Ағартушылар философиясы


Slide 1

Ағартушылар философиясы

Slide 2

Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Аймақтың халықтары тағдырында осы тарихи бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік ХІХ ғасырдың ІІ жартысында рөл атқарған ағартушылық-демократиялық ой түрінде көрініс береді.

Slide 3

Қазақ философиясы - халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негізгі әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т. б. Пайымдау мүмкін емес. Халықтын ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеумен атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

Slide 4 Slide 5

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың біріШоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Шоқанға ата-анасының азан шақырып қойған аты - Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы атақонысы Сырымбетте өткен. Жасында ауыл молдасынан хат таныған Шоқан 1847 - 1853 жылдарыОмбыдағы Кадет корпусында оқыған. Корпуста бірге оқыған досы, кейіннен үлкен этнограф-ғалым болған Г. Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін», - деп, Шоқанның қабілетін ерекше бағалаған. Шоқанның зерттеушілік қабілеті корпуста оқып жүргенде-ақ оянған. Жазғы демалыстарда Шоқан ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халық жырлары мендастандарын жазып алған. Ш. Уәлихановтың алғашқы жазып алған ауыз әдебиетінің түрі -«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры. Шоқан 1852 жылы орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы Костылецкий арқылы көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысып, оның көмегімен ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне араласқан.

Slide 6

Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында жинаған материалдарының негізінде «Тәңірі (Құдай) », «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазған. Шоқан 1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы материалдар жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихыментанысады. Осы сапардағы материалдары бойынша «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектер жазған. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса жоғары бағалаған. 1857 жылы небәрі жиырма екі жасында әйгілі саяхатшы П. П. Семенов-Тяншанскийдің ұсынуымен Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 1858 - 1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға әйгілі саяхатын жасайды. Ресей тарапынан да зерттелмеген таныс емес беймәлім өлкенің тілі, тарихы, мәдениеті, этнографиясы, жағырапиясы жайлы Шоқан жинаған мәліметтер бүкіл әлемдік ғылым саласына қосылған үлкен үлес болатын. Шоқан1863 - 1864 жылдары Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазған.

Slide 7

Ш. Уәлиханов өз заманындағы білімдар ғалым, ізденімпаз саяхатшы болумен қатар, туған елінің әдебиетін, мәдениетін тұңғыш зерттеуші де болған. Шоқан қазақ халқының ақындық қабілетін «Түркі тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады, қазақтар жаратылысынан өлеңші және ақын», - аса жоғары бағалаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан оларды славян халықтарының ауыз әдебиетімен салыстыра келе: «Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарындағы, әсіресе, славяндардағы осы тектес шығармалармен бір сарындастығына қайран қалдым», - деп жазады «Жоңғария очерктері» деген еңбегінде. Шоқанның «Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер» деген еңбегінде ел арасындағы аңыз-ертегілер туралы айтылған.

Slide 8

Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға көп көңіл бөлген. Қырғыз халқының «Манас»жырын бірінші баспаға ұсынған да, оны орыс достарына таныстырған да - Шоқан Уәлиханов. Ш. Уәлиханов: «Манасты» даланың «Иллиадасы», «Семетейді» қырғыздың «Одиссеясы», - деп бағалаған.

Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының да кейбір мәселелерімен шұғылданған. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөлген.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1865 жылы отызға жетпеген шағында қайтыс болған. Сүйегі Алматы облысының аумағындағы Алтынемел тауының бауырындағы Көшен - Тоған деген жерге қойылған.

Шоқанның қазасына байланысты Н. И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындады. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», деп жазған. Шоқан Уәлиханов туралы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы мен «Шоқан Уәлиханов» пьесасы бар.

Slide 9 Slide 10

Қазақ халқының тұңғыш ағартушы ұстазы, алғашқы аудармашы, қазақ балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген. Үш жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Балқожа Жаңбыршыұлы - қазақ даласына әйгілі билердің бірі болған. Болашақты болжағыш Балқожа немересі Ыбырайды бес жастан бастап Орынборда ашылмақ болған орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойған. 1850 жылы аталмыш мектеп ашылғанда түскен отыз қазақ баласының бірі - Ыбырай Алтынсарин еді.

Slide 11

Қазақ балаларын оқытуды, қазақ балаларына арнап мектеп ашуды мақсат еткен Ыбырай 1860 жылы Торғайға барады. Мектеп 1864 жылы ашылғанда Ыбырай балаларды оқыту ісіне «қойға шапқан аш қасқырдай қызу кіріседі». Қазақ қыздарын оқыту ісінеерекше көңіл бөлген Ыбырай 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырып, ұлы ағартушыға тән еңбек еткен. Қазақ даласында мектептер санының көбеюі мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн тәртібіне қояды. 1881 жылы Омск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. Мұғалімдер даярлауға ерекше көңіл бөлген Ы. Алтынсарин:«Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы», - деп, мұғалімнің рөлін ерекше бағалаған.

Slide 12

Қазақ халқының келешегі таза қазақ тілінде оқытатын қазақ мектептерінде екенін жан-жақты пайымдаған Ы. Алтынсарин қазақ тіліндегі оқулықтардың қажеттігін түсініп, 1879 жылы Орынбордан орыс әліпбиі негізінде «Қазақ хрестоматиясын» шығарған. «Қазақ хрестоматиясы» төмендегідей бөлімдерден тұрған:

1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер.

2. Әр түрлі жастағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

3. Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең-жырларынан алынған үзінділер.

4. Қазақтың мақал-мәтелдері.

Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларын тақырыптары жағынан төмендегідей топтауға болады:

Slide 13

Поэзиялық шығармалары:

Оқу-білімге, өнерге шақырған өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар».

Табиғат туралы өлеңдері: «Өзен», «Жаз».

Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері: «Әй, жігіттер», «Бұл кім?», «Ананың сүюі».

Ел ішіндегі теңсіздік мәселесі: «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары».

Прозалық шығармалары:

Адамгершілік туралы: «Бақша ағаштары», «Тәкаппарлық», «Әдеп», «Таза бұлақ».

Төзімділік, сабырлылық туралы: «Асыл шөп», «Аурудан аяған күштірек».

Мейірімділік туралы: «Мейірімді бала».

Үнемшілдік, ысырапшылдық туралы: «Бір уыс мақта».

Еңбексүйгіштік туралы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады?», «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала».

Өнер, білім, талапшылдық туралы: «Талаптың пайдасы», «Зеректік», «Білгеннің пайдасы», «Лұқпан хакім».

Slide 14

Аудармалары:

И. Б. Паульсоннан: «Бір уыс мақта», «Алтын шеттеуік», «Әдеп», «Тәкаппарлық».

Л. Н. Толстойдан: «Силинчи ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас».

К. Д. Ушинскийден: «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға».

И. В. Крыловтан: «Қайырымды түлкі».

Ыбырай Алтынсарин туралы қазақ ақын-жазушыларының көптеген шығармаларыбар. Соның бірі - Ғафу Қайырбековтің «Дала қоңырауы» поэмасы.

Slide 15 Slide 16

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасы Ғабитханнан сауатын ашқан Абайды он жасында әкесі - тобықты руының ағасұлтаны Құнанбай - Семейге оқуға жіберген. Абай әуелі Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқыған. Медреседе мұсылманша оқуды, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген Абай орысша білім алуға ден қойып, медресенің соңғы жылындаСемейдегі «Проходская школаға» түсіп, үш ай орысша оқыған. Бұл - Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында әкесі Абайды оқудан шығарып алып, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел ісіне араласу Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпын терең танып-білуіне жол ашады. А. Құнанбаев өнер-білім жолындағы білімін өз бетімен іздену арқылы дамытып, орысша кітаптар оқыған. Семей кітапханасына барып Л. Толстойдың кітабын сұрап тұрған қазақты көріп таңырқаған, Петербург университетінде оқып жүргенде патша үкіметіне жақпайтын іс-әрекеттері үшін жер аударылған Е. П. Михаэлиспен танысады. Михаэлистің көмегімен Абай орыс, батыс әдебиеттерін іріктеп, жүйе-жүйемен оқып, ой-санасы жетілген Абай: «Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис», - деген. Ақынның 1882 жылы жазған «Қансонарда бүркітші шығады аңға»және Лермонтовтан аударған «Бородино» өлеңдері - Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан көркемдігі жоғары туындылар. Абай бұл уақытқа дейін жазған өлеңдерін досы Көкбайдың атынан «Көкбай сөздері» деп шығарған. Абай өз кезінде қоғамдағы әр түрлі мәселелерге қалам тартқан. Абайдың туындыларын төмендегідей топтап көрсетуге болады.

Slide 17

Өлеңдері:

Сөз өнері жайлы өлеңдері: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».

Оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге».

Табиғат лирикасына арналған өлеңдері: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып».

Әлеуметтік мәселелерге арналған өлеңдері: «Сегіз аяқ», «Болыс болдым мінеки», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Мәз болады болысың». «Өлсем орным - қара жер, сыз болмай ма?», «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек», «Бойы бұлғаң», «Малға достың мұңы жоқ», «Ал, сенейін, сенейін».

Ән өнері туралы өлеңдері: «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».

Көңіл күй тақырыбындағы өлеңдері: «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы».

Slide 18

Поэмалары:

«Ескендір» поэмасы - зұлымдықты ізгілік, жамандықты жақсылық, жауыздықты әділдік жеңеді деген идеяға құрылған.

«Масғұт» поэмасы - тіршіліктің тұтқасы ақыл мен білім, ақылды адам азбайтындығы, әйел адамды құрметтеу, ер мен әйелдің достығын, әйелдің теңдігін жақтау идеясын насихаттаған.

«Әзім әңгімесі» (аяқталмаған) - «Мың бір түн» ертегісінің негізінде жазылған. Адамдарды алдап жүрген алаяқтың аярлық мінезі сыналған.

Аудармалары:

А. С. Пушкиннен: «Евгений Онегин» романынан Онегин мен Татьяна арасындағы хаттардансегіз үзінді.


Ұқсас жұмыстар
Томас Гоббс (1588-1679 жж. )
Абай философиясы
Қазақ философия тарихының негізгі бағыттары
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ ЖАҢА ЗАМАН
Қазақ философиясы
Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы
Үңгір елестері
Денелер материяның туындысы
Француз энциклопедияшылары
АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz