Электронды тахеометр
Презентация қосу
Тақырыбы:Электронды тахеометр
Кіріспе
Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды жоғарғы
технологиялардың өнімі деп айтуға болады. Оның құрамына соңғы
жетілдірілген электроника, дәл механика, оптика, т.б. ғылымдар кіреді.
Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеометриялық жүйелер
– жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция – Германия), LEICA
(Швейцария), NIKON, SOKKIA TОPCON (Жапония), PENTAX,
TRIMBLE/ SPECTRA/ PRECISION (АҚШ), УОМЗ (Ресей) жатады.
Осы аталған жетекші фирмалар жүзден астам электронды
тахеометрлердің моделін модификацияларын және 2008 ж. LEICA
(Швейцария) электронды тахеометр мен жер серігі қабылда ғышыны ң
қосылған роботталған түрін жасап шығарды.
Тарихы
Егер 1960 жылға дейін геодезиялық аспаптар қарқынды дамыса, оны ң негізіне XIX ғ.
соңында жасалған физикалы қ принциптерді атап өтуге болады. Я ғни, со ңғы 30 жылда
микроэлектрониканың дамуы ХХ ғ. ең ерекше белгісі болып, геодезиялы қ ж ұмыстарда жа ңа
бағыттардың басталуына жол ашты.
1990 жылдардың басында, электронды тахеометрлерді ң даму принципіні ң негізі
қаланды. Қазіргі электронды тахеометр оптикалы қ аспаптар сия қты б ұрыштарды ж әне белгіге
дейінгі ара қашықты өлшейді. Өлшеу дәлдігін, өлшеу б ұрыштарды ң блоктары немесе модульдер
не компенсатор модульдері анықтайды. Д әлдік туралы айтатын болса қ, онда б ұрышты қ өлшеулер
талап бойынша 1”-пен шектеледі. Ал сызы қты қ қателер, өлшеу ж үйелеріне байланысты емес.
Өйткені оған сыртқы орта әсер етеді. Егер дәлдік туралы айтатын болса қ, онда б ұрышты қ
өлшеулер 1" дәлдігінде шектеледі, ал 1mm+1ppm сызы қты қ болады. Б ұл қателік е ң бірінші, өлшеу
жүйелерінің техникалық және қоршаған орта әсеріне байланысты. Өндірушілер сипаттамасы
бойынша ең жоғарғы дәлділік жай жұмыстарда қоршаған ортаны ң әсерінен, орталандыру мен
келтіру қателіктерінің әсерінен, мүмкін болмайды. Жай тахеометрлердің б ұрышты қ өлшеу д әлдігі
5 – 6 , ал сызықтық өлшеу үшін 3мм+3ррm болады. Тахеометрмен өлшеу қашы қты ғы 500–1000 м-
ден аспауына қарамай, кейде одан да алыс қашы қты қты қтарды өлшеуге тура келеді. Сонды қтан
қазір дәлдігі 2мм+2ppm 3000–4000 м қашы қты қты алатын қашы қты қ өлшеуіш, е ң н әтижелісі
болып есептеледі. Бұл параметрлер болашақта барлы қ тахеометрлер үшін стандарт болуы керек
Электронды тахеометрлер
Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара
қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық –
оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын
жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті
призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі
автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды
өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты
жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу
аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол
дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру
жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу
қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-
ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің, автоматты түрде есепке
алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау
құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Оның түнде жұмыс істеуге
арналған жабдығы бар. Ол цифрлық таблоға берілетін жедел ақпарат пен жадтағы
жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және
орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады:
- жәй электронды тахеометр;
-орташа класты электронды тахеометрлер;
-сервожетекпен жабдықталған (роботталған)
тахеометрлер.
Жәй электронды тахеометр – бұл аспап,
дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді (ара қашықтық,
өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар.
Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады.
Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі 5”–6”, ал
ара қашықтықтікі 3–5 мм құрайды. Бір призма
бойынша ара қашықтықты өлшеу, 1100-1500 м
құрайды.
Екінші типті электронды тахеометрлерге – орташа класты аспаптар
жатады (Leica, Nikon, Trimble). Б ұл тахеометрлер ж әй тахеометрлерге
қарағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлы қ геодезиялы қ
жұмыстарды (геодезиялық тораптарды дамыту, өлшеулер ж әне қа ғаздан
жерге түсіру, координаталау тапсырмаларын шешу: тура ж әне кері
геодезиялық есептерді ауданды есептеуді, қиылыстыруды шешу) орындау ға
қатысты есептеу программасымен қамтылған. Б ұл аспаптарды ң б ұрышты қ
қателігі, кластық дәлдікке байланысты 1 -тан 5 - қа дейінгі аралы қты
құрайды.
Тахеометрлердің үшінші типіне – севрожетекпен (сервопривод)
қамтылған роботталған тахеометрлерді жат қызу ға болады. Б ұл аспаптар
арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер ж үргізе алады.
Сонымен қатар, бұл аспап қашықтықтан басқарылатын ( өлшенетін н үктеден
тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Я ғни, бір адам ғана ж ұмыс істейді.
Мұндай өлшеу жұмыстары ж ұмыс өнімділігін 80%- ға дейін арттырады.
Trimble фирмасының
тахеометрі
Американдық Trimble
фирмасы өзінің заманға сай
геодезиялық аспаптарын
жылдан жылға жаңартуда.
Солардың ішінде Trimble
3600 DR TCU, 5600 DR
TCU және Trimble S6,
Trimble M3 аспаптарының
жаңа технологияларын
айтуға болады.
Trimble S6
Trimble S6 аспаптарының жаңа
технологиялары
Жаңа геодезиялық өлшеу технологиялары
Trimble SPS610 және SPS710 электронды
тахеометрлерінің серияларында іске
асырылып, бұл аспаптардың өнімділігін
арттырды (67-сурет). Бұл сериядағы
аспаптар үш модификацияда Servo, Autolock
және Robotic шығарылған. Электронды
тахеометрлердің жұмыс істеу технологиясы
үш бағытта бөлінген:
- MagDrive сервотехнологиясы;
- MuliTtrack технологиясы;
- SurеPoint технологиясы.
Trimble 3303 DR/3305 DR тахеометрі
Trimble 3303 DR лазерлі көрсеткішпен қамтамасыз етілген. Ол к өру т үтікшесінде құрылып,
жіптің ортасында жобаланған. Бұл ерекшелік – түсіріс кезінде нашар жары қ берілетін ж әне
ғимарат ішіндегі жұмыстарды орындауға ы ңғайлы.
Тахеометрдің техникалық сипаттамасы;
-бұрыштарды өлшеу дәлдігі: 3";
-ара қашықтықты өлшеу дәлдігі: 3мм+2мм/км (сәулесіз);
-призма бойынша 2мм+2мм/км бір призма бойынша 3000 м);
-1900 нүктеге дейінгі жад;
-біржақты дисплей;
-орысшаланған .
Trimble 3303 DR-дің негізгі ерекшеліктері:
-жетілдірілген программалық қамтамасыз етілуі: топография үшін, таби ғат қа шы ғару,
геометриялық координаталар есептерін шешуге арналған қосымша;
-қашықтық өлшеуіш стандартты режімде призмаға өлшегенде, сол сияқты бейнесіз режімде
жұмыс істейді;
-сәулесіз бейне режімін қосқанда, к өрінетін лазерлі к өрсеткіш қосылады. Лазерлі
көрсеткіштен көру дүрбісіне қарау қажеттігі жоқ. Бұл әдіспен өлшеу – қараңғыда не
туннельде өлшегенде ыңғайлы;
-сәулесіз режім (DR)
Trimble 3303DR тахеометрі с әулесіз
қашықтық өлшеуішпен шығарылады. К өбінесе
сәулесіз қашықтық өлшеуіштер жұмысты
жеңілдетіп, жай қашықтық өлшеуіштің
көмегімен, қиын түсірілетін объектілерден есеп
алуға көмектеседі. Мысалы, ауадағы электр
бергіш сымдарды, туннельдерді, к өпірлердегі
ғимарат фасаттарын, карьерлер мен жолдарды
түсіруде ерекше маңызы бар. Электронды
тахеометр Trimble 303 DR лазерлі к өрсеткішпен
қамтамасыз етілген. Ол к өру д үрбісі
ортасының жіптер жүйесінде жобаланған. Б ұл
ерекшелік – түсірісті қараңғы жерде және
бөлменің ішінде түсіруге қолайлы.
Ал Trimble 3300 DR тахеометрі Ресей
үшін арнайы Exctrime модификациясында
шығарылады. Ол аспап төменгі температурада
пайдалануға мүмкіндік береді (-35ºС-тан +50ºС-
қа дейін).
Trimble фирмасының жаңа механикалық 3600 сериясының «High-End
Total Station» Trimble 3603 / 3605 тахеометрлері.
Бұрыштық дәлдігі:
-3”және 5”;
-қабылдағыш контроллермен жабдықталған ;
-trimble CU и Geodimetr. қашықтықты өлшеу ж үйесі:
-қос EDM - IR және DR; фазалы қ салыстыру әдісін қолданады;
-3mm + 2ppm;
-ара қашықтықты өлшеу мөлшері 2500 м.
Шағылдырғыш құралысыз өлшеуге болатын м үмкіндіктер:
-ғимараттарды өлшеу;
-Құрылыстың іші және сырты;
Көпір;
-Туннель;
-Жол;
-Темір жолдар;
-Қол жетпейтін нысаналар ;
-Шахта және карьер;
-Бір адамның басқаруына мүмкіндік.
Trimble фирмасының 3600 сериясының Trimble CU арнайы
Arctic моделі және «High-End Total Station» тахеометрі
Сонымен қатар, суық клитматқа
арналған электронды тахеометрлер
жасап шығарылуда, оларға; Trimble
3603 (3'') ArcticTS, DR EDM, 3-P tribr,
w/ Trackl, OpPl, Trimble CU Kit, SC
SW; Trimble 3605 (5'') ArcticTS, DR
EDM, 3-P tribr, w/ Trackl, OpPl, Trimble
CU Kit, SC SW жатады.
Жылдам әрі шексіз айналатын
бұрандалар:
-дәл бағыттайтын жылдам
бұрандалар;
-горизонталь және вертикаль бағытқа
арналған бір осьтегі бұрандалар;
-лазерлік немесе оптикалық тіктеуіш.
Trimble 5600 Servo сериясының – базалық моделі.
-Бұрыштық қателігі 3”-5” құрайды, басқа да контроллерлермен TCU, GDM, TSC2
жинақталып жұмыс істеуге бейімделген. Экраны түрлі-түсті графикамен жабдықталған.
Ерекшеліктері:
-шексіз дәл бағыттау;
-4 бұранда орнына – 2;
-аспаптың 4 айналу жылдамдығы;
-бөлу кезіндегі автоматты позиционирлеу;
-эргономикалық қолайлылығы;
-жұмыс істеу өнімділігі 30% жоғарылатылған.
Жұмыс істеу тәртібі
Аспаппен жұмыс істер алдында батареяны зарядтап, оны ң ж ұмыс істеу
қызметін, жад картасының көлемі мен оны ң батареясын тексеру қажет.
Тахеометрде өлшенген горизонталь бұрыш м әндеріні ң коллимациялы қ
қателігіне түзетулер, автоматты түрде енгізіледі. Оны ң м әні тахеометрді ң
қателіктерін анықтау процесінде аны қталып, тахеометр жадында т үзету
мәндерін анықтауға дейін сақталады.
Өлшеулер кезінде вертикаль осьтің к өлбеу б ұрышын ескеріп, автоматты
түрде вертикаль осьтің көлбеулігіне түзету енгізіледі. Жер қисы қты ғы ж әне
рефракцияға түзетулер автоматты түрде енгізіледі (К=0.13). Лимбті ң айналу
жылдамдығына байланысты бұрыш датчиктері шектелген. Сонды қтан, к өру
дүрбісінің максималь айналу жылдамдығы мен тахеометрді ң айналу
жылдамдығы горизонталь жылдамды қта бір айналу/с-нан аспауы тиіс.
Тахеометрмен жұмыс істеу кезінде батарея кернеуін үнемі тексеріп отыр ған
жөн. Ток кернеуі 6,5В- тан төмен кезде, дисплейде “аккумуляторды ң
разрядталуы” деген дерекпен сигнал дыбысы шы ғады. Осы деректен кейін
тахеометрмен жұмыс істеу мүмкін емес. Ж ұмысты жал ғастыру үшін
тахеометрдің ток көзін ауыстыру қажет.
Көру дүрбісінің жіптік торын түзету, тексеру
Тахеометрді орнатқаннан кейін аспаптан 20–50 м аралықта бір
призмалы жарық шағылдырғыш құралын орнату керек. Содан кейін
өлшеу режімін нысанаға дәлдеп, тахеометрдің көру дүрбісін жарық
шағылдырғыштың центріне дәлдеу керек. Вертикаль жетекші
винтімен көру дүрбісін жоғары қарай сигнал деңгейі төмендегенше
жылжытады. Ал призма центріне қатысты жіп торы қиылысын
қатырып, содан кейін сол сияқты сигнал деңгейіне дейін көру
дүрбісін төмен жылжытып, жіп торын призма центріне қатысты бекіту
керек. Егер көру дүрбісінің көлбеу бұрышы дүрбіні төмен және
жоғары апарғанда тең болса, онда вертикаль жазықтықта жіптік
торды түзету дұрыс орындалғаны.
Коллиматорлы көздегішті тексеру
Тексеруді маркамен 50м ара қашықтықта орындау қажет.
Көру дүрбісін коллиматорлық көздегіш бойынша марканы ң
жоғарғы белгісіне бағыттап, марканың төменгі жағының белгі
көрінісінің ауытқуын бағалау қажет. Егер марка белгісі к өру
дүрбісінің жіптік торымен 1/4 сәйкес келмесе, к өздегішті
бекіту бұрандасымен сәл босатады. Содан со ң к өру д үрбісін
марканың төменгі белгісіне бағыттап, көздегішті горизонталь
жазықтықта жіптік тордың қиылысымен сәйкес келгенше
жылжытады. Бекіту бұрандаларын қатайту кезінде к өздегіш
жіптік торының горизонталь штрихының марка қиылысу
белгісімен дәл келуін бақылау керек. Тахеометрдің к өру
дүрбісін зенит арқылы 1800 -қа айналдырып, екінші
көздегішті тексеру қажет.
Майлау
Жалпы тахеометр майлауды көп қажет етпейді. Тахеометр
осьтерін қажет жағдайларда жылдам және үздіксіз
қолданғанда пайдаланады. Тахеометрді төменгі температурада
қолдану кезінде майы қоюланып, майлау қажеттілігі 20С
температурада болады. Тахеометр осьтеріні ң майлануы
зертханада жасалуы қажет.
Горизонталь осі қатты жүрсе, тахеометрді шашпай ж өндеуге
болады. Ол үшін тахеометрді қырынан қойып,осьтеріне 1-2
тамшы май тамызады. Содан кейін оны екінші қырына
жатқызып, осьтің екінші жартысын майлады. Көру дүрбісін
бірнеше рет айналдырады. Егер майланғаннан кейін н әтижесіз
болса, онда арнайы зертханада тазалап майлайды. Майлау
кезінде аспап кешеніндегі маймен майлаған дұрыс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz