Саяси партиялар



Саяси партиялар
Орындаған: Болатов Мадияр

Саяси партия
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М. Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.

Саяси партия қызметтері
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Қазақстандағы саяси партиялар Зиялылар қызметі
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х. Досмұхамедов, С. Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б. Қаратаев, Ж. Досмұхамедов, М. Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ғ. Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.

Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.
1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә. Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы жөнінде каулы кабылдады («Семипалатинский листок», 1906, 13 маусым) . Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т. б. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттык бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді.
Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін Сурет:Шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә. Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.

Нұр Отан
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы - саяси партия.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz