Балқаш




Презентация қосу
Балқаш
Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында.
Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-
Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты
жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып
келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің
әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен
белгілі.
Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және
ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44
шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын
көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы –
413300 шақырым.
Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан
батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып
келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден
толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге
Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз
өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды,
Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр.
Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала
жерімен шектеседі
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның
қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт
континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі
маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық
буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше
километрден 200 текше километрге дейін ауытқып
отырады.Іле – Балқаш бассейнің биологиялық
тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты
балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да
маңызды су қоймаларының бірі болып табылады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік
кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын
тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік
алқаптар алып жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл
сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе
Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп
екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған
себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан
жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының
жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды.
Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат
қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты
сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына
байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды
айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті
жарасқан қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл
аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында
Балқаш деп атап кетіпті.
Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау
желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау
ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі
атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта
түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл
Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектауата тауында киелі
саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата
тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат
әлемінің ерекше бір туындысы.
1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс
халықаралық мыс эталоны болып танылды. Көл және көл
маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы,
тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді
қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Балқаш көлінің
жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі,
спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен
есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында
жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға
жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік
кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды.

Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлі
Балқаш манындағы туризм саласынның дамуы
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Қ. Р-ның техногенезді даму проблемалары
Алғазы аралы
Балқаш көлі туралы
Балқаш қыз жатқан жерге жедел барып
Соңынан қолын ұстап ергеніммен
Балқаш түсті металл
Экологиялық аймақтар
Пәндер