I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия)



Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия) .

Германия
Болгария
Австрия
Венгрия
Осман
империясы
Версаль
Нейи
Сен Жермен
Триянон Мандрос, Севр
Жеңілген мемлекеттермен жасалынған келісім шарттар
1. Осман империясы І дүние жүзілік соғыстан кейін.

Мондрос келісімшарты. Келісімшарттың негізгі талаптары:
1-бап. Антантаның әскери флоттарына бұғаздарды ашу және одақтастарға Босфор мен Дарданелл форттарын басып алу құқықтарын беру;
5-бап. Түрік жауынгерлерін әскерден тез арада қайтару;
6-бап. Түрік әскери кемелерін Антантаға тапсыру;
7-бап. одақтастардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайға дейін жеткен Түркиядағы кез келген стратегиялық бекетті басып алуға келісу ;
8-бап. Одақтастарға барлық кемежайлар мен айлақтарды пайдалану құқығын беру;
11- бап. Осман империясының араб аумақтарында, яғни, Ирак, Сирия, Хиджаз және Йеменде қалған түрік гарнизондарын алып кету;
12-бап. Одақтастардың радио, телеграфқа бақылау орнатуы;
15-бап. Темір жолдарға бақылау орнату;
16-бап. Ираннан, Күнгей Кавказдың бір бөлігінен және Киликиядан Түрік әскерлерін көшіру ;
22-бап. Түрік әскери тұтқындарын одақтастардың қарауына қалдыра отырып, одақтас державалардың құзырындағы адамдар арасынан әскери тұтқындарды қарсылықсыз қайтару ;
23-бап. Түркияның орталық державалармен барлық байланыстарды үзуі;
24-бап. Вилаят-сите деп аталатын алты аймақтың біреуінде тәртіпсіздіктер орын алса, онда оны одақтастардың басып алуына келісу ;

Мандрос келісім шартынан кейінгі жаулап алынған жерлер

1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен Сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол қойылды. Севр шарты бойынша:
Анадолы жері Англия, Франция, Италия, Греция елдерінің бөлінісіне түсті.
Ұлыбританияға Палестина, Трансиордания, Иракты басқару мандаты берiлдi;
Франция Сирия мен Ливанды басқару мандатына ие болды; Францияның Мароккоға «протектораты» танылды;
Италия Ливияға отарлық ұстемдiк орнатты;
Шығыс Фракия, Дарданеллдiң европалық жағалауы, Галлиполь түбегi Грецияға қарады;

Төңкерістің себептері:
Түркияның бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілуінің нәтижесінде ұлттық тәуелсіздігін толықтай жоғалту қәупі;
Сұлтандық үкіметтің Англия, Франция елдерінің алдында тізе бүгуі және оларға толық бағынуы;
Англия, Франция елдерінің Осман империясы аумағын басып алуы және оған әскерлерін енгізуі;
Мандрос уақытша бітімі (1918 ж. ) мен Севр бейбіт келісімшартына (1920 ж. ) қол қойылуы;
Осман империясының аумағының көп бөлігінен, яғни, Солтүстік Африка мен Мысыр, Ирак, Сирия, қазіргі Сауд Арабиясы, т. б. айырылуы.
2. Түрік төңкерісі және Түркия Республикасының құрылуы.

Мақсаттары:
Шетелдік басқыншыларға қарсы күресу және Түрік империясы аумағының қалған бөлігін сақтап қалу;
Сұлтанат пен халифатты жою;
Жартылай феодалдық, жартылай отарлық Түркияны тәуелсіз ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру.

Түрік зиялылары мен офицерлері ұлт-азаттық төңкерісті ұйымдастыру мен жүргізуге жетекшілік етті. Олардың арасынан Мұстафа Кемал паша ерекше көзге түсті.

1919 ж 19 мамыр күні Кемал Қара теңіздің орта тұсындағы Самсун портына аяқ басады.
1919 жылдың 22 маусымында «Халықтың тәуелсіздігі сол халықтың өз еркі мен шешімі арқылы құтқарылады» деген өз декретін жариялайды.
1919 ж. шілде айында М. Кемалдың шақыруымен Эрзерумда шығыс Анадолы аймақтардың құқықтарын қорғау қоғамының конгресі шақырылып, ал қыркүйектің 4-11 арасында Сиваста бүкілтүркілік құқықтарды қорғау Қоғамдарының конгресі өтті. Өкілетті комитет құрылады.

1920 ж. 23 сәуірде Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) нің ашылуы. ТҰҰЖ өзін елдегі жалғыз заңды билік деп мәлімдеді. Мәжілісте Түркияның тәуелсіздігі мен бүтіндігі ресми жарияланды.

1923 ж. 24 шілдеде Түркия мен оның дүниежүзілік соғыстағы қарсыластарының арасында Лозанна бейбіт келісімшартына қол қойылды. Лозанна бейбіт келісімшартының аумақтық баптары (2-22-баптар) Осман империясының жойылғанын заңды түрде көрсете отырып, сондай-ақ, қазіргі Түркия аумағын белгілей отырып, Түркияның жаңа шекараларын бекітті. Оған шығыс Фракия, Измир және Севар келісімшарты бойынша бөлініп кеткен басқа да аумақтар қосылды. Сонымен қатар, Лозаннада Түркия мен Грекия арасында тұрғындармен айырбас туралы конвенцияға қол қойылды. Бұл конвенцияға сәйкес, Түркиядан бір жарым миллионға жуық гректер, ал, Грекиядан 600 000 мұсылман көшірілді.
1923 жылдың 29 қазанында Ұлы Ұлттық жиналыс Түркия Республикасын жариялады. Оның тұңғыш президенті болып Кемал-паша сайланды.

3. Мұстафа Кемал Ататүрік өмірбаяны.

Мұстафа Кемал Хафиз Мехмед мектебінде оқи бастайды, кейінірек, әкесінінің қалауы бойынша Шемси Ефенді мектебіне ауысады. Көп ұзамай Мұстафа жеті жасқа толған кезде 1888 ж әкесі кенеттен қайтыс болады. Селанік Әскери орта оқуында оқиды. 1893 жылы Әскери оқуға түседі. Математика мұғалімінің де есімі Мұстафа болды, ол өзінің сүйікті шәкіртіне «Кемал» деген қосымша ат береді. 1896-1899 жылдарында Манастырдағы Османлы Әскери лицейінде оқиды, кейін Стамбұлдағы Әскери училищесінде түседі, 1902 ж тәмамдайды. Әскери оқу академияға ұласады кейіннен Бас штабта жалғасады. . Осында оқи жүріп, өз жолдастарымен бірге «Ватан» («Отан») ұйымын құрады. Мұстафа Кемәл академияны 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-армияға жолданды.

1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия әскерлері Стамбұлды басып алу мақсатымен соғыс оперциясын бастайды. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Мұстафа Кемал Галлиполида британ күштеріне тойтарыс бере отырып, жеңіске жетті. Бұл жеңіс Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі түріктердің сирек жеңістерінің бірі болды. Кемал бұл шайқаста дивизия генералы шенін, «Паша» құрметті атағын және «Стамбұлдың қорғаушысы» атағын алды. 1918 жылы жазда Сириядағы 7-армияның басшылығын қолға алады. І дүние жүзілік соғыс Антанта елдерінің жеңісімен аяқалды. . Түрк төңкерісімен жалғасады.

4. Мұстафа Кемал Түркия Республикасының президенті.
Саяси бағытта жасалынған өзгерістер:
1922ж 1 қараша: Сұлтанаттың жойылуы;
1923ж13 қазан : Анкара Туркия Республикасының астанасы болып жарияланды;
1923ж 29 қазан:Түркия Републикасының жариялануы; жаңа Конститутцияняң қабылдынуы; Мұстафа Кемалдың Түркия президенті болуы;
1924ж 3 наурыз: халифат жойылуы;

Республикашылдық
Мемлекеттің және ұлттың республикалық құрылым жолымен басқарылуы.
Халықшылдық
Ұлтшылдық
Мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық тарапынан басқарылып отырылуы.
Ұлтжандылық, ұлттың бүтіндігін, тұтастығын толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекетшілдік
Барлық экономикалық, әлеуметтік және мәдени шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін, нығаюын қамтамасыз ету керек.
Лайцизм
Діни емес, азаматтық сипаттағы мемлекет жүйесі.
Революцияшылдық
Тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау.
Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия Республикасының Конститутцияясына енгізілді.

Жоғарыдағы принциптердің негізінді мынадай реформалар жүзеге асырылды:
Құқық саласында:
Шариғат соттары таратылды;
1926 ж : жаза түралы заңдар қабылданды;
Әйелдерге еркектермен тең құқықтар берілді;
Көп әйел алу тоқтатылды;
Оқу-ағарту саласында:
Медреселер жойылды;
1928ж 1 қараша латын әліпбиі қабылданды;
1931ж 15 сәуір: түрік тарихы қоғамының құрылуы;
1932ж 12 шілде:түрік тілі қоғамының құрылуы;
Жаңа типтегі университеттер құрылды;
Білім берудің біртұтас жүйесі ұйымдастырылды;
Қоғамдақ өмірде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz