Тыныс алу жүйесі бұзылыстарында қолданылатын фитотерапия
Презентация қосу
Студенттің өзіндік жұмысы
Дисциплина: Фармакология
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі бұзылыстарында қолданылатын фитотерапия
ЖОСПАР
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
•Фитотерапия туралы түсінік
ә)Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын
фитотерапия.
б) Қақырық түсіретін әсері бар өсімдік текті препараттарды ң әсер ету
механизмі.
в) Жөтелге қарсы әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі.
Жағымсыз әсерлері.
III ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Әр түрлі тарихи қалыптасқан кедергілерге қарамастан, фитотерапия
уақыт өте келе аты шығып келе жатыр. Бұл жағдай өсімдік текті
препараттардың синтетикалық заттарға қарағанда адам организміне
жұмсағырақ әсер етуімен түсіндірілуі мүмкін.
Емдік өсімдіктер өте сирек жағымсыз әсерлер (соны ң ішінде
аллергиялық) туғызады. Ұқыпты түрде жиналған өсімдіктер жиынын
керек жағдайда бірнеше жылдар бойы қабылдау ға болады, ол әсіресе
созылмалы аурулар кезінде өте маңызды. Нау қастар ұза қ уақыт
диетада болып, емдік шөптерді қабылдап жүрсе, онда авитаминоз
болмайды, өйткені құрамында табиғи витаминдер кешені бар.
Шөптерден жасалған тұнбалар зат алмасудың зиянды қалды қтарын
шығарады, организмді тазартып, организмні ң ішкі т ұра қтылы ғын
сақтауға көмектеседі. Көбінесе, олар холестерин м өлшерін
тұрақтандырып, артериальдық қысымды қалпына келтіреді, ми мен
жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуін жа қсартады,
ішектердің микрофлорасын қалпына келтіріп, ұйқыны реттейді, ж үйке
жүйесін тыныштандырады, жұмысқа қабілеттілікті арттырып отырады.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер –
медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу
мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік
қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен
гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар
сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнта қ, т.б. т үрінде
қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын д әрілік
өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады.
Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді.
Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасал ған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік ш өптерді ң б әрі бірдей
медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар
кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге
тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін аны қта ңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан арты қ мөлшерде
қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер
әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтау ға болады.
Тыныс алу мүшелері аурулары жедел түрде де, созылмалы т үрде де өте жиі
кездеседі, өйткені тыныс алу жолдары мен өкпе қорша ған ортамен үнемі
байланыста болады. Тыныс алу бір минут қа да то қтай алмайды ж әне де біз
жұтатын ауамызды таңдай алмаймыз. Ауада оттегіден бас қа к өптеген химиялы қ
заттар, шаң бөлшектері, түтін, улы газдар, никотин, микробтар, вирустар,
саңырауқұлақтар, өсімдік тозаңдары және т.б. кездеседі. Қазіргі кезде өндірісті ң
дамуымен қатар, тыныс алу ауруларының саны да артып отыр.
Жедел тыныс алу аурулары – ринит, фарингит, ангина, синусит, трахеит, бронхит,
пневмония, плевриттер – көбінесе тұмау кезінде, аденовирусты ауруларда,
стрептококкты және стафилококкты инфекцияларда кездеседі.
Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттар
1.Тынысты ынталандыратындар
2.Жөтелге қарсы заттар
3.Қақырық түсіретін заттар
4.Бронхоспазмда қолданатын заттар
5.Жедел тыныс жетіспеушілігінде қолданатын заттар.
Тыныс алу ауруларында ұсынылатын өсімдіктер: аир, алоэ, алтей, анис,
багульник, қайың, будра, валериана, вахта, верба, вероника, календула,
калина, клевер, крапива, липа, пияз, малина, өгейшөп, жалбыз, бақбақ,
шалқам, түймедақ, қарақат, үйеңкі, тмин, мыңжапырақ, аскөк, фенхель,
фиалка, череда, сарымсақ, шалфей, итмұрын, эвкалипт және т.б.
Қақырықты жөтелден тез айығу үшін қақырық түсіретін препараттар
қолданылады.Олар қақырықтың қоюлануын тежеп, оның ағзадан шығуын
тездетеді. Мұндай кезде Амброксалды пайдалануға болады. Ол төмен
тығыздықтағы қолқа секреттерінің түзілуін тездетеді, сонды қтан қақырық
түсуі қиын қолқа суықтауы, өкпе қабынуы және қолқа демікпесі кезінде
қолданылады.
Бірақ оны асқазан мен ішек жарасы бар адамдарға, ж үкті ж әне емізулі баласы
бар әйелдерге қолдануға болмайды. Бүгінде дәріханалардан осы амброксол
негізінде жасалған: амбробене,амброгексол, амбросан, лазолван, халиксол
сияқты препараттарды кезіктіруге болады. Фармакологиялы қ қасиеті
Өсімдіктен жасалған препараттың құрамында жөталге қарсы,қа қыры қ
түсіруші шаншуды қойдыратын,микробқа қарсы әсерді шаттандыратын
гликозид сапониндері бар.Қақырықтың жабысқақтығын азайтады,шығуын
жеңілдетеді.
Қақырық түсіретін фитопрепараттар қатарына – абомин, адаптол,
адгелон, актовегин, алором, арбидол, баларпан, бронхикум, бронхомунал,
доктор мом және т.б.
Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін, микробқа қарсы, қабынуға
қарсы және бронхоспазмолитикалық әсер ететін фитопрепарат.
Қақырықтың жұмсаруына және тезірек сыртқа шығуына әсер етеді.
Қолдануға болмайды: жүктілерге, емшекпен емізетіндерге, бауыр мен
бүйрек қызметтері бұзылыстарында.
Емдік мөлшері: сироп түрінде тамақтан соң ішке қолданылады.
Ересектер мен жасөспірімдерге – 2 шай қасық сироптан (10 мл) күніне 3 рет;
6дан 12жасқа дейінгі балаларға – 1 шай қасықтан (5мл) күніне 3 рет; 2
жастан 6 жасқа дейінгі балаларға - 1 шай қасықтан (5мл) күніне 2 рет; 1
жастан 2 жасқа дейінгі балаларға - ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 2 рет.
Бронхикум® С пастилкалар формасында ересектер мен 12 жастан
жоғары балаларға 1-2 пастилкадан күніне 3 реттен; 6 жастан 12 жасқа
дейінгі балаларға – 1 пастилкадан күніне 3 реттен.
Туссамаг (белсенді заты: тимьян)
Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін, қақырықтың жұмсаруына және тезірек
сыртқа шығуына әсер ететін фитопрепарат.
Қолдануға болмайды: жүктілерге, емшекпен емізетіндерге, бауыр мен б үйрек
қызметтері бұзылыстарында.
Емдік мөлшері: Туссамаг ішке қолданылатын тамшы түрінде араласпа ған к үйінде де,
сумен немесе қантпен араласқан күйінде қолдану ға болады.
Ересектерге 40-60 тамшы күніне 3-4 рет; 5 жастан үлкен балалар мен жас өспірімдерге 20-
50 тамшы күніне 3 рет; 1 жастан 5 жас қа дейінгі балалар ға 10-25 тамшы к үніне 2-3 рет;
Туссамаг сироп 9% ішке, тамақтан кейін пайдаланған ж өн.
Ересектерге 2-3 шай қасықтан (10-15 мл) күніне 3-4 рет; 5 жастан үлкен балалар мен
жасөспірімдерге 1-2 шай қасықтан (5-10 мл) күніне 3-4 рет; ; 1 жастан 5 жас қа дейінгі
балаларға 1 шай қасықтан (5мл) күніне 2-3 рет;
Жөтелге қарсы әсері бар фитопрепараттарға - аммоний хлориді, калий йодиді, алтей
түбірі (мукалтин), өгейшөп жапырағы, жалбыз, натрий бензоаты, термопсис,
терпингидрат, эвкалипт жатады.
Мукалтии н (Althaeae officinalis extract)
Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін зат. Құрамында полисахаридтер мен алтей
емдік шөбінің қоспасы бар.
Қолдануға болмайды:препараттың жеке компоненттеріне жоғары сезімталдылы қ,
асқазан мен 12 елі ішектің жара аурулары кезінде.
Емдік мөлшері: Ішке, 50-100 мг тамақтанар алдында күніне 3-4 рет. Емдеу курсы -
7-14 күн. Балаларға таблетканы 1/3 стакан жылы суға ерітіп беруге болады.
Термопсис (Tabulettae contra tussim)
Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін және жөтелге қарсы препарат.
Қолдануға болмайды: жоғары сезімталдылық, тыныс жетіспеушілігі, астмалы қ статус,
2 жасқа дейінгі балаларға абайлап қолданылады. Т үсік тастау қаупі кезінде, ж үктілік
кезінде (әсіресе I және III триместрде), лактация кезеңінде қолданылмайды.
Емдік мөлшері: 1 таблеткадан күніне 2-3 рет.
Жағымсыз әсерлері: аллергиялық әсерлер (тері қышуы, крапивница, лоқсу).
Мөлшерінен артық қолданғанда құсу, іш қату, кіші дәретті ң болмауы, бас ауруы,
ұйқышылдық, миоз, тыныс орталығының тежелуі.
Бронхолитиктік әсері бар фитопрепараттарға - тербуталин, сальбутамол ,
фенотерол, теофилли , эуфиллин, аминофиллин және т.б. жатады.
Сальбутамоил (2-трет-Бутиламино-1-(4-окси-3-оксиметил-фенил)-этанол)
Фармакодинамикасы: бронхолитиктік әсері бар, емдік дозада бронхтардың β2-
адренорецепторларына стимулдеуші әсер етеді.
Қолдануға болмайды: жоғары сезімталдылық, балалық жастағыларға қолданылмайды.
Емдік мөлшері: енді асталған тұншығу ұстамасы кезінде аэрозольді ң 1-2 дозасын
ингаляция түрінде қолданады. Ауыр жағдайларда, егер 5минуттен кейін тыныс алу
жақсармаса, тағы 2 доза ингаляция жасау ға болады. Қалған ингаляциялар 4-6 са ғат сайын
(күніне 6 реттен артық емес) жасалады.
Таблеткалар түрінде ересектерге 1 таблеткадан күніне 3-4 рет ішуге та ғайындалады.
Жағымсыз әсерлері: көбінесе - тахикардия, бас ауруы, тремор, жүйкелік мазасызды қ;
кей жағдайда – бас айналу, ұйқысыздық, бұлшық ет тырысулары, ло қсу, құсу, терлеу; өте
сирек – аллергиялық реакциялар (крапивница, тері б өртпелері, ангионевротикалы қ
шемен, парадоксальды бронхоспазм, мультиформды эритема, аритмия, кеуде т ұсы ауруы,
гипокалиемия, психоневрологиялық бұзылыстар).
Апельсин сортының емдік қасиеттері
•Өкпені тазартады
•бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп т ұрса ңыз
•Жөтелге қарсы пайдалы
•Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады
•Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие
•Антимикробтық қасиеттері де бар
•Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді.
Саз қазанақ
Қасиет: бронхоспазмға қарсы, қақырық түсіргіш, тыныштандыр ғыш.
Қолданылуы: бронхитте, синуситте, коклюш.
Қолдану тәртібі: күніне 3 рет 3г 5 – 15 мл дозаға тұнба.
Ринит пен синуситте мұрынға тамшы дайындалады: 5 г қазана қ ш өбі мен 100
мл өсімдік майын 30 минут бойы су банясында қайнатып суытады. М ұрынны ң
екі бөлігіне 2-3 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызу.
Биік андыз.
Түбірлер қолданылады.
Қасиеті: қақырық түсіргіш, микробқа қарсы, қабыну ға қарсы.
Қолданылуы: тыныс жолдарының жедел және созылмалы аурулары (бронхит,
пневмония и т.б.).
Қолдану тәртібі: 1 ас қасық түбірге 2 стақан қайнаған су құю, 15-20 минут
қайнату.
Кәдімгі жұпаргүл.
Действие: қақырық түсіргіш, тыныштандырғыш, ас қорытуды жа қсартады.
Қолданылуы: жедел және созылмалы бронхиттер, коклюш, геморрагиялы қ аурулар,
эпилепсия.
Қолдану тәртібі: 3—4 шай қасыққа қайнаған су құяды, суығанша кутеді.
Өзекті жөкеағаш.
Қасиет: қызу түсіргіш, қабыну ға қарсы, қақырық түсіргіш, тыныштандыр ғыш.
Қолданылу: суық тиюде, ангинада, ас қорыту ауруларында.
Қолданылу: 2 ас қасыққа 2 стақан қайнаған су , 30 минут к үтеді.
Кәдімгі таңқурай.
Қасиет:қабынуға қарсы, қызу түсіргіш.
Қолданылу: суық тиюде, ангина, грипп, ОРЗ и т. б.
Қолдану тәртібі:
2 ас қасық жапырақтарға 500 мл қайнаған су құйып, термоста 3—5 са ғат
қояды.
Кәдімгі эвкалипт.
Жапырақтар қолданылады.
Қасиет: қабынуға қарсы, бронхо-өкпелік жолдар ауруы.
Қолданылу: Жоғарғы тыныс жолдар жедел аурулары.
Қолдану тәртібі:
Ас қасық жапырақтарды 1/2 л суға қайнату, 1 сағаттан кем емес уа қытта суыту
және жылы күйде 10 мл күніне 3 рет тағам алдында қабылдау;
Кішкентай көлемдегі қайнатылған су ға 15 тамшы эвкалипт спиртті т ұндырмасын
тамшылау және ингаляция жүргізу.
Қорытынды
Қорыта келе, фитотерапия, яғни емдік өсімдіктермен емдеу, тыныс алу
органдары ауруларын емдеудің қолайлы тәсілі болып табылады. Жедел
пневмонияларда, өкпе іріңдігінде антибиотиктер мен сульфаниламидтер емдік
өсімдіктерден тезірек және жақсырақ әсер етеді. Тыныс алу ауруларды ң
созылмалы түрі кезінде антибактериальды терапияны ң маңызы т өмендеп,
медикаментозды емес әсерлерге орын қалдырады. Тіпті өте жедел аурулар
кезінде емдік өсімдіктермен антибиотиктер мен сульфаниламидтерді ң
жағымсыз әсерлерін төмендетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
•«Емші» газеті, №17(49) 2011 жыл;
•Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по
фармакологии» 2004 г.
•Машковский М.Д. «Лекарственные средства» 2003 г.
•ЯковлевВ.П,ЯковлевС.В. «Рациональная антимикробная
фармакотерапия» (руководство для практических врачей). 2003 г.
•Гудман Г, Гилман Г. «Клиническая фармакология по Гудману и
Гилману» Перевод 10-го издания «Практика» 2006 г.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz