Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані


Slide 1

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані

Slide 2

Жоспар:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Бұлшық ет ткані туралы жалпы түсінік

Физиологиялық қасиеті

Бұлшық ет тканінің қызметі

Бұлшық ет тканінің құрылысы

Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі

Бұлшық ет тканінің жиырылу механизмі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Slide 3

КІРІСПЕ

Бұлшықет үлпалары жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы қимыл-қозғалысын, сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікті (қаңқа бүлшық еттері) және еріксіз (ішкі мүше- лері мен тамырлар қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттар) салыстырмалы қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет үлпаларының жиырылу, ширығу, босаңсу сияқты қызметтері жүйке үлпасының қызметімен тікелей байланыста жүреді және жүйке үлпасының басшылығымен іс жүзіне асады. Ет үлпалары өкілдерінің ортақ белгілері - олардың үқсас эмбриондық торшалар - миобласттардан дамуы жөне ет торшалары (миоциттер) мен ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз ететін арнайы органел- лалар - миофибриллалардың (белокты жіпшелер) болуы. Актин және миозин белоктары молекулаларынан қүралған миофибрилла- лардың жиырылу процесі аталмыш белоктар молекулаларыньщ өзара әсерлесуі нәтижесінде және басқа да белоктар мен кальций ионының қатысуымен жүреді. Жиырылу - куатты (энергияны) көп мөлшерде қажет ететін процесс.

Slide 4

Бұлшық ет түрлері

Slide 5

Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу. Ет тіннің қозғыштық, дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшыкеттің тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады. Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен. Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдыкпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3, 5-14 м, жүрек етінде 0, 9-1 м, ал бірыңғай салалы етте 0, 5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды. Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді.

Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері:

Slide 6 Slide 7

БҰЛШЫҚ ЕТ ҰЛПАЛАРЫ - құрылысына, қызметіне, шыгу тегіне және орналасу орнына байланысты жіктеледі: 1) бірыңғай салалы 2) көлденең жолақты 3) арнайы жиырылғыш .

Slide 8

Бұлшықеттің қызметі

Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы) . Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты.

Slide 9

Бұлшықеттің құрылысы:

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы;

2 - бұлшықет талшығының шоғыры;

3 - бұлшықеттің жуан талшықтары;

4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы;

Slide 10

Бұлшық ет ұлпасының түрлері

Бірыңғай салалы

Көлденең жолақты

Арнайы жиырылғыш ет ұлпалары

Slide 11

Пішіні ұршық төріздес үзынша келген ет торшалары - миоциттер қүрайды. Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасы еріксіз жиырылады. Аталмыш үлпа ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының, без өзектеріның, көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын етті қабықтары мен қабаттарын түзеді. Үлпа миоциттерінің мөлшері мүшелердің қүры- лысы мен физиологиялық жағдайларына байланысты, үзындығы - 20 мкм -ден 500 мкм -ге, ені - 6 мкм -ден 20 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Олардың үзынша келген ядролары торшалардың ортаңғы жуандау келген түсында, ал органеллалары мен гликоген түйір- шіктері ядро маңындағы цитоплазмада орналасады. Миоцит цитоплазмасында жиырылу процесін іс жүзіне асыратын белокты жіпшілер - миофибриллалар (арнайы органеллалар) торшаның үзын бойымен бойлай орналасады. Олар кезегімен орналасқан актин және миозин миофиламенттерінен қүралған. Миозин миофила- менттері актин миофиламенттеріне қарағанда 3-24 есе жуан.

Бірыңғай салалы жолақсыз ет үлпасы

Slide 12

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы

1 - миоцит,

2 - ядро

Slide 13

Құрылысы

А - жарық микроскобында

Б - электронды микроскопта.

1 - тегіс миоциттер;

2 - ядролар;

3 - цитоплазма;

4 - митохондриялар;

5 - миофиламенттер;

6 - гавеолалар;

7 - жасушааралық байланыс;

8 - базальды мембрана.

Slide 14

Көлденең жолақты ет ұлпасы

Қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет талшықтарының сопақша келген мыңдаган ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында орналасады. Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген.

Slide 15

Көлденең жолақты ет ұлпасы екіге бөлінеді

Қаңқа бұлшықет ұлпасы

Жүрек-ет ұлпасы

Slide 16

Қаңқа бұлшықет ұлпасы

Көлденең жолақты бүлшық ет үлпасы қаңқаның, тілдің, жүт- қыншақгың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, қүлақтың, көкеттің бүлшық еттерін қүрайды. Көлденең жолақгы бүлшық ет үлпасының ет талшықгары миосимпласттардан (бейтор- шалық күрылым) түрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталган.

Бүлшық ет талшықгарының арнайы органеллалары - миофибриллалар миосимпласт қараи шетке ығыстырып, цитоплазма орта- лығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын бойлай орна- ласады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм.

Slide 17

Көлденең жолақты б/е ұлпасы

1 - бұлшықет талшығы (симпласт)

2 - ядро.

Slide 18

Жүрек-ет ұлпасы

Жүректің ортаңғы етті қабығы - миокардты құрайды. Аталмыш үлпа көлденең жолақты жүрек ет үлпасының торшалары - кардиомиоциттерден тұрады. Кардиомиоциттер - қызметіне байланысты жүмысшы кардиомиоциттер және өгкізгіш кардиомиоциттер болып екі түрге бөлінеді.

Жұмысшы немесе жиырылғыш кардиомиоциттердің үзындығы 100-150 мкм, көлденеңі 10-20 мкм, пішіні цилиндр тәрізді үзынша болып келеді. Жүрек ет торшасының екі үзын үштарындағы кардиомиоциттер сарколеммасы өте үсақ келген, пішіні саусақгарға ұқсас өсінділер түзеді.

Өткізгіш кардиомиоциттер мөлшері жағынан жүмысшы кардиомиоциттерге қарағанда ірі келеді. Олардың үзындығы 100 мкм, көлденеңі 50 мкм. Олардың цитоплазмаларында жалпы органеллалардың барлығы да бар. Бірақ, миофибриллалары аз болады жөне олар торшаның шеткі жағында сирек жатады

Slide 19 Slide 20

Жүрек бұлшықет ұлпасы

А - жұмысшы миоциттер; Б -атиптік миоциттер; В -ультрамикроскоптық құрылыс схемасы.

I - жұмысшы б/е; II - атиптік б/е: 1 - кардиомиоциттер ядролары; 2 - цитоплазма; 3 - вставочный диск; 4 - миофибрилдер; 5 - митохондриялар; 6 - Гольджи кешені; 7 - анастомоздар.

Slide 21

Арнайы жиырылғыш үлпалар

Сүт, сілекей, тер бездерінің миоэпителиоциттері, көздің нүрлы қабығының миопигментоциттері, көз қарашығының тарылтқыш миоциттері жатады. Бірыңғай салалы ет үлпасы мезенхимадан, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы мезодерманың миотомынан, көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы мезодерманың спланхнотомынан, миоэпителио- циттер мен көздің нүрлы қабығының миопигментоциттері және көз қарашығын тарылтқыш миоциттер эктодермадан дамиды.

Slide 22

Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі.

Бұлшық ет талшығының ұзындығы және жуандығының өсуі есебінен жасөспірімдермен ересектерде бұлшық ет тінінің көлемі ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет тіндерінің ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және жасушалық та бөліктерінде байқалады. Нақтылы айтқанда, базальді мембранасы қалыңдайды, миофибрильдердің құрылымдық ұйымдасуы бұзылады, олар көлденең жолақтығынан айырылады, жеке фрагменттерге ыдырайды, Z- сызық «ыдырап кетеді». Елеулі өзгерістерге митохондриялар ұшырайды, олар сарколемманың астында жиынтықтар құрып, гипертрофияға немесе, керісінше, дегенерацияға ұшырайды.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Жүрек бұлшықет тінінің регенерациясының мүмкіндіктері
Жүрек бұлшықет тіні
Бұлшықет тіндері
Май ткані әртүрлі реңді сарғыш түсті, үгітілмелі консистенциясы
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
Сүйек тканінің құрылымдық ұйымдасуы
КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz