Орта ғасыр лингвистикасы



Орта ғасыр лингвистикасы

Орта ғасыр-адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі дәуір.

Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда үш кезеңге беруге болады
а) 3-5 ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірдің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезең
Ә) 6-10 ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, нығайған заманы
б) 11-16 ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта Қайта өркендеу дәуірі (ренессанс) деп аталатын кезең

Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің будда, ислам, христиан сүннет парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, касиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят хадистердің мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, кұдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Осылайша тіл ғылымында канондық, тілдер пайда болды.

Жазба тіл
Әдеби тіл
Канондық тіл болып саналды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - кұранның тілі болды. Еуропа халықтары үшін канондық тіл латын тілі болды. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды. Жеке тілдер грамматикасы латын тілі грамматикасы негізінде сөз болып, соның үлгісіне түсірілді. Латын тілі грамматикасы барлық тілдерге бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ құрал деп есептелінді.

Олардың баса назар аударған бір мәселесі - көне канондық жазбалар тілінің өзіндік нормасын өзгеріссіз сақтау, кейінгі заман жазба тілін көне канондық тілмен үйлестіру, олардың арасындағы аралықтарды бір ізге салу сияқты нормалаушылық жұмыстар болды
Бұл жұмыстарында олар антикалық қоғам қалдырған грамматикалық, поэтикалық, риторикалық, логикалық тұжырымдарға сүйенді, соларды басшылыққа алды.

Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабы күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, 7- 15 ғасыр аралығында тілдердің грамматикалары жарық көрді.
Иран
Исландия
Француз
итальян
испан
Ағылшын

Бұл дәуірде екі топқа бөлінді
Оның бірі - реалистер. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы дегені деалистік бағытты ұсынды
Екіншісі - номиналистер. Номиналистер, керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым да болмайды, сондықтан ақиқат нәрсе - зат, ол алғашқы, ал, зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздады.
.

Араб лингвистикасы

Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы.

Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді.
Сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтіи Нахв
Сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф
Сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид

Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі - Сибавейхи), әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген.
Аристотель сияқты бұлар да сөздерді үш топқа бөлді
есім
жалғаулықтар
етістік

Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын Құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де, көп жағдайда, сөйлеу тілі нормасына сүйенеді, соны зерттеді.
Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған "Ал китаб" деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған.
Араб тіл ғалымдары қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған Еврей тіл ғылымына да елеулі әсерін тигізген

Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Әл-Фируза-бади деген лингвисі "Хомус" (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған.
Осындай еңбектің ғылымда белгілі ең көнесі және ең толығы түркі халқынан шыққан Махмуд Қашқари жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону луғат ит түрк) . Бұл сөздік 1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері тілдік материалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған.

XVII-XVIII ғасыр
лингвистикасы

Ерекшеліктері:
Жазбаның, баспаның дамуы, аударма
сөздіктерінің пайда болуы;
Ғалымдардың логикалық категориялардың
жалпы адамдық сипатын байқап, универсалды
грамматиканың дүниеге келуі;
Әр халықтың, әр ұлттың сөйлеу тілін,
ана тілін зерттеуді бірінші орынға қою;

Грамматикалық еңбектер:
П. Раменің “Француз тілі грамматикасы”;
Уоллистің “Ағылшын тілі грамматикасы”;
Лавренти Зизанидің “Славян грамматикасы”;
М. В. Ломоносовтың “Россия грамматикасы”.

Нормативтік сөздіктер:
1612жылы “Курска Академиясы сөздігі”
1694 жылы “Француз Академиясы сөздігі”
1726-1739 жж “Россия Академиясы сөздігі

1672 ж. шыққан “Тілдің теориясы және универсиалдық грамматика жөніндегі лекциялар курсында” атты еңбегінде Дж. Пристли тіл дамикеле өз басынан өркендеу, гүлдену, кері кету, құлдырау өткізеді десе, Дж. Монбодде “Тілдің шығуы және дамуы” деген еңбегінде тілдің дамуы үздікссіз алға басу түрінде болады дейді.

6.
1794ж. Лоренце Эрвас-Пандураның “Белгілі тілдердің катологі және олардың өзара ұқсастығы мен өзгешеліктері туралы ескертпе”
1786-1791жж П. С. Палластың басқаруымен “Барлық тілдердің және наречиелердің салыстырма сөздігі”
И. Х. Аделунга, И. С. Фатераның
500-ге жуық тілдердің таңдамалы сөздерінен құралған 4 томдық сөздігі жарық көрді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz