“Балалар мен жасөспірімдер арасындағы рационалды тамақтануды ұйымдастыру”


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Кафедра: Жалпы гигиена және экология

Тақырыбы: “Балалар мен жасөспірімдер арасындағы рационалды тамақтануды ұйымдастыру”

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлімі:

А) Рационалды тамақтану түсінігі

Б) Ақуызға, майға, көмірсуға, витаминге мұқтаждық

В ) Балалар мекемелеріндегі тамақтану тәртібі

Д) Оқушылардың тиімді тамақтандыруын ұйымдастырғанда сақталуға тиісті қағидалар

III. Қорытынды

Slide 3

Рационалды тамақтану ағзаның дұрыс өуін және дамуын, сонымен қатар балалық және жасөспірім шақта денсаулықты нығайтуды қамтамасыз ететін, едәуір және тұрақты әсер ететін факторлардың бірі. Өмірінің алғашқы жылдарында сүйек-бұлшық ет, жүйке, жүрек-қан тамыр және т. б. Сондықтан балалардың барлық тағамдық заттарға мұқтаждығы жоғарылайды. Баланың ағзасының витаминдермен, минералды заттармен және басқа да микроэлементтермен қанығуының маңызы зор - баланың иммунитеті осыған өте тәуелді.

Slide 4 Slide 5

Ақуызға мұқтаждық

Бала тамағында ақуыздардың ерекше маңызы бар. Ол организмдегі иммундық заттардың, гормондардың, ферменттік жүйенің, органдар мен тін жасушаларын құратын негізгі пластикалық материал болып табылады. Тағам құрамында ақуыздың жетіспеушілігі бала организмінің өсуіне, мидың дамуына, антиденелердің, гемоглобиннің түзілуіне, эндокриндік бездердің дамуына кері әсер етеді. Сонымен қатар ақуыздың шамадан артық болуы да пайда бермейді: ол асқорытуды бұзады, ОЖЖ қозуын көтереді, зат алмасу процесін күрт өзгертеді. Организмге түскен ақуыздар жинақталмайды, олар азоттық қосылыстар түрінде, одан шығарылады. Сол себептен тағаммен ақуыздың үнемі жүйелі түрде, қажетті мөлшерде түсіп тұруы керек.

Slide 6 Slide 7

Балалардың ақуызға тәуліктік мұқтаждығы

Жасы

Ақуызға тәуліктік мұқтаждық, г\кг

1-3 жас

4, 0

3-7жас

3, 5-4, 0

8-10жас

3, 0

11жастан жоғары

2, 5-2, 0

Slide 8

Майларға мұқтаждық

Майлар организмде энергия көзінің қызметін ғана атқарып қоймай, олар қорғаныш күші қызметін жақсартады, барлық мүшелер мен тіндердің негізін қалауға қатысады. Майлардың құрамында витаминдер қатары ( А, О, Е, ПҚМҚ - полиқаныққан май қышқылдары) бар, майлар зат алмасу процесіне қатысатын көптеген ферменттерді түзейді, сөйтіп ағзаның қалыпты өсіп дамуына, әр түрлі ауруларға қарсы тұратын күшін көтеруге ат салысады.

Slide 9

Көмірсуларға мұқтаждық

Бала үшін көмірсу негізгі энергия көзі болғандықтан, тағамдағы көмірсу мөлшері ақуыздан 3-4 есе артық болу керек. Оның шамадан артық немесе кем болуы тағамның құрамын бұзады. Күні бойы бала көмірсулармен 1\3 моносахарид және 2\3 полисахарид алуы қажет. Біріншісіне - жеміс-жидекте, ара балында, қант қызылшасында, қамыс (тростник) және сүт қантында кездесетін глюкоза, фруктоза, сахароза жатады; екіншісіне-дәндерде, жемістерде, бақша өнімдерінде, ашытқылар, сонымен қоса крахмал, гликоген, декстрин, клетчатка, пектин заттары жатады. Тәттіні шамадан артық қабылдау - гипергликемияға, семіздікке, лямблиоз, іріңді аурулар пайда болуына себепші болады.

Slide 10 Slide 11

Витаминдерге мұқтаждық

Баланың тағамында баланың өсуіне ықпал ететін витаминдердің маңызы зор. Солардың кейбіріне тоқталсақ. А витамині қаңқаның өсу қарқындылығы мен эндокриндік бездердің, әсіресе өсу процесінің қалыптылығын қамтамасыз ететін гипофиз безінің қызметіне әсер етеді. Сонымен қатар тері жамылғысының қалыпты жағдайы мен қорғаныш қабілетінің сақталуына септігін тигізеді.

Slide 12

Келесі өсуді реттеуші болып Д витамині табылады. Фосфор, кальций алмасуын реттей отырып, қаңқа сүйегінің оссификациясы мен қалыпты өсуін қолдайды . Көктемде және жазда балалардың ашық ауада жүруі эндогенді витамин Д толық қолданылуын қамтамасыз етеді.

Slide 13 Slide 14

Балалар мекемелеріндегі тамақтану тәртібі:

Балалардың тамақтануының рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін болады. Ол үшін мынадай шаралар орындалуы қажет:

Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;

Тамақ қабылдаудың физилогиялық рационалдылығы;

Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тамақтарды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;

Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.

Slide 15 Slide 16

1жастан 7жасқа дейінгі балалар үшін, аралығы 3, 5-4, 0 сағаттан тұратын, күніне 4-5рет тамақтану ең рационалды болып саналады. Асқазан сөлі дұрыс бөлінуіне жағдай жасау үшін, тамақтану уақыты да тұрақты юолуы керек. Ең соңғы тамақтану ұйықтардан 2сағат бұрын болуы керек. Тамақтану мезгілдеріне байланысты таңертеңгі ас пен кешкі ас рационның 20-25%, түскі ас 30-35%, екіншілік таңертеңгі ас 10-15% болуы қалыпты.

Slide 17

Оқушылардың тиімді тамақтандыруын ұйымдастырғанда сақталуға тиісті қағидалар:

Тағамдық рационның энергиялық құндылығының тәуліктік жойылатын энергияға сәйкес болуы;


Ұқсас жұмыстар
Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАМАҚТАНУЫ
Мектеп оқулықтары мен балалар кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар, олардың балалар денсаулығына әсері. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуында, акселерация мен ретардацияның болуын түсіндіруші теориялар. Балалар мүсіндерінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін факторлар
Бәсеке - нарық ортасының бөлінбейтін құрамдас бөлігі
Көз жаттығулары
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі
Балалардың ойыншықтарының қазіргі таңда
Отбасы мүшелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz