Табиғи калий тұздары




Презентация қосу
Калий
тыңайтқыштар
ы
Калий тыңайтқыштары - өсімдік қорегі ретінде 
қолданылатын, құрамында калийі бар минералды заттар. 
Калий тыңайтқыштары - тұз, күкірт және 
көмірқышқылының тұздары. Бұл тыңайтқыш суда 
жақсы ериді, өсімдік тез сіңіреді, көбіне табиғи калий 
тұздарынан алынады.
Калий тыңайтқыштары ауыл шаруашылық дақылдары 
өнімдерін арттырады, өсімдіктердің түрлі ауруға 
төзімділігін күшейтеді.
Табиғи калий тұздары
Калий тыңайтқыштарын өндіру үшін келесі минералдарды 
пайдаланады: 
•Сильвинит КСl·NaCl
•Карналлит KCl·MgCl2· 6H2O
•Каинит KCl·MgSO4·3H2O
•Шенит K2SO4·MgSO4·6H2O
•Лангбейнит K2SO4·MgSO4
•Полигалит K2SO4·MgSO4·2 CaSO4·2H2O.
K – 5-56%
Cl – 40%
Хлорлы калий
Хлорлы калий –  Қазақстандағы калийлі тыңайтқыштардың негізгі 
түрі. Ол ақ түсті, ұсақ кристалды өнім, суда аз ериді, сақтау 
кезінде нығыздалады. Химиялық таза калий хлориді 63,2% K2O 
құрайды, тыңайтқыш ретіндегі тұздарында 50-ден 60%-ға дейін 
K2O болады. Барлық дақылдар үшін, сонымен бірге хлорға 
сезімтал кейбір ауылшаруашылық өсімдіктері үшін  қолданылады.

Алу әдістері:
1.Флатация (байыту).
2.Галлургиялық – әртүрлі ерігіштігіне байланысты. Жоғары
температурада KCl жақсы ериді. Суытқанда тұнбаға түседі.
3.Электростатикалық сипаратция
K – 22-46%
S – 18%
Калий сульфаты
Калий сульфаты табиғи сульфаттар – шенит, глазерит, леонит, 
лангбейнит, полигалит тәрізді минералдардың құрамына кіреді. 
Ауыл шаруашылық дақылдары (әсіресе, картоп, темекі, зығыр, 
жүзім, т.б. хлорға сезімтал өсімдіктер) егілетін топырақтың 
барлық түріне, егіс алдында, егіс кезінде негізгі тыңайтқыш 
ретінде қолданылады және үстеп қоректендіріледі.

Алу әдістері:
1.Ыдырау:
2KCl + 2MgSO4 → K2SO4 * MgSO4 + MgCl2
K2SO4 * MgSO4 + 2 KCl → 2K2SO4 + MgCl2
2.Термиялық:
2K2SO4 * 2MgSO4 + С → K2SO4+ 2MgO + 2SO2 + CO2
K – 23%
Mg – 5%
Шенит
K2SO4 ·MgSO4 ,құрамында 26-28% калий бар. Каинит-лангбейнит 
минералдарынан өндіреді. Мұны картоп дақылына, әсіресе жеңіл 
топырақта, қолдану жақсы нәтиже береді.

Алу әдістері:
1. Табиғи сульфат тұздарының кайта кристалдануы
арқылы (шенит).
K – 40%

40% калий тұзы
Қазірде егіншілікте аса көп қолданылатын бағалы тыңайтқыш, өз 
атына сәйкес құрамында 30-40% калий қостотығы бар, қызғылт, 
ақшылдау сұр түсті, түйіршікті тыңайтқыш. Бұл тыңайтқыштың 
құрамында калийден басқа 30-50% шамасында натрий де бар, 
сондықтан натрий сүйгіш дақылдарға қолдану өте ыңғайлы. 
Калий тұзын кез келген мерзімде, әр мөлшерде қолдануға болады. 
Ең тиімдісі оны сүдігер өңдеуде пайдаланған жөн
Кешенді тыңайтқыштар

• Азот- калий тыңайтқыштары
• Фосфор- калий
• Азот-фосфор-калий
K2O 46%
N - 13%
Калий нитраты

Калий нитраты – құрамында 40-42% калий қостотығы және 13% 
азоты бар сарғыштау сұр түсті, ұсақ кристалды тыңайтқыш, аздап 
ылғал тартады, бірақ қапсыз-ақ бос тасымалдауға болады. Бұл 
тыңайтқыштың құрамында өсімдіктерге пайдалы екі бірдей 
қоректік зат болады. Оның азоты нитратты күйде болғандықтан 
көбіне көктемде немесе өсіп-өну кезеңдерінде үстеп қоректендіру 
кезінде пайдаланады.
N – 12%
P – 15%
Аммофоска K – 15%
S – 14%
(NH4)2SO4 + (NH4)2HPO4 + K2SO4

Ақшыл сұр түсті тыңайтқыш. Суда ериді, ауадағы ылғалды 
сіңірмейтін тыңайтқыш. Онда өсімдікке зиянды әсер ететін қоспа 
кездеспейді. Өсімдік Аммофоска құрамындағы NH4+ пен Н2РО4– 
K2 иондарын жақсы сіңіреді. Тәлімі жерлерде астық дақылына 
сүдігер өңдеу кезінде, тұқым сепкенде, суармалы аймақты 
тыңайтуға қолданылады. 
N – 11%
Р2О2 - 10%
К2О – 11%
Нитроаммофостка
Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар 
күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының 
[(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий 
хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы 
алады. 

Алу әдістері:
1. KCl + NH4NO3 → NH4Cl + KNO3
Өнеркәсіп қалдықтарынан
• Цемент шаңы(10-35% K)
• Пеш күлі – өте жақсы калийлі
тыңайтқышқа жатады. Ол әсіресе
қышқыл топырақтарда зиянды топырақ
қышқылдылығын бейтараптайды.
Сұрақтар:

1. Кешенді калий тыңайтқыштар түрлері?
2. Қазақстанда кең қолданылатын калий
тыңайтқыш түрі?
3. Қандай табиғи калий тұздарынан
тыңайтқыштар алады?
4. Хлорлы калий тыңайтқышын кандай
әдістермен аладыы?
5. Нитроаммофостка құрамындағы калий
оксидінің үлесі?

Ұқсас жұмыстар
Минералды тыңайтқыштар өндірісі
КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫН ӨНДІРУ
КАТИОНДАРДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Кальций тұздары
Бром
Натурал алма шырынының құрғақ заты
Бензой қышқылы
Органикалық тыңайтқыштар туралы
Аниондардың жіктелуі
«Калий тұзының өндірісі. Политермиялық және
Пәндер