ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ




Презентация қосу
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Мадияр Болатов 13-09
ИСК
Қытай философиясы
Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық
білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б.
1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі
дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында
аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы
құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет
мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы
қалыптасты. Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде
пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік
философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя),
моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян
цзя), тағы басқа қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға
таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы
философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық
буддизмді (чань-буддизм) құрады.
Лао-Цзыдың қанатты сөздері
Аяулы оқырмандардың назарына VI—V ғасырларда өмір сүрген Қытай халқының дана ойшылы,
даос философиясының негізін салушы Лао-Цзыдың қанатты сөздері.
Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер
де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
Сабырлылық - жақсылықтың қайнар көзі.
Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне
көңілін байламайды.
Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.
Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.
Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар - әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау
Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге
талпыну - рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана
бұлардан арыла аламыз.
Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
Конфуций идеялары
Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты,
бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу
керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен
басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына
сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген
қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда
Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң
да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел
билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар
жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен
басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде
басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға
тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету –
басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен
жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі
сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге
болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап
берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда
билікті де жоғалтып аласың”.

Ұқсас жұмыстар
Даосизмнің негізін қалаушы
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Шығыс философиясы
Ежелгі Мұсылман философиясы
Конфуций философиясы
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Ежелгі грек
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Қытай эстетикасы мәселелері
Пәндер