Экология ғылымы туралы түсінік. Дара организмдер экологиясы- аутэкология


Slide 1

Экология ғылымы туралы түсінік.

Дара организмдер экологиясы- аутэкология

Slide 2

Қазіргі кезде экологиялық мәселелер қоғамдық мәні жағынан дүние жүзінде ауқымы кең, басты мәселелердің біріне айналды. Өйткені, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи жүйелерді, топырақты, су көздерін, ауаны ластау орны толмас зардаптар қалдырды.

Slide 3

Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 ж. ) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды төмендегідей заңдарға біріктірген.

Бірінші заң - барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстардың қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланысты болады.

Slide 4

Бірінші заң - барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстардың қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланысты болады.

Екінші заң- материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден өтеді. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек ал, өсімдіктер жануарлар тыныс алу кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады

Үшінші заң - табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Төртінші заң - тегін тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 ж. ) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды төмендегідей заңдарға біріктірген

Slide 5

Экология дербес ғылым ретінде 1900-шы жылдары қалыптасты. 1868 жылы неміс ғалымы Э. Геккель “экология” терминін ғылымға енгізді, Грекше oicos- мекен, үй, logos -ғылым деген сөз, яғни тіршілік мекені туралы деп түсініктеме берді дегенді білдіреді.

Slide 6

Экология ғылымының қалыптасуын 3 кезеңге бөлуге болады.

І - кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Ол кезең ХVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893) . Ч. Дарвин (1809-1882) Ш. Уалиханов (1835-1865), т. б. Табиғат зерттеуші биологтар экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

ІІ- кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Ол ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде Д. Н. Кашкаровтың “Орта және бірлестіктер”, “Жануарлар экологиясының негіздері”, А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілім” негіз болды.

ІІІ-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология-бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар мен жаһандық мәселелерді қамтитын деңгейге жетті.

Slide 7

Экологияның бөлімдері:

Аутэкология -жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.

Демэкология- бір түрге жататын организмдер тобы,

популяцияларды табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейді.

Синэкология-әр түрлі түрлерге жататын популяциялар жиынтығын біртұтас экожүйе деңгейінде зерттейді.

Эйдэкология-түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады

Ғаламдық экология -биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді.

Адам экологиясы-халыққа экологиялық білім беру мен тәрбие беру, этика, мораль, этноэкологиялық проблемаларды зерттейді.

Географиялық экология-географиялық құбылыстарға байланысты заңдылықтарды зерттейді

Геоэкология-экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады.

Медициналық экология-организмдердің тіршілік ету жағдайын, гигиенаны, токсикалогиялық әсерді зерттейді.

Нооэкология-адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экологиялық жағдайларды ақыл-оймен шешуді қарастырады

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Экологиялық пирамидалар
Экология бөлімі
Экологиялық пирамида
Экологияның бөлімдері
Жануарлар экологиясы
Химиялық ластану
Ағзалар мен орта қарым-қатнасы
Экология жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz