаков орыс үкіметінің тапсыруымен Арал флотилиясын құрды. 1863 жылдан өмірінің соңына дейін Балтық (Балт) флотында әскери қызмет атқарды. Бутаков есімімен Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы шығанақ аталған.

Slide 7

Александр Иванович Воейков (20. 05. 1842, Ресей, Мәскеу қаласы - 9. 02. 1916, Санкт-Петербург қаласы) орыс климатологы және географы, Ресейдегі климатология ғылымының негізін салушы, Санкт-Петербург ҒА-ның корреспондент мүшесі (1910), философиялық ғылының докторы (1865) және физикалық географияның құрметті докторы (1980), Санкт-Петербург университетінің професоры (1885) . 1913 жылы Оңтүстіктегі құрғақшылықтың басты себепшісі Арал теңізі деп есептеп, осы бір орасан үлкен су қоймасын біржола құртуды ұсынады.

Slide 8

Толстов Сергей Павлович - алғашқы қауымдық құрылыс, ерте дүние, орта ғасыр тарихы мен археологиясына, дін тарихы және сол елдердің этногенезі жайлы 300-ден аса еңбек жазған. Көп томды «Дүние жүзі елдері» басылымының редакторы және авторларының бірі. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын ұйымдастырушы (1937), басшысы (1969 жылға дейін) болды. Сыр бойындағы Бәбіш - Молда, Шірікк- Рабат, оның маңындағы Ірікбай, Бестамқала, Бөрлі 1, 2, Шағырлы 1, 2, Іңкәрқала, Сырлытам, Қарақалпаққала, Аралбайқала, Қызылқала, т. б ондаған көне қалалар мен елді мекендерге қазба жұмыстарын жүргізіп, тарихи қалыптасуын анықтауға үлес қосты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949) . Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуірде
Қазақстанның экологиялық апаты
Жетісуды зерттеген орыс ғалымдары
Арал теңізі туралы
Арал проблемасы
Қазақстанды зертт еген ғалымдардың еңбектерін талдау
"Жас географ" сайыс сабағы
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Қоршаған орта
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz