БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

(КУРСТЫҚ ЖҰМЫС)

5В011300- БИОЛОГИЯ

Ғылыми жетекші:

Орал, 2016

Slide 2

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру, жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Ал түпкі мақсаты-эстетикалық іс-әрекетке жетелеу, түрткі беру, ояту

Зерттеудің міндеті: Жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.

Биология сабағында оқушылардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту;

Танымжорықтар арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру;

эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;

әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Зерттеудің болжамы: Егер біз эстетикалық тәрбие арқылы жастарды түрткі беріп оятсақ, онда болашағымыз жақсы болады. Егер олай болмаған күнде эстетикалық тәрбиенің нәтижелілігі де жеткіліксіз болмақ.

Slide 3

Зерттеудің әдісі:

Эстетикалық тәрбиенің әдістері:

а) эстетикалық нанымын қалыптастыратын әдістер;

б) эстетикалық әдет пен эстетикалық дағдылар қалыптастыратын әдістер мен тәсілдер;

в) эстетикалық іс-әрекетке ынталандыратын;

г) эстетикалық әсер ететін жағдай туғызу әдістері.

Зерттеудің құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 4

1. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы

теориялық негіздері

1. 1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы

Философиялық әдебиеттерді алып қарайтын болсақ, "эстетика" деген сөздің өзінде былайша түсініктер берген. "Эстетика" - көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.

Ал "эстетикалық" дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы "сезінушілік" дегенді білдіреді. Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы -бұл адамдардың сезінуі. Оқытушы мен оқушылардың өзара қарым-қатынасынан эстетикалық тәрбие туындайды. Қарым-қатынас қоғамда, адамдардың рухани өмірі үшін, яғни қай сала болмасын, адамдардың көзқарасын, позициясын бірте -бірте өзгеруіне алып келеді.

Slide 5

1. 2 Қоршаған орта мен табиғаттың оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі маңызы

Мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі бірден - бір құрал-табиғат. Табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің түрлі түске еніп гүлдеуі, қүұтардың жылы жаққа үшып кетуі, қайта үшып келуі т. б. - мұның бәрі оқушының эстетикалық сезіміне әсер етіп, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады. Балалардың сезімін тәрбиелеуден табиғаттың рөлі жөнінде К. С. Станиславский: "Табиғаттың өзі теңдесі жоқ әсем дүние, сондықтан оған зер салып, үңіле қараңыз. Алдымен гүлді немесе жапырақтарды, өрмекші торын немесе терезе әйнегіндегі аяз өрнегін алыңыз. Мұның бәрі - ұлы суретші, " -дейді.

Slide 6

2. Биология пәнін оқытуда эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы

2. 1 Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі

Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:

Бірінші - методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Екінші - оқушының білімдік ой - санасын қалыптастырып, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.

Үшінші - тәрбиелік қызметі. Осы қызметті пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі.

Төртінші - конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі.

Slide 7

2. 2 Танымжорықтар арқылы этикалық-эстетикалық тәрбие беру

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру - жеке тұлғаның айналадағы сұлулық пен өнерді толық және дұрыс қабылдау қабілетін дамыту процесі. Ол көркем бейнелер, көзқарастар мен сенім, сезім және талғам жүйелерін дамытуды көздейді. Оқушылардың бойындағы сұлулық, нәзіктік сезімдерін жетілдіріп, ұсқынсыздық пен төмен деңгейдегі талғамдардан жоғары тұруын қалыптастыру және өнер туралы өзінің білімін үнемі байытып отыруды іске асыру.


Ұқсас жұмыстар
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Биология пәнінен зертханалық оқу үрдісін ұйымдастыруда басшылыққа алатын инновациялық әдіс - тәсілдер
Биология оқу әдістемесінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық адіскерлер жане олардың еңбектері
Биологияны оқыту әдістері
Сәулет өнері туралы түсінік
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
Биология пәні бойынша қалыптасатын биологиялық ұғымдарды одан әрі биология курсында дәйекті дамытуға бағытталған қызметін жоспарлау
Биология сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Көрнекілік әдіс
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Экономикалық Отбасы тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz