Инвазиялық ауруға ұшыраған құс ұшасын ветсан сараптауға арналған



Инвазиялық ауруға ұшыраған құс ұшасын ветсан сараптауға арналған
Сергіту сәті
Орындаған: Нұрғали К
Сәрсен Е

Құс етін инвазиялық ауруларда ветсансараптау.
Эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар инвазиялық аурулар деп танылады. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы - гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады.

Тауық простогонимозы - жалпақ сорғыш құрт тудыратын, тауықтың ұрық түтігін қабындыратын, жұмыртқа бөлуін нашарлататын гельминтоз ауруы. Тауық жұмыртқасының қабығы жұқарып, әрі жұмсарады, тез жарылғыш келеді, аяқтарын өте сылбыр басып, қарны үлкейіп, қоңы төмендейді. Ауру асқынғанда, дене қызуы көтеріліп, таңдайы кеуіп, шөлдей береді, Күшенгеннің кесірінен клоакасы сыртқа шығып, айналып кетеді, қызарып ісінеді, төңірегіндегіндегі қауырсын-мамықтары түсіп, күйі нашарлап, өліп қалады. Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде: құрсақ қуысына ірің аралас, сарғыш жалқаяқ жиналады, ұрық түтігі қанталайды.

Қаз және үйрек дрепанидотениозы - ауырған құстың іші өтіп, саңғырықтың түсі көкшіл-сұрғылт болады, жемге тәбеті болмай, шөлдегіш болады, басывн артқа қарай қайырып, шалқасынан түсіп, аяқтары тартылып қалады. Арықтап, салданудан өледі. Бұл белгілер улы заттардың әсерінен де болады, П. И. Павлов бұл дертті нейротоксикоинвазия ретінде санаған. Ұша өте арық, ішкі ағзаларын тексергенде: бұлшық еттері семген, ішектің ішкі қабығы қабынып, қанталап, іші таспа құрттарға толған.
Су құстар гименолепидозы - үйрек пен қаздардың балапандарында жіті түрде өтетін, ащы ішегінде тоғышарлық ететін 40 түрлі таспа құрттарынан туатын ауру. Ауырған құс әлсіреп, іші өтіп, қаны азаяды, әрең қимылдап, қауырсындары ұйысып, аяқтары дірілдеп, шойырылады. Құс өледі. Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде, ағза ішінен көптеген таспа құрттар табылады. Ішектің кілегейлі қабығы ісініп, қанталап, тоғышарлар жабысқан тұстары жараланған.
Тауық аскаридиозы- ащы ішекте мекендейтін, жұмыр құрт тудыратын, ас қорыту жүйесінің зақымдануымен, іш өтуімен, салдану және интоксикация белгілерімен сипатталатын ауру. Тауықтың ұшасы арық, Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде, ішегі кеңейген, ісіңкі, кілегей қабығы қызарып тұрады, бұлшық еттері мен үлпершек семуге ұшырағаны аңғарылады.

Тауық гетеракидозы- жұмыр құрт тудыратын, ішін өткізіп, әлсірететін, жұмыртқа салуын доғаратын немсе сирететін ішқұрт ауруы.
Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде, соқыр ішек қабаттарында қабыну құбылысы мен қатар көптеген түйіндер пайда болады. Соқыр ішектің кілегей қабығы мүжілген, әр жерінде некроз ошақтары және эпителиінің ыдырауы байқалады.
Құс тетрамерозы, үйрек стрептокарозы, құс эхинурозы - үйрек пен қаздың, жабайы құстардың безді қарыныда тоғышарлық күнелтетін жұмыр құртта қоздыратын ауру. Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде, безді қарынынң көлемі ұлғайған, қабынған кілегей қабықтардан қызғылт бүртікшелер көрініп тұрады. Астыңғы бездердің көпшілігі семген. Бүртікшелер ішінде құрттардың ұрғашы стылары орналасқан.
Су құстары филиколлезы- үйрек, қаздың, жабайы су құстарының ащы ішегінде мекендейтін акантоцефалар тудыратын ауру. Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде, ішектің қабынуы байқалады. Ұшада өзгерістер кездеспейді, ішкі ағзаларын тексергенде,
Қанда тіршілік ететін қарапайымдыларға: Кокцидиялар отрядына жататын Эймерия тұқымдастарын жатқызуға болады. Олардың құстарда 6 түрі кездеседі, олардың ішінде келесі 3 түрі жиі кездеседі: E. tenella, E. necatrix, E. Аcervulina.
Эймериоз - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін шөжелердің ауруы. Эймериоздың таралуында құстардың төсеніштің және ауаның ылғалдылығы жоғары.
Ауру немесе ауырып жазылған құстар инвазия көзі болып болып табылады, сондай-ақ кәртең тауықтарда эймерия тасымалдаушылар болуы мүмкін.

Құстардың гистомоноз мастигофорозы (энтерогепатит, қара бас) - күрке тауықтарының, шөжелердің, мысыр тауықтарының және кейбір жабайы құстардың жас шөжелерінің, Trichomonodidae протозоидтық ауруы. Ол тік ішектің соқыр өсінділерінің іріңді-некротикалық қабынуымен және бауырдың ошақтық зақымдалуымен сипатталатын ауру.
Инвазиялық аурулар кезінде құс ұшасына және құс өнімдеріне ветеринариялық-санитарлық баға беру келесі ретпен жүргізіледі: егер, ұшада патологиялық өзгерістер дегенеризацияланған жағдайда, ұша толығымен ішкі ағзаларымен бірге утильдеуге жіберіледі де, қауырсындары жоғары температурада өңделеді. Егер, патологиялық өзгерістер бірлі - жарым болса, онда ұша ішкі ағзаларымен бірге өнеркәсіптік қайта өңдеуге жіберіледі. Ал, ұшада өзгерістер кездеспей, тек ішкі ағзалары зақымдалса, ұша техникалық өңдеуге жіберіліп, ішкі ағзалары толығымен утильдеуге жіберіледі.

Сергіту сәті

Аурудың таралуында құстардың төсеніштің және ауаның ылғалдылығы жоғары болуы. Ауру немесе ауырып жазылған құстар инвазия көзі болып болып табылады, сондай-ақ кәртең тауықтарда ауру тасымалдаушылар болуы мүмкін. Бұл қай ауру?

Логикалық сұрақтар

Ашытылған сүт өнімдерін канша жолмен дайындайды

У
П
О
Ь
Р
О
Л
З
Л
Пуллороз - балапандарда жіті өтетін, ересек құстарда созылмалы өтетін, бактериялармен қоздырылатын ауру.
Жауабын тап

Б
У
А
А
С
Ғ
Жауабын тап
Қымызды дайындайтын ыдыстын түрін саба дейді

Р
И
О
Т
О
Л
З
Н
Орнитоз-көбінесе бұл аурумен үйрек, қаз, тауық және т. б. үй құстары ауырады. Бұл ауруды пситтакоз тобына жататын вирустар шақырады.
Жауабын тап

1
1
1
2
3
4
2
4
3
2
3
4
Тест
5

1 Cұрақ
Тауық простогонимозы
- жалпақ сорғыш құрт тудыратын, тауықтың ұрық түтігін қабындыратын, жұмыртқа бөлуін нашарлататын гельминтоз ауруы.

2 Cұрақ
Тауық аскаридиозы
ащы ішекте мекендейтін, жұмыр құрт тудыратын, ас қорыту жүйесінің зақымдануымен, іш өтуімен, салдану және интоксикация белгілерімен сипатталатын ауру.

3 Cұрақ
Тауық гетеракидозы-
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz