ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУ



ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУ

Бас механик қызметі технологиялық және механикалық жабдықтарды, сонымен қатар технологиялық үймереттерді, коммуникациялар, металлоконструкциялар мен эстакадаларды пайдалану және жөндеуді басқарады.
Бас энергетик қызметі міндетіне, электржабдықтардың, букмекерлік қондырғылардың, суқұбырлары мен канализациялық тораптардың, байланыс желілерінің қауіпсіз пайдалануы мен олардың жөнделуін қадағалау бойынша
іс-шаралар кіреді.
Бас приборшы қызметі - бақылау-өлшеу және реттеу приборларын, белгі беру және блакировкалар құралдарын пайдалану және оларды жөндеуді қадағалау мәселелері кіреді.
Бас архитектордың қызметі өндірістік ғимараттар мен үймереттердің, технологиялық және энергетикалық жабдықтардың жылу изоляцияларының күйін қадағалау және оларды жөндеу болып табылады. Бұл қызмет өндірістік алаң ауданы 100 000 м2 асатын ірі кәсіпорындарда жеке қызмет ете алады, ал кері жағдайда бас механик құзырына жатады.

Бас механик кәсіпорынның бүкіл жөндеу шаруашылығын басқарады.
Жөндеу-құрылыстық және жөндеу-механиктік цехтар әкімшілік түрде зауыт директорына, ал техникалық - бас механикке бағынады. Бас механик бөлімі зауыт басқармасының құрамына кіреді және де құрамы төмендегідей функционалдық қызметтерді атқарады:
1. Кәсіпорындағы жабдықтардың күйін жүйелі қадағалау;
2. Бүкіл кәсіпорын бойынша жабдықтарды жөндеу жоспарын түзу;
3. Жөндеу қызметі бойынша ұйымдастыру - техникалық
іс-шараларды әзірлеу;
4. Жөндеу жұмыстарын орындаудағы жаңа жоғарғы өнімді технологиялық процесстерді енгізу;
5. Жөндеу жұмыстарын құнын бағалау;
6. Негізгі жабдықтардың орташа және күрделі жөндеулері жөнінде кварладық жинақтық есеп беру.
Бұл бөлім құрамына жоспарлы-сақтық жөндеу бюросы кіреді (ЖСЖ)
Конструкторлық бюро (БМБ КБ) жөндеу сызбаларын әзірлеуменен аспаптарды жобалауменен, сонымен қатар жөндеу жұмыстары механикаландыруменен және жабдықты модернизациялауменен айналысады.

ЖСЖ жүйесі деп, алдын ала түзілген кесте бойынша орындалатын, жабдықты жөндеу және оларға қызмет көрсетуге қажетті ұйымдастырылымдық - техникалық іс-шаралар комплексін айтамыз.
ЖСЖ жүйесінің негізгі мақсаты бұл - жабдықтың аппаттық істен шығуын алдын алу; өндіріс жоспарларымен келісілген мерзімде жөндеулерді жүргізу; жөндеуді жүргізу үшін алдын ала қосалқы бөлшектерді, материалдар мен жұмысшы күшін дайындау; жөндеу жұмыстарын дәйекті ұйымдастырудың арқасында жабдықтың жөндеуде тұру уақытын қысқарту.
Сонымен қатар жөндеулерді жоспарлы жүргізу барысында жөндеу персоналдарын уақыт бойынша біркелкі жүктеу, жөндеуге кеткен шығындарды және де басқа да кеткен шығындарды азайту мүмкіндігі пайда болады.
ЖСЖ жүйесі келесі жағдайларды қарастырады:
- кететін жабдықтың үнемді шығындарын және жөнделген бөлшектер мен түйіндердің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін, бөлшектің қалпына келтірілуінің қазіргі кездегі технологияларын қолдану негізінде жабдықты жөндеу, жөндеу арқылы қызмет көрсету және де профилактикалық тексеру;
- мекемені қосалқы бөлшектермен, түйіндермен қамтамасыз етуді және де олардың сақталуы мен есепке алуының ұйымдастыру;
- жөндеудің еңбек сыйымдылығын, жабдықтың жөндеуде тұру уақытын, жөндеу кезіндегі кететін материалдар мен бөлшектер шығынының, бөлшек қорының нормасының нормативтерін жасап дайындау;
- бөлшектер мен түйіндерге жұмысшы сызбаларды дайындау;
- жөндеу жұмыстарын механикаландыру құралдарын дұрыс қабылдау.

ЖСЖ бойынша іс-шараларды жалпы ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапкершілік бас механикке жүктеледі.
Көмекші жабдықты жөндеу үшін тексеруден кейінгі жөндеу әдісін қолдануға болады. Бұл жөндеу әдісімен жөндеу кезекті жоспарлы тексеруден соң орындалады. Тексеруді орындау мерзімі, конструкциядағы бөлшектердің қызмет ету мерзімінің жобасымен анықталады. Бұл әдіс жабдықтың жөндеу аралық жұмыс уақытын ұлғайтады және де жөндеудің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жабдықты көмекші жабдықтар қатарына жатқызу оның толық алғандағы технологиялық жүйенің жұмысына әсер ету дәрежесіне байланысты болады. Яғни, машинанның немесе аппараттың істен шығуы технологиялық жүйе жұмысының тоқтауына мәжбүр етсе ол негізгі, ал егер істен шығу өз әсерін тигізбейтін болса онда ол қосымша (көмекші) жабдық болып саналады.

Жөндеу жұмыстырын жүргізуге дайындалудың басты шарты бұл, жөндеудің тәсілдері мен технологиясын қабылдау. Жөндеу жұмысын жүргізудің негізгі тәсілдері бұл, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас тәсіл.
Бірінші тәсілде жөндеу жұмыстары бір ортаға шоғырландырылған жөндеу базасында орындалады. Бұл кезде жөнделінуші жабдық жөндеу жұмыстарын орындайтын орталық жөндеу базасына жеткізіледі. Бұл әдісті кіші өлшемдегі аппараттар мен машиналар үшін қолдануға болады. Сол себепті жиі қолданылмайды, өйткені жөндеу базаларының жеткілікті дәрежеде жасақталуын және жабдықтардың резервтік қорының болуын талап етеді.
Жөндеудің орталықтандырылмаған әдісі барысында, оcы жабдықты бөлшектемей-ақ цехтің арнайы жөндеуші персоналдарының көмегімен орындайды. Бұл әдістің кемшілігі сонда, жөндеу кезінде жабдықтың ұзақ уақыт жөндеуде тұру және де жөндеу жұмыстарының сапасының төмен болуы. Осыған орай әдісті конструкциясы күрделі емес машиналарды жөндеу үшін және жөндеу жұмыстарының көлемі аз жағдайларда қолданады.
Жөндеудің араласқан түрі кезінде, жабдықтың қалпына келтірілуі бойынша орындалатын операциялардың бірқатары орталықты жөндеу базасында және де бірқатары тікелей жабдық орнатылған цехтарда орындалады. Бұл әдісі бір шама кең таралған жөндеу әдісі болып табылады, себебі бұл кез нақты жағдайды ескере отырып жөндеудің икемді әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Іс-тәжрибеде келесі жөндеу әдістерін қолданады: бөлшекті, түйінді,
дәйекті - түйінді, агрегатты.

Бөлшекті жөндеу әдісінде, машинаның жөнделуге берілген бөлшектері мен түйіндерінің, ақауларын анықтаудың нәтижесінде бұрынғы күйіне сай қалпына келтіреді және де жаңа бөлшекпен алмастырады.
Қарастырылып оыртған әдістің елеулі кемшілігі бұл, жабдықтың жөндеуде ұзақ мерзімдет тұруы; жөндеудің жоғарғы өзіндік құндылығы; жұмысшылардың жоғары квалификациясының қажетті; бөлшекті дайындау мен қалпына келтірудің қазіргі таңдағы технологияларын қолданудың қиындығының пайда болуы. Әдіс көбінесе кәсіпорындағы аз мөлшердегі жабдықтар үшін қолданымды.
Түйінді әдіс, жөндеу қорындағы жаңа түйінмен жарамсыз түйінді алмастыруды қарастырады. Бөлшектенген түйін қалпына келтіріліп қоймада сақтауға жөнелтеді. Егерде кәсіпорында типтес жабдықтар саны көп болса, бұл әдіс кең қолданылады. Бұл жөндеу әдісі жабдықтың жөндеуде тұру уақытын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді.
Дәйекті - түйінді әдіс, түйіндердің ауыстырылуы мен жөнделуін бір уақытта емес, қызмет ету мерзіміне байланысты тозу шамасы бойынша жүргізілуін қарастырады. Бұл кезде жөндеуді технологиялық үзіліс кезінде жүргізу тиімді. Әдісті конструктивті ерекше түйіні бар агрегат үшін қолдану лайықты болып табылады; мысалы үшін ленталы конвейрлер мен ін тәріздес элеваторлар және т. б.

Жөндеудің агрегатты әдісі, жөндеу кезінде істен шыққан агрегатты, осы маркадағы дайын агрегатыпен ауыстыруды қарастырады. Жөнделуге тиісті бөлшектелген агрегатты жөндеу үшін жөндеу кәсіпорнына (жөндеу механикалық цехына) жөнелтеді. Әдістің басты кемшілігі бұл, жабдықты қазіргі таңдағы тиімді жөндеу технологиясын қолдану және де жабдықтың модернизациялануын жүргізу мүмкіндігі. Сонымен қатар, жөндеудің құны төмендейді, ал оның сапасы артады.
Жөндеудің агрегатты әдісі жақсы жасақталған жөндеу базасы бар ірі мекемелерде, ұтымды түрде кіші габаритті жабдықтар үшін қолданылады. Бұл кезде жабдықты, жөндеу үшін орнына босатып алу және тасымалдау кезінде үлкен еңбек шығындарын талап етпеуге тиіс. Қазіргі таңда, бұл әдіс, өнеркәсібі жағынан дамыған - Жапония, Германия және т. б. елдерде кең қолдануда. Қазақстанда негізінен жөндеудің бөлшекті және түйінді әдістері қолданылады.

Жөндеулер түрі мен олардың мазмұны
Жоспарлы - сақтық жөндеу жүйесі келесі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулер түрлерінің орындалуын қарастырады: жөндеу аралық қызмет көрсету; мезгілді профилактикалық тексерулер; ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; күрделі жөндеу.
Жөндеу аралық қызмет көрсету менмезгілді тексеруде орындалатын жұмыс мазмұны алдыңғы тарауларда қарастырылған.
Ағымдағы жөндеу барысында, келесі кезекті жөндеуге дейін жабдықты жұмыс қабілеттілік жағдайында ұстауға бағытталған жұмыс көлемі орындалады. Жөндеу жұмысының мазмұны, жеке бөлшектер мен түйіндерді (тез тозатын) қалпына келтіру немесе ауыстырудан, сондай-ақ оларды реттеп келтіруден тұрады. Жөндеудің бұл түрі жабдықтың орнатылған орнында өндірістік цехтардың жөндеу персоналдарының күшімен орындалады.
Ағымдағы жөндеу цех механигінің жетекшілігімен орындалады, ал цех механигі өз-кезінде жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуын және оынң сапасына жауап береді.
Орташа жөндеу. Орташа жөндеу процесінде тозған бөлшектері мен түйіндерін жөндеу немесе ауыстырудың көмегімен машинаның (агрегаттың) жұмысқа пайдалану сипаттамалары қалпына келтіріледі.
Мұнда міндетті түрде барлық бөлшектері мен түйіндерінің техникалық жағдайы тексеріліп, анықталған ақауларды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар орындалады. Орындалатын жұмыс мазмұны машинаның конструциясына байланысты және де нақты жабдық үшін техникалық құжаттарға келтіріледі.

Орташа жөндеуді орындау барысында көбінесе орындалатын жалпы жұмыстар мыналар болып табылады:
- шекті тозу шамасы жеткен жеке бөлшектерін ауыстыра отырып, түйіндерді жөндеу;
- жарым-жарты бөлшектей отырып, машинаның барлық механизмдерін тексеру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz