Монако: Жерорта теңізіндегі туристік орталықтың даму ерекшеліктері және негізгі көрікті жерлері


Slide 1

Монако - туризм ордасы

Slide 2

Монако - Жерорта теңіз жағалауында орналасқан ең таңдаулы шипажай және әлемдік туризмнің орталықтарының бірі. Кішкентай ғана Монаконың бүкіл тұрмыс-тіршілігі туризм саласымен өте тығыз байланысты. Статистикалық мәліметтерге сенсек, мемлекетке жылына үш миллионнан астам турист келеді екен.

Slide 3 Slide 4

Монако Монако-Вилль немесе Ле-Роше, Ла-Кондамин, Фонвьей және Монте-Карло деп аталатын төрт ауданнан тұрады. Бұл - Еуропаның оңтүстігінде орналасқан әлемдегі ең кішкентай және халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттің бірі. Мемлекеттің жер аумағы - 2, 02 км² (Нью-Йорктегі Орталық саябақтың аумағынан екі есе кіші) .

Slide 5

Альпінің тау сілемдеріндегі құздардың кертпештеріне орналасқан мемлекет көп қабатты үйлерге бай. Ғимараттар теңіздің ернеуіне дейін орналасқан, бір қарағанда биік виллалар суға батып бара жатқандай көрінеді.

Slide 6

Жоғарыда аталған Монако-Вилль - князьдіктің астанасы. Құздың басында орналасқан астананы "Ескі қала" деп атайды. Бұл жерде 1875 жылы жаңаромандық стильде салынған Кафедралды шіркеу орналсқан. Сондай-ақ, Князьдік сарайды, Напалеон мұражайын, Князьдік сарайдың тарихи архивін, Форт-Антуан ашық театрын, Мартина көркемсурет бағын, Монаконың ескі мұражайын және жерасты аквариумы бар мұхиттық мұражайды, сарайлық алаңды көре аласыз. Соңғы аталған алаңда күн сайын гвардияшылардың маршы өтіп тұрады.

Slide 7

Монте-Карлодағы Ұлттық Қуыршақтар мұражайы, Қасиетті Чарльз шіркеуі және 17 мың шаршы метрді алып жатқан Жапон бағы туристердің ең көп баратын орындары.

Slide 8

Фонвьей ауданы теңізге өте жақын орналасқан. Бұл ауданның ең көрікті жерлері - Ренье III ханзаданың ескі автокөліктері қойылған мұражай орналасқан алып коммерциялық орталық (шамамен 100-ден астам көлік бар), әлемнің ең таңдаулы өсімдіктері қойылған Фонвьей пейзаждық бағы, нумизматика мұражайы, Грейс ханшаның раушан гүлдер питомингі, теңіз мұражайы, зоологиялық бақ (1954 ж) және ІІ Луи атындағы алып стадион.

Slide 9

Монакода мыңдаған мейрамхана, би кештері өтетін мекемелер, клубтар бар. Жерорта теңізі жағалауындағы ең танымал мейрамхана - "Луи XV" деп аталады. Сондай-ақ, мұндағы "Ла-Кабаре-дю-Казино", "Ла-Бэль-Эпок" (Монаконың ең көне ғимараты), "Ле-Фёль-Рюс" "Ля-Куполь", "Ля-Саль-де-Этоле", "Тиффани", "Саль-Эмпайр", "Шарль III", "Масон-дю-Кавьяр", "Оффшор", "Дю-Пор", "Таиланд", "Ульпиа", "Чао", "Чайна-Таун" сынды ең үздік мейрамханалар көптің арманына айналып отыр.


Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының әкімшілік құрылымы, демографиялық сипаттамасы және көрікті жерлері
Инктер өркениеті және Перудің көрікті жерлері: Джон Бизбидің шегелерден мүсін жасау тәжірибесі
Қазақстандағы туризмнің негізгі түрлері және туризм индустриясының даму ерекшеліктері
Көрме және жәрмеңке қызметіндегі туристік жарнаманың ерекшеліктері
Туризм индустриясының сипаттамасы мен ерекшеліктері: Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру
Шығыс Қазақстан туристік кластері: құрылымы, әлеуеті және даму перспективалары
Қазақстанның көрікті табиғи және мәдени-тарихи ескерткіштері
Туризм индустриясын дамыту: даму факторлары, тұтынушы мінез-құлқы және туристік қызметтердің рөлі
Операциялық жүйелер: даму тарихы, түрлері және негізгі ерекшеліктері
ЖК Саят туристік фирмасының бизнес-жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz