Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастардың қалыптасуы


Slide 1

РМҚК «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: стоматология

Курс:

Топ:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастардың қалыптасуы

Орындалу формасы:презентация

Slide 2

Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастардың қалыптасуы

САТЫЛДЫ

Slide 3

Жоспары

Кіріспе

Меншік және меншік құқығы туралы ұғым

Мемлекет иелігінен алу

Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты

Мемлекет иелігінен алу үш кезені

Жаңа қатынастар

Әлемдік тәжірибелер

Реформалар

Меншік түрлері

Түйін

Әдебиеттер

Slide 4

МЕНШІК

Slide 5

КІРІСПЕ

Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революция­лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер­де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

Slide 6

сатылды

Slide 7

Меншік және меншік құқығы туралы ұғым

Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік - адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т. б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.

Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.

Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Slide 8

Мемлекет иелігінен алу

Slide 9

Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты

Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио­нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т. б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

Slide 10

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша Қазақстан Республикасының бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді

Slide 11

Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж. ) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

Екінші кезең (1994-95 жж. ) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объекті­лер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіп­орын­дар жекешелендірілді.

Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады

Slide 12

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды.

Slide 13

Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады.

Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастары­ның монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.

Slide 14

Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргі­зі­лген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған

Slide 15

Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар

1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.

2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы.

3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.

4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

Slide 16

Меншік түрлері

Меншік дегеніміз - бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады. Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік-бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі. Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады. Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Slide 17

Меншіктің түрлері


Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығының іргелі талдау
Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық
Отбасы әлеуметтануы
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Отбасы - ең қымбат қазына:
Салық және салық салу курсы
Халықаралық валюта жүйесі
Отбасының негізгі типтері
Ұлттық қатынастардың субъектілері
Қазақстанда салықтардың қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz