Желілік ОЖ




Презентация қосу
Желілік ОЖ
ОРЫНДАҒАН: БОЛАТОВ МАДИЯР
1
Желілік операциялық
жүйе
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен
басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан
деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан
программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің
жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз
ақпарат алмасу мүмкіндігі.
2
Желілік операциялық
жүйе
Желілік операциялық жүйе желілік деңгейдегі функциялармен жұмыс істейтін аппараттық
желі аралық экран немесе маршрутизаторға орнатыла алады. Мысал ретінде келесі ОЖ-лер
келеді:
JUNOS – Juniper Networks деген өндірушінің маршрутизаторы мен коммутаторларында
қолданылады.
Cisco IOS (бұрынғы «Cisco Internetwork Operating System») – Cisco өнімдерінде қолданылады.
TiMOS – Alcatel-Lucent коммутаторларында.
VRP (Versatile Routing Platform) – Huawei коммутаторларында.
RouterOS – компьютерді немесе MikroTik құрылғысын бөлектенген маршрутизаторға
айналдыратын программалық жасақтама.
ZyNOS – ZyXEL компаниясының құрылғыларында қолданылады.
Extensible Operating System – Arista Networks фирмасының коммутаторларымен
қолданылады.
ExtreeXOS немесе EXOS – Extreme Networks-тың желілік құрылғыларында.
3
Желілік ОЖ-ға
мысал:

Желілік ОЖ-ға мысал:
Novell NetWare
LANtastic
Microsoft Windows (NT, XP, Vista, 7, 8,
8.1, 10)
Solaris, FreeBSD сияқты түрлі UNIX
Windows Server 4
Windows NT (NT — New Technology) тектес операциялық жүйелер, үрдістер арасын адрестік
кеңістікпен бөлу негізіне жасалған. Әр үрдістің, оған бөлінген жадымен жұмыс жасау мүмкіндігі
бар. Алайда, ол жадыға басқа үрдістерді, драйверлерді және жүйелік кодын жазуға құқығы жоқ.
NT тектес Windows – көп есепті ығыстырушы және көп пайдаланушылық құралдары дамыған,
торапты қолдауы кірістірілген 32-разрядты ОЖ.
Бұл операциялық жүйе жергілікті торап аймағында жұмыс жасайтын пайдаланушылар үшін,
деректермен алмасып, үлкен жобалармен жұмыс жасайтын ұжымдық пайдаланушылар үшін өте
ыңғайлы.
Microsoft Windows Server 2008 — Windows Server операциондық жүйелерінің жаңа ұрпағы.
2008-ші жылдың 27-ші ақпанында жарық көрді. Бұл жүйе Windows server 2003-ті алмастырған
және Vista операциондық жүйесінің көрсеткіші . Ол IT мамандарына инфрақұрылымды толықтай
бақылауға, қолжетімді және жеңіл басқаруды қамтамасыз етеді. Осы айтылғандардың барлығы
серверлік ортаға бұрынғыға қарағанда өте жоғары қауіпсіздікті және сенімділік мен беріктікті
береді.
Server 2008-де қорғаныстың жаңа функциясы AD DS — Read-Only Domain Controller бар. Егер
физикалық немесе административті қорғаныс төмен болса, онда ол домен ақпараттарының тек
копиясын ғана оқуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйе. ОЖ-нің түрлері мен дамуы
Операциялық жүйелер,түрлері,қызметі туралы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның даму түрлері ( MS –DOC, NC,OS/2,UNIX,Windpws оның түрлері)
Операциялық жүйелер және даму тарихы
Операциялық жүйенің даму тарихы
Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі жайлы
1.Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік. 2.Жалпы түрлері 3.Қызметтері
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS 2,UNIX, Windows, оның түрлері) туралы ақпарат
RouterOS
Желілік операциялық жүйе
Пәндер