Сырдың тұлғалары тарихи



Сырдың тарихи тұлғалары
Дайындаған:Өмірзақов С. Е.
Тексерген:Гиззатжанова А. Г.


Қорқыт Ата- түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.

Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV ғ. соңы - XV ғ. ортасы) . Мемлекет қайраткері, ақын, философ. Әкесі Сәбит Арал өңірін мекен еткен. Қазақ халқын бір ту астына біріктіруге күш-жігерін аямай жұмсаған. Қазақ хандығының ұраншысы Асан Қайғының этикалық, поэтикалық зерде және философия, гуманизм бағыттардағы дүниетанымдық мұралары халыққа мирас. Есімі бүгінге дейін ноғай, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында құрмет тұтылып келеді

Сайд Ахмат Жалаладдин Қосани (1461-1542 жж. ) . Сыр өңірінде Мағзаман әулие атымен белгілі. Самарқанда тіл білімінің синтаксисі, морфология саласы бойынша біліктілік алған ол кейін оқуын Ташкентте жалғастырған. Жасы отызға жетпей діни білімі мен іліми дәрежесіне сай Мақдум Мағзам атағы берілген. XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Жаңа дария - Сырдария аралығын мекендеп, ағартушылық қызмет атқарған. Діни, саяси әлеуметтік мәселелер, мемлекеттік іс басқару жүйелері туралы отыздан астам іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырған.
Мақтұм Cейіт Баба (1590-1663 жж. ) . Сырдария ауданы Шаған ауылының солтүстік-батысында дүниеге келген. Ол ислам дінін берік ұстанған аса сауатты, ғұлама тұлға. Жарлыларға болысып, имандылықты насихаттаған, сөйтіп ел құрметіне бөленген. Ұрпақтарының арасынан мешіт ұстаған 20 ишан шыққан.
Мәдіқожа (Махди) - XVII ғасырда Сыр өңірінде өмір сүрген оқымысты, көріпкел әулие. Мәдіқожа Түркістан өлкесіндегі Қожа Ахмет Ясауидан кейінгі халықты ұлы да игі істерге бастаған екінші тұлға саналады. Сырдария ауданының Жетікөл елді мекенінде Мәдіқожа атындағы мешіт және ескерткіш бар.

Қожжан қожа (1595-1676 жж. ) . Бағдат, Бұқара сынды ірі мәдени орталықтарда білім алған. Оның атағы Сыр елі мен Өзбекстан жеріне, Қарақалпақ өңіріне кең тараған. Сыр өңірінде мешіт салдырып, ауыл-ауылдарға шәкірттерін жіберіп, жас балалардың діни білім-тәрбие алуына барынша ықпал етіп отырған.
Айқожа ишан Темірұлы (1773-1857 жж. ) Ташкентте, Бұхарада, Ауғанстанда діни білім алған. Айқожа ишан Жаңақорған өңіріндегі Қарасопыда мектеп-медресе ашып, ағартушылық қызмет жүргізіп әрі имандылық тәрбиесін берумен айналысқан. Ақтастағы Айқожа ишан мешіті Сыр өңіріндегі ірі тарихи ескерткіштердің бірі.
Мүсірәлі сопы әзиз - Әжіқожа Жәдікұлы (XVII ғ. екінші жартысы - XVIII ғ. басы) . 1680 ж. Күлтөбеде Тәукені хан сайлағаннан кейін билер Әжіқожаны бүкіл қазақтың пірі деп жариялайды. Есіміне сопы әзиз деген атақ қосылады. Қазақ халқы әдет-жосындарының жиынтығы «Жеті жарғы» заңын әзірлеуге қатысқан.
Құлболды ишан (шамамен 1785-1860 жж. ) . Сырдария ауданы Жетікөл мен Айдарлы ауылдарының арасында дүниеге келген. Бар саналы ғұмырын мұсылманшылықты насихаттап, шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Жас кезінде Ханқожаның медресесінде діни сауаттанады. Бұхарада, Ауғанстанда жоғары білім алады. Елге оралған соң Ысмайыл Әздүр мешітінде имам болып, бала оқытады.

Сейтбембет әулие (XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. ортасы) . Сейтбембет Хиуа, Бұқара медреселерінде оқып, Бағдат, Мысыр, Шам, Мекке, Медине, Герат қалаларында білімін жетілдірген. Ол Сыр бойы халқы арасында үлкен сый-құрметке, зор рухани ықпалға ие болған.
Оразай ишан Бұғыбайұлы. Ол 1809 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таниды. Оразай ишан Торғай өңірінде халықты дінге уағыздау, сауатын ашу бағытында көп еңбек сіңірген. Сырдарияның арғы бетінде (Сұлутөбе тұсында) «Зіңкетер» деген жерде мешіт ұстап, бала оқытқан.
Марал ишан Құрманұлы (1780-1841 жж. ) - бұрынғы Қазалы, Торғай және Қостанай уездеріне айрықша мәлім болған ислам ағартушылығы дәстүрінің көрнекті тұлғасы, қоғам қайраткері. Бұхарадағы діни оқу орындарында оқып, Шығыс ғылымы мен ілімін игерген. Сыр бойына келген соң халықтың сауатын ашып, мәдениетін көтеруге көп еңбек сіңірген. Сырдарияның бір саласы Қараөзектің бойына жағалай 7 мешіт-медресе («Қара бөгет», «Байбол», «Ишан ауылы», «Қырғы мешіт», «Қолаңтөбе», «Қышмешіт», «Оспан ишан», «Қамыр төбе» мешіттері) салдырған. Бұларда бала оқып, тәлім алған. Ресей империясы отаршылдық саясатына және Хиуа хандығы басқыншылығына қарсы ымырасыз күрес жүргізген. Бейіті Қармақшы ауданы Баба атындағы қорымда.


Әбдікәрім Оңалбаев (5. 12. 1901, Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылы - 6. 4. 1964, Қызылорда қаласы) - ақын. Коммунистік журналистика институтын бітірген (1938) . Өлең-жырлары баспасөз бетінде 1930 жылдан бастап жарық көрген. 1940 - 43 жылдары «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналында жауапты хатшы, 1943 - 64 жылдары «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Ақынның «Сыр бойы» (1951), «Таң алдында» (1963), «Өсиет» (1969), «Атамекен» (1981), «Туған жер» (1992) атты жыр жинақтары жарық көрген. 1991 жылы Мақпалкөл ауылындағы орта мектепке Оңалбаевтың есімі берілді.

Зейнолла Шүкіров (1927 - 1979) - Қызылорда облысы Арал ауданындағы Бөген кеңістігінде туған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шыққан. Оның балаларға арналған жинақтары бар. Бірқатар өлең, дастандары орыс тілінен аударып, "Менің достарым", "Күншуақ" деген атпен шықты. Шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасыымен марапатталған (1977) .

Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі, Қазақстан халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Әбділда Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) -Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

Қаназ Молдахмет (23. 2. 1942 жылы туылған, Арал ауданы Бекбауыл станциясы) - жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1980) . Қаназдың ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, замандастарының ой-арманы, адамгершілік мәселелері туралы жазылған «Сонар» (1973), «Арна» (1978), «Ақ тайлағым-ай» (1980), «Құм ойнау» (1984), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Жаңбырлы жал» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993), «Жанқожа»(2001) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген. Қаназдың еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі шығармашылығы. Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өнегелі өмірі мен өшпес ерлігіне арналған. Осы тақырып аясында «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драмасы, сондай-ақ, «Ел қорғаны - Ер Жәкем» атты іргелі еңбегі (С. Қалуовпен бірге) жарияланған.

Дүкенбай Досжан (09. 09. 1942, Құланшы ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы - 15. 09. 2013, Астана) - жазушы. 1966 - 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астамәңгіме жазды


Нартай Бекежанов (1890 - 1945) - ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Өсиет» деген атпен өлеңдер, дастандар, айтыстар енген жинағы жарық көрді. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы (1939) берілген.

Роза Бағланова - әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996) . Қызылорда облысыныңҚазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. 1947 - 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 - 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған

Дүйсекеев Кеңес Дүйсекеұлы (1946) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994) . Алматы консерваториясын бітірген (1974) . 1974 - 1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976 - 1979 жылдары “Қазақконцерт”гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975 -Ол - “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының(1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz