Шабуыл жасаспау туралы
Презентация қосу
Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Ке ңес
Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941
жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО
аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылды ң орта
кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің
«Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялы қ
жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша
фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының
құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға
бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспарды ң
басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), « қауырт
соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылды ң күзінде
(қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі
мақсатының саяси және экономикалық астары болды.
Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы
ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып,
майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан
құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден
316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия
қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес
мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында
1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның
әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда
1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты
қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов,
Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын
жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші
Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия
Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының
қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз
жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов,
И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев,
Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің
досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып
алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен
Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес,
сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-
1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184
жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары
егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан
берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы
мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен
салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен
еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның
жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс
істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды.
Соғыс жылдарында
тылда еңбек еткен
жұмысшылар ерлігі
аңызға айналды.
Георгий Хайдин
мыңдықшылар
қозғалысының
жетекшілері А.
Семиволос мен И.
Янкиннің әдісін
қолданған
республикадағы үздік
бұрғылаушы болды.
Соғыс жылдарында
Ы. Жақаев, Ш.
Берсиев, Б.
Самжүрекова, Ким
Ман Сам, В. П. Кривич,
И. Я. Кудлай есімдері
бүкіл елге әйгілі
болды
1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының
Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы — 11600 адам; 2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде
қазақтар — 97; 3.Қазақ қыздары — 2. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын
алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Үш мәртебе
Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери
авиация училищесінің түлегі. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес
Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638. Жалпы екінші
дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары
соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. Міне, осылай Кеңес халқы
мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы
фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен
тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып,
жеңімпаз халық атанды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz