Өндірісті ұйымдастыру және жобалау




Презентация қосу
Өндірісті
ұйымдастыру және
жобалау
Орындаған: Болатов Мадияр, 13-09 ИСК
Өндірісті ұйымдастырудың мәні мен
принциптері.
• Негізгі өндірістің алғашқы түйіні жұмыс орыны болып табылады. Жұмыс
орны дегеніміз жұмысшы немесы жұмысшылар тобы тиісті жабдықтар
мен техникалық құралдарды пайдалана отырып өнімді өндіру бойынша
белгілі бір операцияны орындауға немесе өндіріс процессіне қызмет
көрсетуге арналып бөлінген өндіріс алаңының бір бөлігі.
• Жұмыс орнының түрі мен ерекшелігін негізінен оның құрылымы
анықтайды. Бір жұмыскер бір жабдықпен жұмыс істесе, жұмыс орны
қарапайым болуы мүмкін. Бір жұмысшы бірнеше жабдықпен жұмыс
істесе, көп станокты болуы мүмкін. Жұмысшылар тобы бір құрылғыны
басқарған кезде ұжымдық болуы мүмкін.
Өндірісті ұйымдастырудың мәні мен
принциптері.
• Кәсіпорнынның бастапқы құрылымдық немесе өндірістік бірлігі
учаске болып табылады. Өндірістік учаскенің өнімдері кәсіпорынның
ішінде қайта жасап шығаруға немесе процесстің қорытынды кезеңін
орындау үшін арналған. Учаскелер саны, құрамы және олардың
арасындағы өндірістік байланыс үлкен өндірістік бөлімшелердің
(цех) құрымы мен жалпы кәсіпорынның структурасын анықтайды.
• Үлкен зауыттарда цехтар бірігіп корпусты құрайды. Маңайында
өндірістік учаскелер, цехтар, корпустар қалыптастыратын, өндірістік
процессті бөліктерге бөлу, шартты түрде және елеулі шамада
өндірістің масштабымен анықталады.
Негізгі өндірісті жоспарлау.
• Негізгі өндірісті жоспарлаудың басты объектісі өндірістік бағдарлама болып
табылады.
• Болжанатын сату көлемі және кәсіпорынның өнім шығуы негізінде
мемлекеттік тапсырыс пен тұтынушылар сұранысының нарығын зерттеу
процессінде айқындалған тұтынушының тапсрыс есептері өндірістік
бағдарламаны қалыптастырады.
• Мемлекеттік тапсырыс жұмысты тиімді жасау жолын қамтамасыз ететін
компанияларға тапсырылады.
• Өндірістік программа үш бөлімнен тұрады: табиғи түрде өнім өндіру жоспары,
құндық түрде өнім өндіру жоспары, табиғи және құндық түрде өнімді сату
жоспары.
Кәсіпорынның өндірістік процестерді
ұйымдастыру әдістері.
• Өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістері үздіксіз,
топтамалық және дара болып табылады (1-сурет).
Кәсіпорынның өндірістік процестерді
ұйымдастыру әдістері.
• Өндірісті ұйымдастырудың әдістерінің ішіндегі ең ілгеріндісі үздіксіз әдіс болып
табылады. Ол өндірісті ұтымды ұйымдастырудың барлық принциптерін шамалы
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
• Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялық) әдісі өнімді сериялап шығарумен
белгіленеді, және осыған орай жұмыс орындарында өңделетін өнім түрлерінің
өзгеруімен, сондай-ақ өнімнің жаңа сериясын жасауға арнап құрал-жабдықты қайта
реттеудің салдарынан оның жұмысындағы мерзімді түрдегі үзілістермен белгіленеді.
• Өндірісті ұйымдастырудың бірлі-жарымдық әдістері кезінде өнім жекелеген бірліктер
мен ұсақ серия түрінде шығарылады. Бірлі-жарымдық өндіріс техника мен
технологияны жетілдіру себебінен жаңа, бұрынғысына қарағанда жетілдірілген
өнімді шығаратын тәжірибелі өндірістің дамуымен байланысты болып келеді.
Компанияның ұйымдық
сипаттамасы.
• «Құрылыс материалдары» кәсіпорыны – мүлік формасы бойынша ұжымдық кәсіпорын
деп сипаттауға болатын жаңа кәсіпорын.
• Кәсіпорын жергілікті ресурстар мен басқа жақтан әкелінген шикізаттан түрлі құрылыс
материалдарын өндірумен айналысады.
• Көлемі мен жылдық өндіріс қуаты бойынша кәсіпорынды ортанша кәсіпорындар
категориясына жіктеуге болады.
• Кәсіпорын әкімшілігін директор (бас директор) басқарады. Ол кәсіпорынның қожасы
болып тағайындалады. Директор кәсіпорын атынан әрекет етеді. Оны барлық
шаруашылық және мемлекеттік мекемелерде таныстырады. Директор заңнама мен
кәсіпорын жарғысына сәйкес бұйрықтар шығарады, кәсіпорын мүлкін басқарады, басқа
мекемелермен келісімшарттарға отырады, өз атынан басқа тұлғаларға сенімхат береді,
банктарда есеп айырысу шотын ашып, шоттардағы ақшалай қаражатқа иелік етеді.
Кәсіпорындағы негізгі өндірісті
ұйымдастыру және жоспарлау.
• «Құрылыс материалдары» кәсіпорынында қолданылатын өндірістік процесс
ұсақ сериялы өндіріс типіне ие және өндірілетін бұйымдардың тар
номенклатурасымен, үлкен емес шығарылым көлемімен, аз қайталанумен
сипатталады. Сонымен бірге өндірістік процесс механикаландырылған
еңбектің үлкен үлесімен бірге әр түрлі әмбебап құрылғыларда жүзеге
асырылады.
• Өнімді өндірудің өндірістік процессі үш деңгейден тұрады: даярлық, өңдеуші,
қорытынды.
• Өнімнің өндірістік процессі өнімнің сууы мен құйма формаларын, құралдарды,
пресс-штамптарды жасауға бағытталған көмекші процесстердің уақытымен
байланысты табиғи процесстерге көп уақыт кетірілуімен сипатталады.
Өндірісті ұйымдастыру және
жоспарлауды жетілдіру жолдары.
• Өндірістік-шаруашылық және өндірістік кәсіпорындардың өткізу қызметін
ұйымдастыру көбінесе өндірістік және экономикалық жүйелерді жоспарлау мен
ұйымдастырудың жалпыға мәлім әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Интегралданған логистикалық жүйелерге көшу тек материалдық ағындарды
методологиялық ұйымдастыру базасын кеңейтуді ғана емес, ұйымдастыру мен
жоспарлау әдістерін түрлендіруді талап етеді.
• Логистика саласындағы практикалық және ғылыми есептерді шешу үшін
қолданылатын негізгі әдістерге жүйелі талдау әдістерін, операцияларды зерттеу
теориясының әдістерін, кибернетикалық тәсілдеме мен болжаушылықты жатқызу
керек. Бұл әдістерді қолдану материалдық, финанстық және ақпараттық
ағындардың қозғалысын болжауға, оларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың
интегралданған жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жұмыстар
ӨНДІРІСТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша оқу практикасының есебі
Өндірісті жобалау негіздері және жабдықтау ДӘРІСТЕР
САПА ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалау
Жобалық операция - жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы
Бағаны белгілеу және бағалар жұйесі
Нарықтық механизмнің басты элементі ретінде
Өнеркәсіптік құрылыс келісу
Пәндер