Мұнайгаз кәсіпорындарында өнім


Slide 1

Мұнайгаз кәсіпорындарында өнім сапасын басқару

Орындаған: Амангельди Жасулан

Slide 2

Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Мұнайдың сапасы және оны әрі қарай өңдеу маңызды физикалық және химиялық сипаттамалармен аныкталады.

Мұнай түрлері бір-бірінен мынадай қасиеттері бойынша ерекшеленеді: түсі, тығыздығы, қайнау температурасы, тұткырлығы, химиялық кұрамы, ұшқыштығы. Мұнайдың химиялық құрамының әртүрлілігіне қарамастан оның элементік құрамы бес химиялық әлементтің - көміртек, сутек, оттек, күкірт, азоттың міндетті түрде болуымен сипатталады.

Мұнайдың және мұнай өнімдерінін тауар ретіндегі сапасы әртүрлі технологиялык параметрлермен сипатталады және бұл көрсеткіштер әр алуан. Фракциялык және химиялык кұрамынан баска негізгі көрсеткіштері: - тығыздығы; - молекулалық массасы; - тұткырлығы; - температуралык сипаттамалары (тұтану, лаулау, өздігінен лау-лау, кату температурасы және басқалары) .

Slide 3

Тығыздығы. Мұнай өнімдерін тиеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну процестеріне әсер ететін негізгі сипаттамаларының бірі. Тығыздық мәні бойынша оның сапасын және бағасын айтуға болады. Әдетте мұнайдың экологиялық жасы үлкен болса, оның орналасу терендігі үлкен, тығыздығы аз болады. Құрамында арендер көп болатын мұнай фракциясына қарағанда парафинді мұнайдан алынған фракцияның тығыздығы аз болады.

Химиялық классификация мұнай кұрамында бір немесе бірсыпыра көмірсутектер кластары басым болуына негізделген. Бұл классификация бойынша мұнайдың алты түрін ажыратады:

1) парафинді;

2) парафин-нафтенді;

3) нафтенді;

4) парафин-нафтен-ароматты;

5) нафтен-ароматты;

6) ароматты.

Сонымен қатар мұнайлар физикалық сипаттамалар бойынша жіктеледі. Күкірттің массалык үлесі бойынша азкүкіртті мұнай - I класқа, күкіртті - II класка, жоғарыкүкіртті - III класқа, аса жоғары күкіртті - IV класқа жатады.

Slide 4

Мұнай сапасының маңызды көрсеткіші фракциялық құрамы болып табылады. Оны біртіндеп буландыру әдісін қолданып зертханада айдау арқылы анықтайды.

Анықтау барысында біртіндеп көтерілетін температурада мұнайдан бір-бірінен қайнау шегімен ерекшеленетін бөліктер - фракциялар айдалады. Әрбір фракция қайнаудың басталу және аяқталу температураларымен сипатталады. Мұнайды өнеркәсіптік айдау бір ретті буландыру және одан әрі ректификаттау деп аталатын схемаларға негізделеді. 350 оС дейін қайнайтын фракцияларды атмосфералықтан шамалы жоғары қысымда алады, олар ашық дистилляттар (фракциялар) деп аталады. Фракцияларды оларды одан әрі қолдану бағытына қарай атайды.

Барлық мұнайда көмірсутектерден басқа күкірт, оттек және азот гетероатомдарынан тұратын қосылыстардың біраз мөлшері болады. Барлық мұнайда болатын гетероатомды (күкірт, азот және оттектен тұратын) және минералды қосылыстар қажетсіз компоненттер болып табылады, себебі олар алынатын мұнай өнімдерінің сапасын төмендетеді, өңдеуді күрделендіреді (катализаторларды улайды, аппараттардың жемірілуін күшейтеді) . Гетероатомдық қосылыстар мен мұнай тығыздығы арасында белгілі бір заңдылыққа бағынатын тәуелділік байқалады: құрамында мөлдір фракцияда көп болатын жеңіл мұнайлар гетероқосылыстарға кедей және керісінше оларға ауыр мұнайлар бай.

Slide 5

А РН-ЛАБ-02 аппараты мұнай және мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын ГОСТ 2177-99, ISO 3405, ASTM D 86 стандарттарына сәйкес анықтау үшін арналған.

Slide 6

Мұнай өнімдерінің сапасысын қарастыратын болсақ Мемлекеттік және Халықаралық стандартта бекітілген нормаларға сәйкес болуы тиіс. Бұл стандарттың көмегімен мұнай өнімдерінің сапасын тексере аламыз. Мұнай өнімдеріне автомобильдік бензиндер, дизелдік отындар, мұнай, майлар яғни мотор, синтетикалық, гидравликалық, трансмиссиондық, жартылай синтетикалық майлар жатады. Әрбір өнімнің сапасына тоқталатын болсақ бензинді тексеретін болсақ ең бірінші оның октан санын, фракциондық құрамына, қаныққан бу қысымын, қышқылдығын, күкірттің құрамын анықтау арқылы оның сапасының жоғары немесе төмендігін байқай аламыз. Сонымен қатар сол сияқты дизелдік отындардың фракциондық құрамы, қату температурасы, сүзілу коэффициенті, шекті сүзілу температурасы, күкірттің, тұтану температурасы, меркаптанның құрамын, кинематикалық тұтқырлығын анықтау арқылы анықтаймыз.

Slide 7

Бекітілген маркаға сәйкес мұнай өнімінің сапасын анықтайтын жаңа аспаптармен жабдықталған жаңа заманғы ЖТС нұсқасын ұсынамын. Ол үшін ЖТС-да октанометр, тығыздықөлшер, тұтқырөлшер, дериватограф сияқты аспаптары бар жедел (экспресс) зертхананы орнатуды ұсынамын.

Октанометр құрылғысы аз пішінді, тасымалды етіп жасалған, өрісті және зерттеулік жағдайлардағы ЖЖМ сапасын жедел бақылау үшін арналған. Жұмыстық шарттар: қоршаған ортаның температурасы -10°С-тен + 45 °С-ке дейін.

Slide 8

Өнімді сертификаттау

Мұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі мемстандарттың қаулысымен енгізілген. Жүйе аумағында халықтық шаруашылыққа арналған мұнай өнімдерінің кең номенклатурасын сертификаттау қарастырылған.

Жүйе қолданылады:

• моторлық жанар жағармайдың барлық түрі (ракетанікінен басқасы, қатты әрі күнделікті қолданылатын) ;

• турбиндік, компрессорлық, трансмиссиондық, гидравликалық және мұздатқыш жағылатын майлар;

• пластикалық жақпалар;

• қатты жағу материалдары және арнайы сұйықтықтар (тормоздық, суытқыш және т. б. ) ;

• барлық қалдықтар мен препараттар жоғарыда айтылған өнімдер үшін.

Қызметтердің бағыты бойынша ұйымдастыру жұмыстары келесі ретпен жүреді:

• мұнай өнімдерін, арнайы сұйықтықтарды, қалдықтар мен препараттарды сертификаттау;

• жай сынамаларды өткізу;

• квалификациялық сынамаларды өткізу;

• өндірісте қолдануға рұқсат беру және жанар-жағар материалдарды және арнайы сұйықтықтарды пайдалану.

Slide 9

Мұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі міндетті, сонымен қатар ерікті сертификаттауды қарастырады. Ол өнімді дайындаушы, сатушы немесе тұтынушы санатынан жүргізіледі. Міндетті сертификациялауға жататын мұнай өнімдерінің номенклатурасын ҚР мемстандарты орнатады.

Жүк тасымалдау қызметін сертификациялау дайындалу сатысында оның негізгі критерийлері қозғалыс және өмір, денсаулық, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан ең бірінші қауіпті жүктерді тасымаладау қарастырылады.

Slide 10

Сапаны жалпы басқару (Total quality Mmanagement, TQM) - бұл сапаны басқару жүйесі мен әдістерін барлық қызмет саласында - зерттеулер жүргізуден, жобалаудан бастап сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуге дейінгі кезеңдерде басшылық пен барлық деңгейдегі қызметкерлер қатысуымен жан-жақты, мақсатты түрде әрі жақсы реттелген күйінде қолдануды сипаттайтын концепция. Сапалы жалпы басқарудың мақсаты - бұл өнім мен қызмет сапасын жоғарылата түсуге қол жеткізу.

Сапаны жалпы басқаруға мыналар кіреді:

жаңа өнімді жобалау үрдісінде бақылау;

тәжірибелік үлгі сапасын бағалау, өнім және өндірістік үрдіс сапасын жоспарлау, жеткізілетін материялдың сапасын бақылау, бағалау және жоспарлау;

материялдарды бастапқы (кіріс) бақылау;

дайын өнімді бақылау;

өнім сапасын бағалау;

Slide 11

- өндірістік үрдіс сапасын бағалау;

- өнім сапасы мен өндірістік үрдісті қадағалау;

- арнаулы үрдістер сараптамасы (сапа саласындағы арнайы зерттеулер) ;

- өнім сапасы жайлы ақпаратты пайдалану;

- өнім сапасы жайлы ақпарат беретін аппаратураны бақылау;

- қызметкерлер біліктілігін арттыру, сапаны қамтамасыз ету әдістеріне оқыту;

- кепілдік қызмет көрсету;

- сапа саласындағы жұмыстарды тәртіпке келтіру;

- жеткізушілермен бірлесіп сапа жұмыстарын жүргізу;

- PDCA(plant - do - check - action) циклын пайдалану;

- сапа үйірмелерінің жұмысы;

- сапа саласында функцияаралық басқару әдісі - бойынша жұмыс жүргізу;

- сапа бойынша ұлттық іс-шараларға қатысу;

- сапа саласындағы саясатты ұстану (сапа саласындағы саясатты экономикалық іс-әрекеттің жалпы стратегиясымен үйлестіру, сапа мақсатын әкімшілік, шаруашылық және экономикалық іс-әрекеттердің барлық аспектілеріне жеткізу, сапа саясатының фирмада түсіністік пен қолдауға ие болуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізу) ;

- қызметкерлерді қаржылық іс-әрекетке (табысқа, акционерлік капиталға) қатыстыру, қызметкерлердің сапаға деген саналы көзқарасын, әріптестік сезімін қалыптастыру, олардың хабарлылығын арттыру және әлеуметтік атмосфералы жетілдіру;

- сапа мәдениетін құруға қатысты іс-шаралар жүргізу;

- сапа саласындағы жұмысты басқаруға басқарушы кадрлар даярлау;

- сапа саласындағы іс-әрекет үшін жауапкершілікті фирма басшылығына жүктеу.

Slide 12

Ареометр АНТ-2

Slide 13

ГОСТ 15467-79 сәйкес өнім сапасын басқару - бұл оның мақсаты - өнім сапасының қажетті деңгейін бекіту, қамтамасыз ету және қолдау болып табылатын өнімді жасақтау, пайдалану немесе тұтынуда жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Атырау мұнай өндіру зауытында (әрі қарай - АМӨЗ) сапаны басқару жүйесінің негізі 60-шы жылдары анықталды. Осы уақытта өнімді ақаусыз дайындау және бірінші көрсетуде өткізу (БИП) жүйесі, сонымен қатар, өнім сапасын басқару жүйесі құрылды. Өнімді ақаусыз дайындау және бірінші көрсетуде өткізу (БИП) жүйесі 50-ші жылдардың ортасында өнім сапасын арттырудың кешенді бастамасын қалады.

Мұнай өнімдерінің сапасын басқару кәсіпорындардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Өнім сапасын басқару - бұл сапаны жүйелі бақылау және өнім сапасына, сәйкесінше, оның бәсекеқабілеттілігіне әсер ететін факторлар және шарттарға мақсатты бағытталған салдар арқылы жүзеге асырылатын оны жасақтау, өндіру және пайдалану немесе тұтынуда өнім сапасының қажетті деңгейін бекіту, қамтамасыз ету және ұстау бойынша өзара біріккен шаралар кешені.

Slide 14

ҚР-да өнім сапасын басқарудың мемлекеттік жүйесі келесі сатылардан тұрады:

Өнімді жасақтау, құру, өткізу және пайдалану көлемінде өнімді тұтынушылар және өндірушілердің құқықтары және міндеттемелерін реттейтін заңдар және нормативті актілер;

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі;

Стандарттар және өлшеу техникасының жағдайын сақтауды қадағалаудың мемлекеттік жүйесі;

Өнім сапасы бойынша кәсіпорынның мемлекеттік статистикалық есептемесі;

Өнім сапасын басқарудың зауыттық (ішкіфирмалық) жүйелері

Slide 15

Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.

Өнімді сенімділік көрсеткіші нормативті-техникалық құжатта бекітілген қатаң анықталған температуралық және ылғалдылық мерзімінің анықталған уақыт бойы дайындалуымен кепілденетін сақтағыштығы болып табылады, ал стандартталмаған өнімдер үшін сапаның сақталу қасиеті ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген санитарлық нормалармен, ережелермен сәйкес орнатылады.

Сенімділік көрсеткіштеріне жататындар:

Ұзақтығы-техникалық қызметтің және жөндеудің орнатылған уақыты не шектелген жағдайы пайда болуға дейін тауардың жұмыс қабілетін сақтай алу қабілеті.

Қарсылық көрсетпеу-тұтынушыда пайда болатын қауіпті ж-е зиянды факторлардың әсерінен адамды және қоршаған ортаны қорғау деңгейін сипаттайды. Жөндеуге жарамдылығы- анықталған мерзімде ешқандай шығынсыз тауарлардың өзіндік сапалы және сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті

Сақтағыштығы- белгілі мерзімде шығынсыз тауардың өзіндік сапалы және сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті.

Сенімділік - объектінің, қолдану, қызмет көрсету, жөндеу мен тасымалдаудың белгіленген режимдері мен жағдайларында қажетті функцияларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын барлық параметрлерінің маңыздылығының белгіленген шектерінде, қасиетін сақтау қасиеті.

Slide 16

Технологиялық көрсеткіш

Технологиялық көрсеткіш өнімнің сапа көрсеткіштеріне, шығару көлеміне, орындау жұмысының жағдайына, берілген мәндерді тоқтату, өндіру, сақтауда, минималдық шығындарға жетуге, қабілеттенуінде анықталған өнім құрылымы мен құрамының қасиеттерін сипаттайды. Технологиялық көрсеткішке дайындалуға байланысты өнімнің энергия сыйымдылығы, материал, еңбек сыйымдылығы жатады. Жалпы тамақтануда өнім өндірісінің технологиялығы шикізаттың құрамы мен құрылымына байланысты болады. Технологиялық көрсеткіштер бұйым конструкциясының қасиеттерінің жиынтығын сипаттайды. Кез келген өнімді жасап шығару еңбектің барлық түрінің шығындарын есептейтін өнімнің өзіндік құнында көрінетін шикізат пен материалдардың шығындарынсыз мүмкін емес. Бұл бұйымның технологиялық моделі еңбек шығыны тұрғысынан қазіргі нормативтік құжаттарда қабылданған. Еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын және өзіндік құнды жалпылыққа, структуралыққа, салыстырмалы және қатыстылыққа бөледі. Бұл сапа көрсеткіш тобының сипаттамасының технологиялық көрсеткіштеріне шығындарды емес, керісінше осы шығындарды азайтуды жатқызу керек.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс процесінің мәні және маңызы
Қазақстанның қазіргі замандағы мұнай өнеркәсібі
ҚазмұнайГаз ұлттық компаниясының ұйымдық құрылымы
Бағаның деңгейіне ықпал ететін сыртқы факторлар
Сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі
Астық шаруашылығы - дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы
Өнім көрсеткіштері сапасы,
Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері
Аймақтық өнеркәсіп географиясы
Halliburton
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz