Ұлттық саябақтар



М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы:
Мамандығы:
Дисциплина:
Ақтөбе 2016 жыл

Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.

1 Баянауыл ұлттық саябағы
2 Алтынемел табиғи саябағы
3 Іле Алатауы саябағы
4 Көкшетау саябағы
5 Қарқаралы саябағы
Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.

Баянауыл ұлттық саябағы

Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығьінын негізінде құрылған, ауданы 50, 7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан.

Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т. б. деп аталады.

Баянауыл ұлттық паркіндегі тау шатқалдарын жаяу аралап жүрген демалушылар.

Алтынемел ұлттық саябағы

Алтынемел - 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.

Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «Қызыл кітапқа» енген 22 түрі бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні - өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер болып саналады. Қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар. Бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі. Құстардың 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілгенСаябақта 1976 - 77 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді.

Іле Алатауы ұлттық саябағы

1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199, 7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды.

Ең биік шыңы - Конституция (4540 м) және Қазақстанның 25 жылдығы шоқысы (4494 м) . Ең үлкен мұздық - Дмитриев мұздығы (ауданы 17 км²) . Түрген, Есік, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай, Қаскелең өзендері ағып өтеді

Көкшетау ұлттық саябағы

«Көкшетау» - ұлттық табиғи паркі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10. 04. 96 қаулысы негізінде құрылды.

Мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар.
Саябақтың негізгі аумағы 151, 1 мың га, бұған көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтарымен, кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайынды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалкар, Лобанов, Белый және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді.

Қарқаралы ұлттық саябағы

Сарыарқның Қарқаралы және Кент тауларындағы дала өсімдіктері мен қарағайлы орман өскен аймағын алып жатыр. Бұл аймақта бұрын биік таулар болатын, уақыт өте бұзылып, көптеген ұсақ шоқылар мен адырларға бөлініп кеткен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz