Қосымшалар серверінің моделі және үш деңгейлі клиент-сервер архитектурасы


Slide 1

Қосымшалар серверінің моделі

Болатов Мадияр

Муратов Еркайрат

13-09 ИСК

Slide 2

Қосымшалар серверінің моделі

Желі - бұл есептеу ресурстарының тиімді үлестірілуін қамтамасыз ететін программалық, техникалық және коммуникациялық құралдардың жиынтығы.

«Клиент-сервер» технологиясы кең тарауда, бірақ технологияны нақты программалық өнімде іске асыру әртүрлі.

«Клиент-сервер» технологиясының негізгі қағидаларының бірі - мәліметтерді өңдеу операциясын табиғаты әртүрлі үш топқа бөлу. Бірінші топ - бұл мәліметтерді енгізу және бейнелеу. Екінші топ берілген пәндік облыстың міндеттерін шешу үшін тән, мәліметтерді өңдеудің қолданбалы операцияларын біріктіреді. үшінші топ - мәліметтерді сақтау және оларды басқару операцияларын қамтиды.

«Клиент-сервер» технологиясын іске асырудың үш моделін ажыратады:

1. қашықтағы мәліметтерге ену моделі(Remote Date Access - RDA) ;

2. мәліметтер қоры серверінің моделі(Date Base Server - DBS) ;

3. қосымшалар серверінің моделі(Application Server - AS) .

AS-моделінде клиент-компьютерінде орындалатын программалар мәліметтер енгізу және бейнелеу міндеттерін шешеді, яғни бірінші топтың операцияларын жүзеге асырады. Қолданбалы программалар бір немесе қосымшалар серверінің тобымен орындалады. Қолданбалы есептерді шешуге қажетті ақпараттық ресурстарға ену RDA-моделіндегідей қамтамасыз етіледі. Қолданбалы программалар түрлі типтегі ресурстарға енуді қамтамасыз етеді -мәліметтер қорына, индексацияланған файлдарға және т. б.

RDA- және DBS-модельдері операциялар бөлінуінің екі буынды схемасына сүйенсе, AS- моделінде қолданбалы программалар маңызды ретінде ерекшеленген, операциялар бӛлінуінің үш буынды схемасымен жүзеге асырылған.

Slide 3

Қосымшалар серверінің моделі

Бұл модель екі деңгейлі модельдің кеңейткіші болып табылады және онда клиент пен сервер арасындағы қосымша аралық деңгей жүргізіледі. Үш деңгейлі модельдің архитектурасы келесі бетте көрсетілген. Бұл аралық деңгейдің ішінде бір немесе бірнеше сервер қосымшасы бар.

Бұл модельде қосымша компоненттері үш орындаушы арасында бөлінеді:

Клиент локалдық редакторларды, қолданушының графикалық интерфейсін қоса отырып логиканың ұсынылуын қамтамасыз етеді; клиент клиент-компьютерде орналасқан локалдық ДБ-ға сұраныстары (обращения) бар бола алатын клиент қосымшасның локалдық кодын қоса алады. Клиент локалдық немесе глобалдық желіге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қосымшаның front-end бөлігінің коммуникациондық функцияларын орындайды. Қосымша ретінде клиент пен сервердің өзара байланысуын жүзеге асыру өз ішіне үлестірілген транзакцияларды басқаруды қоса алады.

Қосымшалар сервері архитектураның жаңа аралық деңгейін құрастырады. Олар клиентке арналған ортақ жүктелмейтін функцияларды орындау сияқты жобаланған. Қосымшалар сервері жұмыс істеуші топтардың әрекеттесетін бөліктері сияқты клиенттер функцияларын қамтамасыз етеді, жүйелік домендік операциялық ортаны қамтамасыз етеді, бизнес-логиканың ортақ ережелерін орындайды және сақтайды, мәліметтері бар каталогтермен жұмыс істей алады, хаттармен алмасуды және сұраныстарды қолдауды (әсіресе үлестірілген транзакцияларда) қамтамасыз етеді.

Бұл модельде деректер базасының серверлері тек ДББЖ функцияларымен ғана жұмыс істейді: ДБ құру мен оны толтыру функцияларын қамтамасыз етеді, реляциондық ДБ-ның бүтіндігін қолдайды, деректер қоймасы (warehouse services) функциясын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оларға ДБ-ларының резервтік копияларын құру және шалыс соққаннан (сбой) кейін ДБ-ын қайта қалпына келтіру, транзакциялар орындап басқару және ескірген қосымшаларды (legacy application) қамтамасыз ету функциялары тапсырылады.

Slide 4

Қосымшалар серверінің моделі


Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы және физикалық қол жеткізу әдістері
Қосымшалар архитектурасы: түрлері, архитектуралық стильдер және сапа критерийлері
Сабақта саралау: үш деңгейлі оқу нәтижелері мен бағалау критерийлерін жобалау
Деректер базасының архитектурасы мен деректерді ұсыну модельдері
Деректер қорларының құрылымы және объектілері (Microsoft SQL Server мысалында)
Виртуалды жеке желілер (VPN): принциптері, архитектурасы, қауіпсіздігі мен хаттамалары
Стартап жобаларындағы маркетинг: Customer Development, сегменттеу және клиент аватары
C++ Builder: тарихы, архитектурасы және негізгі мүмкіндіктері
Интернеттің архитектурасы: серверлер, хаттамалар мен Web-беттер логикасы
Microsoft SQL Server қолдану нұсқаулығы: утилиталар, деректер қорын құру, кестелер, индекстер және диаграммалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz