Алаш партиясының құрылуы


Slide 1

Алаш партиясының құрылуы

орындаған:СЗС 15-1 тобының студенті Геріп Медет

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Құрылыс және Менеджмент колледжі

Тақырыбы:

Slide 2

Алашорда үкіметі

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов және т. б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

Slide 3

Алаш партиясының құрылуы

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде:

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген

Slide 4

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі «Алаш» партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ белгілі обьективті себептерге байланысты бұл әрекеттері нәтиже бермеді.

Қазақ зиялылары тарапынан осы мазмұндағы әрекеттің нышандары 1913 жылы қайтадан бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді.

Slide 5

Тұңғыш жалпықазақ съезі

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М. Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып:»Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді.

Slide 6

Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24 -маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық интеллигенциясының күрделі аяси мәселелерге байланысты ұстанған айқындамасынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.

Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты

Slide 7

Съездің күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердің бірі «қазақ саяси партиясын жасау мәселесі» болды. Бұл мәселелерге байланысты бюро жасаған тұжырым мынау еді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Қазақ мақсаттарын теріп, программа жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастырып қазақ партиясын қалай жасау, қандай программа түзеу, қандай жол құру, оны осы жалпы қазақ съезінде кеңесуіміз керек. »

Slide 8

Партия құруға арналға тұжырымдардың мәні

. Саяси партия құруға байланысты айтылған тұжырымдардың мынадай мәні бар

Ол тарихи деректермен толық таныс емес қайсібір авторлардың «Алаш» партиясы шілдедегі жалпы қазақ съезіне дейін-ақ қалыптаса бастады деген пікірін бір жола жоққа шығарды. 1917 жылғы жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті.

Бұл айтылған тұжырым «Алаш» партиясының саяси мәнін кеміту мақсатында оны ресейлік кадеттер партиясының филиалы есебінде бағалаушылар пікірінің негізсіз екендігін көрсетеді». Империялық езгідегі қазақ қоғамы жағдайында «Алаш» партия ретінде өзінің идеологиялық негізі етіп, әрине, жалпыұлттық мүддені, қазақ шындығын алуға тиіс болды. Бұл толық табиғи құбылыс және басқаша болуы да мүмкін еместін.

Екіншіден

Біріншіден

Slide 9

Ә. Бөкейханов «бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!» деп көрсетіп, бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына ұсынады. Олардың арасында Ж. Ақбаев, А. Бірімжанов, Х. Досмұхамедов, Р. Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап А. Кенжин, С. Сабатаев, М. Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жастар; Уақытша үкімет комиссарлары мен мұғалімдер, дәрігерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар еді.

Slide 10 Slide 11

Х. Досмұхамедов

Slide 12

М. Төлебаев

Slide 13

Р. Мәрсеков

Slide 14

С. Сабатаев

Slide 15

Ж. Досмұхамедов

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 5- қазандағы санында Ж. Досмұхамедовтың хаты жарияланады. Ол Құрылтай жиналысын дайындайтын кеңесте, «Шоран Исламда», Бас Жер Комитетінде және басқа көптеген орындарда жалғыз өзі жүргендігін білдіріп, қазақ партиясының бағдарламасын жазуға уақыты мүлдем қалмайтындығын айтып шағым жасайды.

Бұл уақытта Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау мерзімі таянып қалған еді. Елдегі әрбір саяси партия өз тұғырнамасын жариялап, өз ұраны атынан депутатыққа кандидаттар тізімін жасап, үгіт-насихат науқанына кірісіп кетеді. Шілдедегі жалпықазақ съезінің шешіміне сай депутаттыққа кандидат қазақ зиялылары сайлау тізіміне қазақ саяси партиясының бағдарламасы да, тіптен аты да мағлұм емес еді. Уақыттың тым аз қалғандығын түсіне отырып, «Қазақ» газетінің басқармасы Петроградтан Ж. Досмұхамедовтың хатын алған соң, 5-қазан күнгі санында «Алаш партиясы» деген бас мақала жариялап, онда былай деп көрсетеді: «Әр саяси партия өз ұранын шақырып, өз ұраны атынан список түзеп, сайлау ісіне кірісе бастады. Қазақ партиясының программасы жасалмағанмен жалпықазақ съезінің қайлысы жасалмақ программаның негізі болсын делінген еді. Съезд қаулысы халыққа мағлұм. Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп, қазақ саяси партияның атын «Алаш» қою, ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр. Жалпы қазақ съезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси партия болуын қостайтындар, сайлауда кандидат списогін «Алаш» партиясының списогі деп жүргізулері керек»

Slide 16

«Алаш» партиясының ұйымдары

«Алаш» партиясының ұйымдарын ашу және бағдарламасын жазу қалай жүрді. Ғылыми әдебиетте «Алаш» партиясы негізін сәуір және мамыр айларында құрылған қазақ комитеттері құрды, ал осы комитеттердің активистері «Алаш» партиясының мүшелері болды деген пікір бар. Қазақ комитеттерінің «Алаш» партиясына қолдау жасағаны рас, бірақ бұл екі ұйымның өзара жігі бары анық. Қазақ комитеттері патшалық билік құлағаннан соң Уақытша үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы қоғамдық незізде құрылған ұйымдар болатын.

«Алаш» партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастайды. Мәселен, Ә. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20 жүлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылады.

Slide 17

«Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің ашылуы


Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысы демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
Қазақ автономиясы
Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері
Алашорда үкіметінің құрылуы
Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін жас алашшылар
Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл
Алаш партиясынын бағдарламасы
Алаш - қоғам айнасы
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі
Алаш қозғалысы және ІІ жалпықазақ съезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz