Топырақтың эпидемиологиялық маңызы және оның қасиеті мен құрамы


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Кафедра: Жалпы гигиена және экология

Дисциплина: Қоршаған ортаның адам ағзасына әсер етуін бағалау

Тақырыбы: Топырақтың эпидемиологиялық маңызы. Топырақтың қасиеті мен құрамының маңызы

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлімі:

А) Топырақ және оның эпидемиологиялық маңызы

Б) Топырақтың қасиеті мен құрамының маңызы

III. Қорытынды

IV. Әдебиеттер тізімі

Slide 3 Slide 4

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Топырақ - көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы. Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер: а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер; б) патогендік микроорганизмдер.

Slide 8

Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы) .

Slide 9

Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы - сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады. Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады. Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді.

Slide 10

Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады - топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды. Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар - гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.

Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың құрамы, құрылысы, маңызы, ластануы және қорғау шаралары
Топырақтың құрамы және өсімдіктердің түрлері мен қорғалуы
Топырақтың механикалық құрамы, органикалық бөлігі және құрылымы
Топырақтың түзілуі мен құрамы: құрылымдық ерекшеліктері және түзілу факторлары
Топырақтың маңызы, міндеттері және топырақтану ғылымының рөлі
Адамгершілік қасиеті және оның тәрбиелік-әлеуметтік негіздері
Қара топырақтың сипаттамасы, құрылымы және агрономиялық маңызы
Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу: сынама алу және зертханалық әдістері
Дератизация: әдістер мен құралдар, кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық маңызы
Топырақтың жалпы физикалық және физико-химиялық көрсеткіштері: гранулометриялық құрамы, түйіртпектілік және физикалық пісуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz