Иіс және дәм сезу Мүшелері




Презентация қосу
ИІС ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ МҮШЕЛЕРІ

Орындаған: Карагатеева К. 21 мс
тобы
Жоспар:

I. Иіс сезу мүшелері
II. Иіс талдағышы
III. Иіс сезу механизмі
IV. Иіс сезу типтері
V. Иіс сезудің маңызы
VI. Дәм Сезу Мүшелері
VII.Дәм талдағышы
VIII.Қабылдағыштар
IX. Дәм сезудің мидағы реттелуі
ИІС СЕЗУ МҮШЕЛЕРІ

Иіс сезу мүшелері – адамның және
жануарлардың иіс қабылдайтын
органы. Иіс сезу мүшелері иіс сезу
шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу
клеткаларынан тұрады.
Омыртқасыз жануарларда иіс сезу
мүшелері эктодермадан дамиды
және олардың әр жерінде жеке не
топтанған клетка түрінде болады.
Кейбір буынаяқтыларда
шоғырланған ұзын не қысқа
талшықтары бар көп клеткалы
өсінді түрінде болады.
Адамдарда иіс сезу мүшелері мұрын
қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни
жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын
қалқасының жоғасыр бөлігінде
орналасқан. Заттардың иісі ауамен
бірге мұрын қуысына еніп, иіс сезу
мүшелерінің иіс сезетін, жүйке
клеткаларынан түзілген
рецепторларда қабылданады. Бұл
клеткалардың орт. өсінділері
бассүйектің тор сүйегі арқылы миға
өтетін 15 – 20 иіс сезу жүйкелерін
құрайды. Мидың ілгек деп аталатын
бөлігінде иіс сезу мүшелерінің
(анализаторының) орталығы
орналасқан. Осы орталықта әр түрлі
иістер саналы түрде қабылданады.
Иіс талдағышы
Иіс сезу жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңістігінде
орналасқан. Олардың ауданы шамамен 5-8 см2. Иіс беткей тінінің
қалыңдығы 100-150 мкм олардың тірек жасушаларының арасына
диаметрі 5-6мкм иіс қабылдақыштары жалғасады. Адамдарда иіс
сезгіштердің жалпы саны 10-20 млн-ға жетеді.Әрбір қабылда ғыш
ұзындығы 10 мкм 6-12 жіңішке кірпіешелері шығып тұратын, иіс
буылтығымен аяқталады. Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің
қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді.
ИІС СЕЗУ МЕХАНИЗМІ
Бұл сезімнің рецепторы иіс сезу мембранасында орналас қан,ол
мұрынның тынысалу жолын қаптайды.Бұл мембранада иіс сезу
жасушалары орналасқан,ол иіс сезуге маманданған.Иіс сезу
жасушалары ұзарған,олардың бос ұшында иіс сезу
кірпікшелері бар,мұрынның шырышты қабатында орналас қан.
ИІС СЕЗУ МЕХАНИЗМІ

Ауадағы ұшқыш молекулалар
кірпікшелердің шекарасына жанасқанда
жасушада нервті импульс п.б. Басқа ұшынан
иіс сезу клеткаларына жіңішке нерв тіндері
жалғасады. Одан үлкен ми жарты шарына
хабар жеткізетін нервтер орналасқан.
Иіс сезу типтері

Хош иісті заттап бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі
қабықшасында орналасқан маманданған белоктармен
әрекеттеседі.
Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электор
көрсеткішін электроольфактограмма деп атайды.Ол иісті зат
аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып,бірнеше
секундқа созылатын шайқалу Тербелісі 10мВ монофазалық
теріс толқыннан тұрады.
Ауа неғұрлым таза болса,иіс талдағышының сезімталдығы
соғұрлым жоғары болады.
Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын заттың ең аз мөлшерін
оның табалдырығы деп атайды.
Иіс қоспалары әртүрлі түйсініледі.Кейде бірнеше иіс
қосылып,жаңа бір иіс түйсігін тудырады немесе әрбір иіс жеке
қабылданып, тұтас сезім құрайды,не болмаса иіс түйсіктері
кезектесіп алмасады.
Иіс түйсінудең кең таралған қағидаларының бірі-
стереохимиялық теория.Бұл теория бойынша,заттың
иісі оның құрамындағы бөлшектердің мөлшері,пішіні
және көлемімен айқындалады.
Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған тежелген
жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді.
Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш
талшықтары алмаспайды,яғни мидың қарсы
сыңарына ауыспайды.
Иіс сезудегі сезімталдықтың төмендеуі, ажырату
табалдырығының өсуі-гипосмия.
Жойылуы-аносмия.
Иісті теріс түйсіну-паросмия деп аталады.
Белгілі бір иіс тітіркендіргіштері болма ған жа ғдайда да
жалған түйсік-иллюзия мен галюцинация п.б.м.
Иіс сезудің маңызы

Иіс талдағышының маңызы өте зор.Адам бірнеше
мың әртүрлі заттардың иісін ажырата алады.
Иіс сезу қабілеті адамда 3-4 есе артық болады.Иісті
заттың бір молекуласы бір қабылдағышты
қоздырады,ал бірнеше қабылдығыштағы қозу түйсік
туғызады.
ДӘМ СЕЗУ МҮШЕЛЕРІ
Дәм талдағышы

Дәм сезу жүйесі ауыз Дәм сезу жүйесі ауыз
қуысына түскен қуысына түскен тағамның
тағамның сипатын сипатын мөлшерін және
мөлшерін және түрін түрін анықтап,организмнің
анықтап,организмнің
тіршілігін,зат тіршілігін,зат
алмасуын,сыртқы ортаға алмасуын,сыртқы ортаға
бейімделісін қамтамасыз бейімделісін қамтамасыз
етеді. етеді.
Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу баданасы
болады.Олардың әрбірнуі 8-12 қабылдағыш және тірек
жасушаларынан тұрады.
Дәм баданалары тіл емізікшелерінде
орналасады.Бұларды емізікшелер арасында ғы бездерді ң
сөлі шайып отырады.
Дәм сезу баданасының пішіні сауытша
тәрізді,ұзындығы мен ені шамамен 70мкм, төбесінде
тесігі болады.
Қабылдағыштар

Қабылдағыштардың
ұзындығы 10-20 мкм, ені
3-4 мкм,олардың ұшқары
жері өте сезімтал 30-40
шағын түктерден
тұрады.Демеуші заттар
дәм сезуші жасушаларға
бадананың тесіктері
арқылы өтеді.
Дәм сезудің мидағы реттелуі
Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары
шығып,тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкенің
құрамында сопақша мидың жалқы будасына
келеді.Бұлардан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмекті ң
құрамында таламусқа жетеді.Одан ми қыртысының дәм
сезетін аймағына келетін,үшінші нейрон басталады.
Дәм сезу аймағы

Дәм қабылдағыштары төрт
түрлі дәмді сезеді: тәтті, ащы,
қышқыл, тұзды.
Тілдің түбінде ащыны
Тілдің ұшы тәттіні
Тілдің бүірілерінде
қышқылды және тұзды
сезетін қабылдағыштары
орналасқан.
Дәм сезудің потологиясы
Жас ұлғайған сайын ажырату сезімталдығы
кемиді.Дәрі қабылдау, темекі шегу дәм
сезімталдығын төмендетеді.
Дәм сезудің жойылуы- агевзия
Дәм сезудің кемуі- гипогевзия
Дәм сезудің қалыптан тысқа әуес болушылық
-парагевзия деп аталады.

Ұқсас жұмыстар
Көру сезу
Дәм сезу мүшесі
Иіс сезу мүшесі
Көз жас мүшелері
Есту мүшесі
Сезім және басқа сенсорлық түйсік
Көру анализаторы
Тері туйсіктері
Сезім мүшелері
Есту мүшелері
Пәндер