Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу




Презентация қосу
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру ж әне еңбек ақы төлеу.

1. Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру.
2. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу жүйесі.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму болашағы оны ң қажетті е ңбек
ресурстарымен қамтамасыз ету шамасымен ты ғыз байланысты. К әсіпорында ғы е ңбек
ресурстары деп кәсіпорынның материалды-техникалы қ қамтамасыз ету, өнім өндіру,
сату және өндірістік техникалық қызмет көрсету салаларында т ұра қты ж ұмыс істейтін,
кәсіби дайындығы мен іс-тәжірибесі бар жұмыскерлерді айтамыз. К әсіпорынны ң
барлық еңбек ресурстарын кәсібі, мамандығы ж әне біліктілік де ңгейі бойынша б өлуге
болады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс жасайтындарды 2 топ қа б өлуге болады:
1. өнеркәсіптік-өндірістік персонал;
2. өнеркәсіптік-өндірістік емес персонал
Барлық өнеркәсіптік-өндірістік персонал (орындайтын функциясыны ң) ат қаратын
қызметінің сипатына қарай келесідей категорияларға бөлінеді:
а) әкімшілік-басқарушылық персонал;
ә) инженерлік-техникалық жұмыскерлер;
б) қызметкерлер мен жұмысшылар;
в) кіші қызмет көрсетуші персонал.
ӘБП-ға кәсіпорын басшысы, оның орынбасарлары, к әсіпорынны ң құрылымды қ
бөлімшелерінің басқарушылары, ірі бөлімдердің, басқармаларды ң басты қтары.
ИТЖ-ге кәсіпорын бөлімшелерінің қызметіне техникалы қ, өндірістік,
экономикалық басшылық жасайтын жұмысшылар жатады.
Қызметкерлер категориясына есеп-қисап, әкімшілік-шаруашылы қ функцияларды
атқаратын жұмыскерлер жатқызылады.(бухгалтерлер, экономистер, т.б.)
Жұмысшыларға өнім өндірумен және өндірістік үрдіске қызмет к өрсетумен
айналысатын персоналдар жатады.
КҚКП - өндірістік және қызметтік үй-жайларға қарау функциясын орындайтын,
ӘБҚ-ге, қызметкерлерге, ИТЖ-ге, жұмысшыларға қызмет к өрсетумен
айналысатындар жатады.
Өнеркәсіптік-өндірістік емес персоналдар деп – к әсіпорын ға тиесілі өнерк әсіптік
емес инфрақұрылым бөлімшелеріне (тұрғын үй, бала ба қша, қосал қы
шаруашылық, т.б.) қызмет көрсетумен айналысатын персоналдарды айтамыз.
Кәсіпорынның әртүрлі категориядағы жұмыскерлерінің оларды ң жалпы санына
қатынасы немесе үлесі оның персоналдарыны ң құрылымын к өрсетеді.
Кәсіпорындағы еңбек нәтижелігіне еңбекті ұтымды ұйымдастыру тікелей әсер
етеді. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру қолайлы е ңбек жа ғдайын жасау ға ж әне
кәсіпорын табысын арттыру ға бағытталған. Е ңбекті ұйымдастыруды ң негізгі
бағыттары ретінде келесілерді атау ға болады:
Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде келесілерді атау ға болады:
• еңбекті бөлу мен үйлестірудің ұтымды нысандарын әзірлеу ж әне енгізу;
• мамандарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру;
• жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру ж әне о ған қызмет к өрсету;
• еңбекті нормалау;
• еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру;
• еңбек жағдайын жақсарту.
Еңбекті ұйымдастырудың маңызды элементтеріні ң бірі е ңбекті нормалау болып табылады.
Еңбекті нормалаудың негізгі мақсаттарыны ң бірі – қажетті е ңбек шы ғындары мен
нәтижелерін анықтау. Шығындар мен нәтижелер өндіріс пен бас қаруды ң, е ңбекті
ұйымдастырудың айтарлықтай тиімді нұсқаларымен с әйкес келуі керек.
Кәсіпорында еңбекті нормалау өнімнің жоспарлы е ңбек сыйымдылы ғын аны қтау ға,
қажетті жұмыскерлер санын есепеуге, еңбек нәтижелерін ба ғалау ға, материалды қ
ынталандыру мен жалақы қорын белгілеуге ж әне т.с.с. м үмкіндік береді.

2. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты ж әне өзара тәуелді
элементтермен анықталады. Олар: тарифтік ж үйе, е ңбекті нормалау ж әне е ңбек а қы т өлеу
нысаны.
Тарифтік жүйе әртүрлі топтар мен категорияларда ғы қызметкерлерді ң е ңбегіні ң
күрделілігін, мәні мен жағдайын ескере отырып, е ңбекке а қы т өлеу м өлшерін саралау үшін
пайдаланылады. Ол тарифтік мөлшерлеме (ставка), тарифтік тор ж әне тарифтік разряд
сияқты маңызды элементтерді қамтды.
Тарифтік мөлшерлеме – уақыт бірлігінде белгілі бір к үрделіліктегі (біліктіліктегі) е ңбек
нормасын орындағаны үшін жұмыскерге т өленетін е ңбек а қыны ң т ұра қты м өлшері. Ол
сағаттық, күндік, айлық және жылдық болуы м үмкін.
Тарифтік тор дегеніміз жұмыскерлерді ң жұмыстарыны ң (лауазымы, к әсібі) к үрделілігі
мен біліктілік сипаттамаларына байланысты тарифтік разрядтар жиынты ғы. Ал, тарифтік
разряд жұмыскердің біліктілігін және еңбектің к үрделілігін к өрсететін шама.
Тарифтік жүйе бойынша еңбек а қы төлеу кезінде біры ңғай тарифтік тор ға с үйенеді.
Бірыңғай тарифтік торда қызметкерлердің разрядтарыны ң тарифтік коэффициенттері
көрсетіледі. Ол – бірінші разрядта ғы ж ұмысшылардан басталып, басшылардан ая қталады.
Бірыңғай тарифтік торда 21 разряд бар. Бұл разрядтар меншік, шаруашылы қ ж үргізу
нысанына және бюджеттік ұйымдарға жат қызылуына қарамастан (т әуелсіз) барлы қ
кәсіпорындар үшін арналған. Ол келесі т үрде б өлінген:
• 1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға т өлемдер;
• 6-15 разрядтар бойынша – қатардағы қызметкерлер;
• 4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;
• 7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;
• 10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынны ң басшылары, б өлімдерді ң, функционалды қ
қызметкердің басшылары;
• 9-21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.
Жалпы алғанда еңбек ақы төлеуге арналған бірыңғай тарифтік торды келесі кесте
түрінде көрсетуге болады (1- кесте):
1-кесте. Еңбек ақы төлеуге арналған бірыңғай тарифтік тор
Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер

1 1,0 12 2,20

2 1,07 13 2,37

3 1,15 14 2,55

4 1,24 15 2,74

5 1,33 16 2,95

6 1,43 17 3,17

7 1,54 18 3,43

8 1,66 19 3,67

9 1,78 20 3,94

10 1,91 21 4,24

11 2,05
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру мынадай қағидалар ға негізделеді:
• еңбек ұжымының нәтижелері мен жұмсалған еңбектің саны мен сапасын
объективті көрсететін мөлшерде жұмыскерлерге сыйақы белгілеу;
• кәсіпорынның еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудағы жұмыскерлерге жала қы
көлемін белгілеу, еңбек ақы жүйесі мен нысандарын таңдаудағы дербестігі;
• мемлекеттің ең төменгі жалақы көлемін белгілеуі;
• жалақыны еңбек жағдайы және тұрғылықты аудандар бойынша дифференцациялау.
Қазіргі кезде еңбек ақы төлеудің ұтымды нысаны мен ж үйесін та ңдау әрбір к әсіпорын
үшін маңызды. Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу жүйесі мен нысандары шаруашылы қ
жүргізудің барлық деңгейлерінде өндірісті тиімді бас қару мен ж ұмыс к үшін ұтымды
пайдалануға, адам капиталының дамуына материалды қ негіз жасайды. Шаруашылы қ
жүргізуші субъектілерде персоналдарға еңбек а қыны есептеу ж әне т өлеу үшін оны ң
мерзімді және келісімді нысандары қолданылады.
Мерзімді еңбек ақы жағдайында жұмыскерлерге төленетін сыйа қы (т өлем а қы) на қты
орындалған жұмыс уақытына байланысты болса, келісімді е ңбек а қы өндірілген
өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметті ң көлеміне қарай т өленеді.
Мерзімді еңбек ақы жұмыс істеген уақытта са ғаттық немесе к үндік е ңбек а қы
мөлшері бойынша өнім өндіру көлеміне қарамастан ж ұмыста бол ған уа қытына
төленеді. Өндірген өнімін немесе орындалған ж ұмысын м өлшерлеуге болмайтын, я ғни,
атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес ж ұмысшылар мен
қызметкерлерге мерзімдік еңбек ақы төленеді. Мысалы, кәсіпорын басшылары, қаржы
және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және т.б.
Мерзімдік еңбек ақының мынадай екі негізгі ж үйесін б өліп к өрсетуге
болады. Олар: жай мерзімді және мерзімді сыйа қылы.
Жай мерзімді еңбек ақы жүйесінде жұмыскерді ң жала қысы, о ған берілген
разрядтің тарифтік мөлшерлемесі немесе штатта к өрсетілген лауазымды қ
оклад бойынша нақты орындалған уақыт к өлеміне байланысты аны қталады.
Мерзімдік сыйақылы еңбек ақы жүйесінде ж ұмыскерлерді ң тарифте немесе
штатта көрсетілген жалақысына қосымша сыйа қы т өлеу м үмкіндігі
қарастырылады. Мұндай сыйақы белгілі бір санды қ ж әне сапалы қ
нәтижелерге қол жеткізгені үшін белгіленеді.
Мерзімді еңбек ақы келесі формула бойынша есептеледі:
ЕАМ = ТМ*ПУ (1)
Мұндағы: ЕАМ – мерзімді еңбек ақы төлеу;
ТМ – біліктілік разрядына сәйкес белгіленген тарифтік м өлшерлеме;
ПУ – нақты пайдаланылған (орындал ған) уа қыт.
Келісімді еңбек ақы жұмыскердің нақты еңбек н әтижесіне байланысты
анықталады. Яғни, мұнда еңбек ақы жұмыскердің өндірген өнім (орында ған
жұмыс, көрсеткен қызмет) көлемін белгіленген келісімді ба ға ға к өбейту
арқылы есептеледі. Ал, келісімді баға белгіленген ж ұмыс уа қытында
өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Келісімді
еңбек ақы келесі формула бойынша есептеледі:
ЕАК = КБ*ӨК
Мұндағы: ЕАК – келісімді еңбек ақы төлеу;
КБ – өнім бірлігі үшін белгіленген келісімді баға;
ӨК –өндірілген өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемі.
Келісімді еңбек ақы жүйесінің мынадай түрлері бар: тікелей, жанама,
прогрессивті (үдемелі), сыйақылы, аккордты.
Тікелей келісімді еңбек ақы. Бұл жүйеде жалақы нақты өндірген өнім (орындаған
жұмыс, көрсеткен қызмет) көлеміне тікелей байланысты болады. Мұнда жалақы
өндірілген өнім көлемін белгіленген келісімді бағаға көбейту арқылы есептеледі.
Жанама келісімді еңбек ақы. Бұл жүйе көмекші жұмысшылардың еңбек ақысын
төлеуде пайдаланылады. Яғни, мұнда көмекші жұмысшылардың еңбек ақысы
нәтижесіне тікелей байланысты болады және оған айтарлықтай ықпал етеді.
Мұндай еңбек ақы кәсіпорындағы станоктардың, құрал-жабдықтардың, сондай-
ақ басқа да құралдардың тоқтамай жұмыс жасағаны, өндірістік үрдістің
үздіксіздігі үшін слесарьларға, операторларға, құрал-жабдықтарды жөндейтін
және өндіріске дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Прогрессивті (үдемелі) келісімді еңбек ақы. Бұл жүйеде еңбек ақы төлеу алдын
ала белгіленген мөлшерді келісімді баға бойынша, ал мөлшерден артық өндіріс
көлемі үшін жоғары баға бойынша жүзеге асады. Яғни, белгіленген нормадан
артық орындағаны үшін қосымша сыйақы түрінде жоғары бағамен төленеді.
Сыйақылы келісімді еңбек ақы. Бұл жүйе еңбек нәтижелерін санды қ ж әне
сапалық тұрғыда жақсарту үшін жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында
қолданылады. Мұндай еңбек ақы өндірісте өнім өндіруді саны мен сапалы қ
жағынан артығымен орындағаны, шикізаттар мен материалдарды, отындар
мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны, е ңбек өнімділігін өсіргені
үшін сыйақы ретінде төленеді.
Аккордты келісімді еңбек ақы. Бұл жүйе жұмыскерлердің жекелеген
топтары үшін олардың еңбек өнімділігін өсіру, орындалатын жұмыс
мерзімін қысқарту мақсатында қолданылады. Мұнда еңбек ақы мөлшері
орындалатын жұмыстың барлық көлемі үшін белгіленеді. Я ғни, жо ғары
сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың көлеміне қарай алдын
ала келісімді баға қоюды қажет етеді. Сонымен бірге б ұл ж үйе бойынша
еңбек ақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы
анықталуы тиіс. Мұндай жүйе көбінесе құрылыс кәсіпорындарында ж өндеу
жұмысымен, тиек түсірумен айналысатын шаруашылы қ субъектілерге
қолданылады.
Еңбек ақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және келісімді еңбек
ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы
мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің
нәтижесі мен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай
жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің
табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай
тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбек ақы қорындағы барлық ұжымның
тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде
тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгііленбейді. Ол
жұмыскердің біліктілік деңгейіне, еңбектік қатысу
коэффициентіне, нақты орындалған жұмыс уақытына байланысты
анықталады. Мұнда жұмыскердің еңбектік қатысу деңгейінің
маңызы жоғары, оны әрбір жұмыскерге белгіленген тұрақты
коэффициент арқылы анықталады.

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру
Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер
Еңбек ақы және еңбек қорлары
Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру
Еңбек және оның экономикалық мәні
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
Еңбекақы есептеу
ТАРИФТІК КЕСТЕ, ОҒАН РАЗРЯДТАР
Еңбекті ұйымдастыру
ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Пәндер