Бауыр амилоидозының макроскопиялық және микроскопиялық қасиеттері


Slide 1

Бауыр амилоидозының макроскопиялық және микроскопиялық қасиеттері

Slide 2

Кіріспе

Этиология

Патогенез

Патологиялық анатомия

Зардабы

Өлімі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ЖОСПАРЫ

Slide 3

Амилоидоз (амилоидты дистрофия) - мүшенің қабырғасында және қан тамырлар қабырғасында зат алмасудың бұзылуының нәтижесінде амилоидтардың түзілуін айтамыз.

Амилоид - құрамында организмге бөтен, тән емес фибрилярлы белок бар. Оны амилоидобластар түзеді. Қалыпты жағдайда организмде кездеспейді.

Кіріспе

Slide 4

Амилоидтық дистрофия түссіз крахмал тәрізді заттың ұлпаларда жиналуымен сипатталады. Химиялық құрамы бойынша ол глобулиндерге ұқсас. Амилоид тамыр қабырғаларында (эндотелий асты, жасуша аралығы, ұлпа саңылаулары) жиналады.

Амилоидоз жергілікті және жалпы болып жіктеледі. Мүше арасында, ең жиі талақ, бүйрек, бауыр зақымдалады. Қанда амилоид байқалмайды. Көптеген созылмалы аурулар, қатерлі ісіктер ұлпада амилоид жиналуына қолайлы жағдай туғызады.

Бауыр амилоидозы - күрделі гликопротеидты амилоидтың бауырда көптеп бөлініп шығуынан болатын ауру түрі.

Бауыр амилоидозы

Slide 5

Интралобулярлы

перипортальді

периваскулярлы

аралас.

Бауыр амилоидозы орналасуына қарай 4 - ке бөлінеді:

Slide 6

Бірінші кезекті

Тұқым қуалаған

Кәріліктік

Екінші кезекті(жүре болған)

Алдыңғы үшеуі адамға тән, олар өз алдына дербес аурулар болып есептеледі. Екінші кезекті амилоидоз негізгі дерттің асқыну процесі ретінде, мысалы, мал денесіндегі ірің немесе некроз ошақтарына байланысты өрме нәруыздарының ыдырауынан болады. Амилоидоз негізінен өте сүтті сиырда, құста, мамық терілі аңда және жылқыда кездесетін дерт.

Этиология

Slide 7

Реактивті амилоидоз кезінде амилоидтар бауырдың орта бөлігіне жиналып, содан кейін үнемі периферияға бөлініп отырады. Тұқым қуалайтын кезде көбінесе буындар мен дәнекер ұлпаға шөгеді.

Патогенез

Slide 8

Амилоидоз негізінде 4 кезеңде өтеді. Бауыр амилоидозының себептері әртүрлі болып келеді. Көбінесе біріншілік және екіншілік амилоидоз жиі кездеседі. Сондықтан мал дәрігерлер клиникалық -зертеулік көріністерге сүйене отырып диагноз қойып және ем жүргізеді. Емдегенде ең бірінші амилозға себеп болатын ауру ошағын емдеуден бастаған жөн. Бұл аурудың соңғы кезеңі өлімге әкеледі. Амилоидоз белсенді болған жағдайда ол ең алдымен бауырды зақымдайды, ал тұқым қуалайтын жағдайда тек 50% зақымдайды.

Патологиялық анатомия

Slide 9

Бауырда амилойд Диссе қуысында, яғни, синусоидтық қылтамырлар айқаласында, жұлдызша ретикуло - эндотелиоциттер мен гепатоциттердің арасында және бауыр бөлекшелері аралығындағы артериоллалар мен қылтамыр қабырғаларында шоғырланады. Бауыр бірнеше есе үлкейеді, жылқыда оның салмағы 16 - 33 кг дейін жетуі мүмкін. Мүшенің әдеттегі қоңыр - қызыл түсі өзгеріп солғын тартады, сұрланады. Строманың балқуына байланысты мүше жарылады, қанталайды, қара - қошқыл түсті ұйыған қан ошықтары пайда болады.

Slide 10

Көлемі ұлғаяды, пішіні доғалданады, түсі ақшыл сары, консистенциясы нығыз.

Slide 11

Бауырдың қалыпты құрылымы бұзылған, бауыр бағаналарының арасы бір бірінен алшақтаған. Диссе қуысында біркелкіленген ақшыл қызыл түсті құрылымсыз ошақты көреміз, бұл амилоидты заттар.

Slide 12

Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарағанда, капилляр және бауыр бөліктерінің бойында гомогенді, бозғылт түске эозинмен боялған белок массасы орналасқан. Бауыр бағаналары ығысқан, өзгерген. Гепатоциттер амилоидтың қысымынан атрофияға ұшыраған. Капиллярлар да қысылған, бос. Жасушалардың көбісінде түйіршікті және майлану дистрофия.

Slide 13

Макроскопиялық, бауыр ұлғайған, бозғылт, қанталалаулар бар, кесіндісінде жартылай мөлдір, амилоидтың инфильтрациясына байланысты бауыр консистенциясы әртүрлі болады. Капилляр санылауы тарылған, гепатоцит атрофиясы, амилоид жиналғаны байқалады.

Slide 14

Жануар өлімі бауырдың жетіспеушілігінен немесе инфекциялардың дамуынан болады.

Өлімі

Slide 15

Амилоидоз әдетте сәтсіз аяқталатын процесс. Оның клиникасы процестің әлсіз - күштілігіне тәуелді. Процесс зілді болса мүшенің паренхимасы семіп, қызметі нашарлайды, қан мен лимфа айналымы бұзылады, бауыр ыдырап, жануар қансырап өліп те кетуі мүмкін.

Қорытынды

Slide 16

Патологическая анатомия: Учебник. - 4-е изд., стереотипное. - М. : Медицина, 1995. - 407 с. ;

http://ikaz. kz/bujrek-amiloidozy/

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Slide 17

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік шикізаттарды микроскопиялық талдау
Бүйрек амилоидозы
Өкпенің жедел қабыну аурулары
Бірінші микроскопиялық кезең
ЛИПОИДТЫ НЕФРОЗ
Копрограммаға түсінік
Мәйітте табылған жарақаттардың тірі кезде алынғанын анықтау
Нанотехнологияға кіріспе. Нанотехнологиялардағы кванттық эффектілер
Статистикалық термодинамика
Ірі қара мал өлексесін сойып - зерттеу және хаттама құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz