Тіл біліміне кіріспе




Презентация қосу
Тіл біліміне кіріспе
Тіл білімі және оның салалары
Тіл білімі (лингвистика) - тіл және
оның даму зандары туралы ғылым. Тіл
- қоғамдағы адамдардың өзара пікір
алысу, бір-бірімен қарым-қатынас
жасау, сөйлесу құралы. Әрбір тілдің
дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және
грамматикалық құрылысы болады.
Тілдің әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті
салаларында (деңгейлерінде) қарастырылады.
Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің
фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология
саласында сөз етіледі.
Тіл білімінің осы аталған салаларының
әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше
тармақтарға бөлінеді. Мысалы, фонетика саласы
1) сипаттама фонетика, 2) салыстырмалы-тарихи
фонетика, 3) эксперименттік фонетика және тағы
басқа болып сараланады. Лексикология,
грамматика да дәл осындай.
Сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика)

Тілдің белгілі бір дәуірде
өмір сүріп тұрған қалпын
зерттейтін тіл білімі бар
және оның шығуы мен
тарихын, дамуын зерттейтін
тіл білімі бар.

Тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика)
Белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын ж әне
оның даму зандарын айқындайтын жеке тіл білімі
(мысалы, қазақ тіл білімі немесе орыс тіл білімі) бар
да, ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып
саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі
— нақты бір тіл туралы емес, адам баласы тілінің
дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек,
тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып
саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір ғана тілді ң
емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады.
Оларды жинақтай келіп, жалпы теориялық
топшылаулары мен қорытындылар жасайды.
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде
алатын орны
Тіл білімі - қоғамдық ғылымдар тобына
жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар
жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез
келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл
арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлы қ
ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста,
бірлікте болады. Өйткені материалды қ
дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады.
Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі
жақтарын зерттейтін ғылымдарды ң өздері
бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.
Тіл білімінің басқа ғылымдармен
байланысы
Тіл білімі, бірінші кезекте, әдебиетпен
байланысты. Өйткені "тіл - әдебиеттің бірінші
элементі". Әдеби шығарма лингвистер үшін өте
құнды материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика
саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты.
Философия тек тіл білімінің ғана емес, к үллі
ғылымдардың методологиясы болып саналады.
Философия да, тіл білімі де барлы қ
құбылыстарды бір- бірімен өзара байланыста
қарастырады. Философия табиғат пен қоғам
өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру,
даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де
тілдік кұбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл
де басқа коғамдық құбылыстар сияқты өзгереді,
дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру
тым баяу өтеді. Ал қоғам мен жаратылыстағы
өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.
Тілбілімі логикамен тығыз байланысты.
Көпшілікке белгілі, логика - ойлау зандары
мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау,
әдетте, тіл арқылы іске асады, тіл арқылы
жарыққа шығады. Анығырақ айтқанда,
адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер
арқылы айтылып, түсінікті болады.
Тіл білімі антропологиямен де
жақындасады. Антропология -
адамның биологиялық табиғаты,
морфологиялық типтері туралы
ғылым. Адам баласы тілінің пайда
болу дәуірін айқындауда әсіресе
палеантропологияның деректері
айрықша маңызды.
Тілбілімі мен географияның өзара байланысы
ғылымның жаңа бір саласы - лингвистикалық
географияның тууына әкеп соқты.
Лингвистикалық география тілдегі
фонетикалық, лексикалық грамматикалық
құбылыстардың қай территорияға тарағанын
көрсетеді. Бұл, әсіресе, диалектілік
ерекшеліктерді зерттегенде ерекше маңызды.
Сол арқылы, белгілі бір тілдің немесе
диалектілердің лингвистикалық картасы
(атласы) жасалынады.
Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де,
кибернетикамен де байланысты. Тіл білімі
математика ғылымымен, біріншіден, машиналы қ
аударма мәселелері бойынша байланысса,
екіншіден, тілді зерттеуде математикалы қ
статистика әдістерінің қолданылуы жағынан
байланысады. Математикалық статистика
сөздердің, дыбыстардың қолданылу жиілігін
айқындауға көмектеседі. Осының нәтижесінде
тіл білімінің математикалық лингвистика деп
аталатын саласы калыптасты.

Ұқсас жұмыстар
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Тіл теориясы
Тілдің пайда болуы мен дамуы
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
ТІЛ және ОЙЛАУ
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
Когнитивтік лингвистиканың тарихы
Тапқыр достар.
Табу сөздер
Пәндер