Жүгерінің шығу тарихы



Жүгері түрлері, сорттары, құрам сипаттамалары, ақаулары мен аурулары, МЕМСТ және Тех шарттар тұрғысынан оларды сараптау және санитариялық бағалау.

Жүгерінің шығу тарихы
Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х. Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды

Жүгерінің маңызы
Жүгері- маңызды астықтық және мал азықтық өсімдік. Жүгерінің техникалық дақыл ретінде де маңызы зор. Жер шарында жүгері астығының 20% азыққа, 15-20 % техникалық мақсатқа жаратады. Бұл дақыл астығының аз бөлігіне жуығы мал азығына қолданылады.

Жүгерінің мал азықтық маңызы да зор. Жүгері астығының 1кг 1, 34 а. ө. тең. Жүгері малдың барлық түріне бағалы азық болып табылады. Собығын сүттене балауызданып және балауызданып піскен кезеңінде жеке өзін және жапырағы мен сабағын қосып сүрлеуге болады. Осылай дайындалған сүрлемнің мал азықтық құндылығы өте жоғары болады. Мұндай сүрлемнің 100кг 21-28 а. ө. және 180 г дейін қорытылғыш протеин береді. Жүгерінің жасыл жапырағы мен сабағы мал азығына көк балауса күйінде де пайдаланылады. Оларда сүрлегенде алынатын азықтың ақсылдық теңгерімін жоғарылату үшін бұршақты шөптер немесе атбас бұршақты араластыру тиімді. Жүгерінің құрғақ жапырақтары мен сабақтарын үгітілген күйінде, әсіресе шырынды азықтармен қосып малға беруге болады

Жүгеріні өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен қолданады. Астығынан спирт, крахмал, патока, глюкоза, өсімдік майын алады, сабағынан, собық діңгегінен және орамынан линолеум, кинопленка, қағаз, төсем және тағы басқалар жасалады


ЖҮГЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Ерте пісетін гибрид (ФАО 170), дән және сүрлем алу үшін өсіріледі. Өсімдіктің бастапқы даму кезеңінде тез өсу қасиеті гибридті республиканың ең солтүстігіндегі аймақтарында өсіруге қолайлылық тудырады. Кремнийлі тіс тәріздес дәні, құрамында крахмалдың молдығы гибридті жармаға, ұнға және қоректік мақсаттарға қолдануға мүмкіндік береді. Сүрлемнің ерте пісуімен және жақсы сапасымен ерекшеленеді. Гибридтің ерте пісуі және дәнінің мол ылғал беруі егінді дән алу мақсатында жинап алуға өте қолайлы.
Сұрып көрсеткіштері
Өнімділігі:
орташа
Пісіп жетілуі:
ерте
Ауруларға төзімділігі:
жоғары

Орташа кеш пісетін, мол түсімді жаңа гибрид (ФАО 700) . Бұл гибридтің өзіне тән қасиеттері егіннің пісіп жетілу мерзімі ұзағырақ болып келетін республиканың оңтүстік аймақтарында толығынан білінеді. Өсімдіктің биіктігі өте жоғары - 250-270 см. Дәндері жақсы шығады, құрамы крахмал мен протеинге бай. Жапырыла өсуге, негізгі ауруларға, құрғақшылыққа төзімді. Біркелкі пісіп жетіледі, дәндері ылғалды болып келеді.
Сұрып көрсеткіштері
Өнімділігі:
жоғары
Пісіп жетілуі:
орташа кеш
Ауруларға төзімділігі:
жоғары

Орта кезеңде пісетін, екі рет қолданылатын, республиканың оңтүстік облыстарының көбіне солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында өсіруге арналған гибрид (ФАО 530) . Өсімдіктің бастапқы даму кезеңінде қарқынды өсу қасиеті топырақтың ең қысқа мерзімдегі негізгі және егіс алды дайындығымен-ақ гибридті өте ерте кезеңде егуге мүмкіндік береді. Гибрид егістіктің кейбір жерлерде тығыз немесе сирек өсуіне бейімделген, негізгі ауруларға (оңтүстік гельминтоспориоз және бактериоз) төзімді. Өсімдікті өсірудің аймақтық технологиясы сақталған жағдайда дәнінің сапасы жоғары болады, құрамындағы ақуыз мөлшері 10, 3%-ды құрайды.
Сұрып көрсеткіштері
Өнімділігі:
жоғары
Пісіп жетілу:
орташа кеш
Ауруларға төзімділігі:
жоғары

Орташа кезеңде пісетін (ФАО 570), ерте кезеңде өте жақсы өсетін гибрид. Дән және сүрлем алу мақсатында өсіріледі. Оңтүстік облыстардың көптеген жүгері өндірушілерінің жоғары бағасына ие болған - әр түрлі топырақтық-климаттық жағдайларға тез бейімделеді. Құрғақшылыққа төзімді және салыстырмалы түрде тұздылыққа төзімді, негізгі ауруларға, әсіресе, шаңды қаракүйеге төтеп беретін қасиетке ие. Өсімдіктің жоғары немесе төмен өсу тығыздығына, құмайтты немесе ауыр топырақтарға өте жақсы бейімделеді. Өсімдіктің биіктігі орташа, дәні ақуызға бай - 10%-ға дейін.
Сұрып көрсеткіштері
Өнімділігі:
орташа
Пісіп жетілуі:
орташа
Ауруларға төзімділігі:
жоғары

Кеш пісетін мол өнімді сұрып (ФАО 700), оңтүстік аймақтарда мол егін түсімін береді. Гибрид өсімдігі аласа өседі, собығы төмен орнығады, тамыр жүйесі жақсы дамыған, сол себепті жапырыла өсуге төзімді келеді. Сабағы мен собығының гельминтоспориозына, фузариозына төзімділігі жоғары. Өсімдікті өсірудің гибридтік технологиясын қатаң сақтаған жағдайда мол егін түсімін қамтамасыз етеді. Гибридке тән қасиет - егінді жинар алдындағы пісіп жетілу кезінде дәні ылғалға мол, сапасы жоғары болады
Сұрып көрсеткіштері
Өнімділігі:
жоғары
Пісіп жетілуі:
кеш
Ауруларға төзімділігі:
жоғары

Жүгері зиянкестері
сымқұрт,
жалған сымқұрт,
кеміруші жұлдызқұрт,
аурулары: бөртпе және тозаңды қаракүйе, бактериоз, фузариоз.

Жүгері Қаракүйесі - базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы. Жүгері Қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 - 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды

Жүгерінің көпіршікті немесе толарсақ қара күйесі - Аурудың белгілері жүгері егілетін негізігі аудандарда ( Алматы және Жамбыл обл) . Жүгерінің көпіршікті немесе толарсақ қара күйесінің алғашқы белгілері Ұйғыр ауданында ( Алматы облысы) маусымның екінші онкүндігі ішінде жүгерінің екінші буынаралығы пайда болу кезеңінде тіркелді
Жүгерінің тозаңды қара күйесі. Егістіктердің зақымдалуы Жамбыл облысында байқалды. Аурудың алғашқы белгілері жүгерінің собықтарының (початки) -пісу кезеңінде анықталды. Үстіміздегі жылы 17, 4 мың га зерттеліп, 0, 1 мың га залалданғаны анықталды. Зақымдалған өсімдіктердің орташа дәрежесі 2 %, жоғарғысы 3 % шамасында болды


МЕМСТ және техникалық шарттар тұрғысынан жүгеріні сараптау және санитариялық бағалау.
Жүгерінің жақсы өсіп-жетілуі және жоғары сапалы өнім түзуі үшін топырақ ылғалдылығын ылғал сыйымдылығының ең төмен деңгейінен 75-80% жағдайында ұстап отыру керек. Сонымен қатар, топырақ ылғалдылығы мөлшерден артық жерлерде жүгері өнімі төмендейді, өйткені ондай топырақтарда өсімдік тамырларына фосфордың келуі бәсеңдейді де органикалық және нуклеиндік фосфордың мөлшері азаяды, фосфорилдену және энергетикалық үрдістер, ақуыз айналымы бұзылады.
Жүгері - жарық сүйгіш, қысқакүндік дақыл. Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді, 8-9 сағаттық жарық күн жағдайында өскенде тезірек гүлдейді. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде, оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктіргенмен бірдей, жетілу үрдісіне зиянды әсер етеді: генеративтік мүшелерінің түзілуі тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлденуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесін жасағанда ескеруге тура келеді

МЕМСТ 9410-78 Ксилол нефтяной. Технические условия
МЕМСТ 28032-89 Кузнечно-прессовые машины. Молоты. Ряды главного параметра
МЕМСТ 28252-89 Кузнечно-прессовые машины. Ножницы. Ряды главных параметров
МЕМСТ 22390-77 Кузова-фургоны автомобильные. Элементы крепления и схемы взаимного расположения шанцевого инструмента. Технические требования
МЕМСТ Р 53903-2010 Кукуруза кормовая. Технические условия
МЕМСТ 15877-70 Кукуруза сахарная консервированная. Технические условия
МЕМСТ 29305-92 Кукуруза. Метод определения влажности (измельченных и целых зерен)
МЕМСТ Р 52974-2008 Кумыс. Технические условия
МЕМСТ 26738-91 Культиваторы-плоскорезы. Общие технические требования
МЕМСТ Р ИСО 11449-99 Культиваторы фрезерные, управляемые идущим рядом оператором. Требования безопасности и методы испытаний
МЕМСТ 1114-84 Культиваторы пропашные. Типы и основные параметры
МЕМСТ Р 54355-2011 Кулинарные изделия из мяса птицы. Общие технические условия
МЕМСТ 9061-68 Кулачки эксцентриковые круглые для станочных приспособлений. Конструкция
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz