Тарихи­Археологиялық туризм


Slide 1

Тарихи-Археологиялық туризм

Slide 2

Тарихи мәдени ескерткіштер - ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді. Киелі Түркістан аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ. А. Ясауи кесенесінің маңында және Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан.

Slide 3

Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Оның баға жетпес ескерткіштері - қазақ халқының көне тарихының куәсі жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді. Жетісу өлкесінің өткен кезеңдері мен археологиялық ескерткіштерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, қаттау ісі Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда кешірек қолға алынғанмен, ежелден-ақ жиһанкездердің, зерттеушілер мен ғалымдардың назарына іліккен. Қзақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтан кейін, белгілі шығыстанушы ғалым, академик В. В. Бартольдтің қосқан үлесі зор. Сондай-ақ П. П. Румынцев, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, А. И. Левшин, В. В. Радлов т. б көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеу еңбектері өткен тарихымыздан сыр шертед

Slide 4

Бұл тарихи туристік - экскурциялық сапарлардағы орны ерекше. Архиологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік экскурция жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайран, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Архилогиялық - тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуірі ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай - ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баян жүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 - 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының Бердіел (Берікел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға жатады.

Slide 5

Орта ғасырлық Түркістан, Отырар, Жаркент, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз қалалары, т. б. елді - мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады. Түркістан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайран т. б. орта ғасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлемендегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Амет Яссауи кесенесі, Абаб - Араб мешіті, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, т. б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа қоғам адамдар маңында (Отырар ауданы) Арыстанбаб кесенесі, Ибрахим ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданында Исмаил ата мазары орналасқан.

Slide 6

Жамбыл облысында Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында Артық, Айман кесенелері, Балхаш қаласы маңында Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелі орындары бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыры ескерткіштер. (Алматы облысы), Қордайдағы (Жамбыл облысында) Өтеген батыр.

Slide 7

Археологиялық ескерткіштер


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның туризм географиясы
Белсенді және белсенді емес туризм
Түркістан
Қазақстанда туризмнің дамуы
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮРІ
Жамбыл облысының туризм географиясы
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ
Туристік бизнес және нарық
Шығыс Қазақстан облысының аумақтарында емдік туризмді дамытудың алғышарттары
Музей классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz